Фотокуә. Білім мейрамы

Блог - bake: Фотокуә. Білім мейрамы
2004 ж. суреттің цифрлы көшірмесін сканерде жасағанда -қағаздағы суреттің түпнұсқасының элементтері құрама бөліктерге сапалы жіктеліпті. Сол кезде компьютер экранында суреттің ұсақ детальдері анық көрінді. Түстерді сәл өңдедім. Жалпы фотосурет туралы не білемін? 1927 ж түсірілген (сол тұста жасалған фотосурет дейік). Фотосуретте кімдер? Жауабы белгілі:
-Мектеп алдында тұрған мұғалім(дер) және оқушылар. Алғашында, бірден назарыма түскен сурет элементі. Сол жақ жоғарғы жағында орналасқан араб графикасының негізінде жазылған жазу. Жазудың мазмұны қандай?
1900-1940 жылдың арасында қағаз бетінд тілді түсіруге кемінде үш әдіс қолданған. Бұған дейін осы жайтқа ешқандай мән бермеппін. Қолға нағыз фотоайғақ түсіпті. Яғни, 1927 жылдың төңірегінде тілді қағазға түсу үшін араб графикасы қолданған. Жазғаным жаңалық емес шығар. Бірақ, осы мектептің кейіннен тастан қаланып, оны қоймаға айналдырған ғимаратты көзбен көрдім десем ше? Тарихтан ауылды жерде мектеп болғанын білеміз. Нақты қайсы жерде, нешеуі және алғашқы мұғалім кім болған?
Кейбір сұрақтарды шешкенге тек архив құжаттары көмектеседі. Ол заманда да бір мұғалімді екі мектеп тарихынан көреміз. Осы жерде кейбір жайттар көңіл аудартады. Өскеменде орналасқан қазіргі Жамбыл гимназиясынан бұрын ашылған қазақ мектебі болған-ды мыс? Негізін кім қалады?
Таласты тарихшыларға қалдырайық. Суретті қарастырғанда нені байқадым?
1) Жазудың мазмұны.
Блог - bake: Фотокуә. Білім мейрамы
Тек жеке әріптерді таныдым. Оңнан солға қарай «б», «і» немесе «н», «л», одан кейін «м» әріпі. Әр түрлі алфавитте тілдің жазылуымен таныс мамандар көңілдерінді аударыңдар. Пікірлеріңді күтемін.
2) Фотосурет түсірілген жылдың мезгілі. Күз болуы әбден мүмкін. 1927 жылы қазіргі бірінші қыркүйектегідей барлық жерде оқу жылы бірдей басталмаған. Көктем болса балалардың көбісі аяқ киім киер еді. Көбісінде аяқ киім жоқ. Бір аяқ киім үлгісін байқадым. Яғни, бәтеңкені (ШҚО климаты жыл бойы жалаңаяқ жүргізбейді).
Блог - bake: Фотокуә. Білім мейрамы
3) Фотосуретте баласымен түскен әке бар. Ортаңғы қатарда, сол жақта бала қасында әкесі отырған сыңайлы. Бастың, құлақтың, көздің ұқсастықтары бар.
Блог - bake: Фотокуә. Білім мейрамы
4) Фотосурет ауылды жерде, әлде қалалы жерде түсірілді ме?
Менің ойымша ауылды жерде. Бірақ нақты айту қиын. Қала тұрғындарыда дәл фотосуреттегідей киінуі де мүмкін. Фотосуретті тапқан тарихшының айтуынша ауылды жер. Сіздер қалай ойласыздар?
5) Бір киім үлгісіне сай киінуге тырысқандары көрініп тұр. Әдейлеп киініп келді десем де қателеспеймін. Барлығы жағалы киім киген. Көбісінде костюм, шалбар. Ақ көйлек. Оң жағында отырған оқушының сырт киімінің тозығы жетіпті. Форма сақтамаған балалар заман туралы басқа мағлұмат береді.
6) Фотосурет түскен күні мектепте сабақ болды ма?
Меніңше сабақ болды. Оң жақта жантайып жатқан баланың қолында оралған дәптер парақтарына ұқсас зат ұстапты. Бір оқушы қыздың қолында анық кітап немесе дәптер, парақ салатын қатты тысты көреміз.
7) Фотосуретте оқушылардың ұстаздары қайда тұр?
Үстінгі қатарда үш азамат, ортаңғысы ең көрнекі жерде орналасқаны мектептің негізгі ұстазы десем қателеспеймін. Мүмкін ортадағы азамат мектептің жалғыз ұстазы шығар.
8) Киімдегі сән үлгісі байқалды. Сол жақта жантайып жатқан бала ұсақ шақпақпен гүлдеген матадан тігілген жейде киіпті. Басында ақ фуражка. Шалбар балағы сыртқа бүріліпті. Жалпы, мата түстері және матадағы суреттер әр түрлі.

Көп қарап, ойланғаннан болар. Қара-ақ түстер түрлі-түстке ауысып, кинолентаға түсірілген деректі фильм үзінділеріндей қатып қалған суретке қас-қағым сәтке жан бітті. Мектеп алдында тұрған мұғалім, оның оқушылары мектеп ішіне кіріп сабақтарын жалғастырды. Қалғандары өз істерімен тарқады. Осындай басы, аяғы жоқ деректі фильм. Оның кейіпкерлерін әлі алда отызыншы жылдар, Ұлы Отан соғысы, тылдағы еңбек, тың игеру күтіп тұрған-ды.
Бөлісу:

22 пікір

Medium
Мынауыңыз мықты дүние екен.
bake
Еңбегімді бағалағаныңызға алғысымды білдіремін.
Emilia
Білім деп жазылған болар?
ken
Екінші тұрған әріп л емес — н әрпі. Сосын арабицада әріптер сөз құрамында орналасуына қарай әптүрлі жазылады емес пе — сөз басында бір басқа, ортасында бір басқа, сөз соңында бір басқа және жекеше тұрғандағы түрінде басқа болып. Мына жердегі Б мен Н жекеше түрде жазылған.
bake
Жазу мазