Дым баға бермес едім. Өз басымнан талай өткен. Апталап әне-міне жазамын деп жүргенде, уақыт өтіп кетіп, 10 минут қалғанда бірдеме шимайлай салу. Түсінуге болады.
Жалпы, кітап оқу мәдениеті онша қалыптаспаған халықпыз. Мұғалімнің өзі қанша кітап оқыған екен. 60-70 кітапты қиналмай еске түсіріп, ішінен біреуін ұнататынын айтса — мархабат. Ал, оқығаны — он шақты кітап, оның жартысы кітап деуге келмейтін форматтағы бықым-сықым болса, бұндай тапсырма талап етуі, нәтижесінде біреуі ғана анадай нәрсе жазса, ренжумен аяқталмауы керек. Қойған бағаға қарағанда. Педагогтардың өздеріне тікелей байланысты, қысқасы. Сол ортада жүргесін, талайын көріп жүрм.
енді андай педдагог емеспін. ақша үшін, керек болса, маймылдарды да сөйлетіп, есеп шығарта алам десем дұрысырақ болады керек емес. рубин деп айтып жынымды келтіретін бір сестренка бар, онсыз да.
Шынын айтсам, біраз кітаптың басын қайырыппын. Бірақ, ұнайтын кітап десе нақты айта алмайды екенмін. ӘР кітаптың өз орны, өзіндік бағасы бар. Ілияс Есенберлиннің тарихи кітаптарын бір-бірінен бөліп қарай алмайды екенмін. Мен бұл балаға баға қоймай, керісінше бір жақсы кітапты оқуға кеңес берер едім.
Кітап оқығыштық деңгейін қанша кітап оқыдың деген сұрақпен емес, жылына қанша кітап оқисың? Немесе соңғы айда қанша кітап оқыдың деген сұрақпен өлшейді деп ойлаймын.
Жасасын БАҒА! Жарайсың, баланың сабаққа дайындалуы мұғалімнің 50 пайызын көрсетеді. 2-нің бірі балаға, бірі мұғалімге, мұғалім бағаны дұрыс қойған екен.
Негізі идея үшін 5 қояр едім. Ал мазмұн үшін 2. Идея тарқатылмаған. Егер, автор «Менің сүйікті кітабым жоқ. Өйткені...» деп жалғастырғанда әлдеқайда қызығырақ болар еді.
Мүмкін бұл бала тап сіз ойлағандай тым жеңіл емес шығар. Мүмкін оқитын шығар. Оқығаны көңілінен шықпайтын шығар. Мүмкін барлық ақиқат, барлық өтірік, барлық өмір кітапта жазылып қойғанына налитын шығар. Мүмкін өзі жазғысы келетін шығар. Әлде тіпті оқыған кітабының бәрі ұнап, олардың ішінен сүйіктісін таңдай алмаған шығар. Шығар көп қой…
Сол баға деген бәлені қойғанда қиналатынмды қойсаңшы, негізі класта 3 маңдайына жазылған, 4 және 5 маңдайына жазылған балалар болады, мына қағазға 2 қойсаңда 5 қойсаңда ештеңені шешпейді, бастысы журналға түсетін баға, егер бұған шыныңды айтқаның үшін деп 4 қойып берсең, оқушылардың ішіндегі пысықайлар ата-аналарына өсек тарата бастайды, бәлен мұғалім бәленге түк жазбасада 4 қойып берді ал маған 3, содан ата-анасы келеді әлгі 3 қойғакн баланың, түсіндіріп көр оған неге қойғаныңды өзіңді жарымес етіп шығарады, сондықтан мұғалімдерді де түсінуге болады.
таңдалған тақырыбы мұғалімнің жартылай дебилдігін көрсетеді. қойған бағасы да жартылай дебилдіктің белгісі. екі жарты — бір бүтін. мұғалім толық дебил.
Бұндай оқиға біздің бала кезімізде де болып еді. Кластағы Балдырған деген қыз «Менің досым» деген шығармаға «Менің досым жоқ» деп жазғаны үшін екі алған болатын
Ол баланың досы анасы болар бәлкім. Немесе иті, мысығы. Әйтеуір, жалғыз адам болмайды. Тыныштықты да дос көретіндер бар. Оны да айтуға болады. Қысқасы, Марконың стиліне кетіп қалдым
Тақырыбының өзi дұрыс емес. Бала шынын айтты. Қазақ шығармашылығын қотарып оқысам да, сүйiктi кiтабым жоқ екен. Ұнайтыны, тәнтi қылатыны кө-ө-өп. Но ол сүйiктi деген сөз емес. Мұғалiмiнiң өзi тақырыпты дұрыс қоя алмаған. Так что ана баға мұғалiмнiң өзiне қойылған баға.
Генрих Боровиктің «Пролог» деген кітабында бір қызық мысал бар осыған байланысты. Америка мектептерінде оқушыларға шығарма жазуға мынадай тар тақырыптар берілмей екен. Яғни сұрақ қойылмайды. Тек ұғымдар беріледі. Ол ағаш, отбасы, кітап т.с.с болуы мүмкін. Осыдан кейін баланың қиялы жұмыс істей бастайды.
Біз мұндай шығармаларды 7-8 сыныпта жазғанбыз. Бірақ ол кісі оқу ісінің меңгерушісі болып кетті де, қазақ тілінен басқа мұғалім бере бастады. Мұндай әдіс шынымен де қызықты. Әркім әр жаққа тартады. Оқығанда қызық. Біреудікін көшіру деген болмайды да.
Өмірінде бір кітап оқымаған адамдарға бұрын таң қалатынмын. Бір кітап оқымаса да (туысқан бір сіңлімді айтам) бір отбасының ұйытқысы, 4 баланың анасы болып отыр. Сол сіңлімді қазір таң қалмай-ақ түсіне бастаған сыңайлымын)))) Ал тақырыпқа келсек, бала енді турасын айтқаны үшін ұстаз болсам 4 қояр едім. Бір рет студент кезімде әдебиет сабағынан берген тапсырманы оқымай барғам. Содан ағай жазбаша блок алған кезде кішкене записка жазып жібергем. «Ағай, түк көңіл-күйім болмай жүр, келесі жолы оқып келуге уәде берем. Жаттанды сөздерді жазып, сізге өтірік көлгірсігім келмеді» деп. Общм, екі қоймай-ақ қойшы, деген намек қой. Ағай түсінігі мол адам еді, «4» қойыпты.
Дым баға бермес едім. Өз басымнан талай өткен. Апталап әне-міне жазамын деп жүргенде, уақыт өтіп кетіп, 10 минут қалғанда бірдеме шимайлай салу. Түсінуге болады.
Жалпы, кітап оқу мәдениеті онша қалыптаспаған халықпыз. Мұғалімнің өзі қанша кітап оқыған екен. 60-70 кітапты қиналмай еске түсіріп, ішінен біреуін ұнататынын айтса — мархабат. Ал, оқығаны — он шақты кітап, оның жартысы кітап деуге келмейтін форматтағы бықым-сықым болса, бұндай тапсырма талап етуі, нәтижесінде біреуі ғана анадай нәрсе жазса, ренжумен аяқталмауы керек. Қойған бағаға қарағанда. Педагогтардың өздеріне тікелей байланысты, қысқасы. Сол ортада жүргесін, талайын көріп жүрм.
сіздің никті көрсем, неге кенін білмим, рубин дегім кеп тұратпедагогсыз ба?керек емес. рубин деп айтып жынымды келтіретін бір сестренка бар, онсыз да.менің никімді тЫлпан десеңіз айтам сонда сіздің шын атыңыз Рубен кен ғой? қандай ник алған деп деп жүрсемКітап оқығыштық деңгейін қанша кітап оқыдың деген сұрақпен емес, жылына қанша кітап оқисың? Немесе соңғы айда қанша кітап оқыдың деген сұрақпен өлшейді деп ойлаймын.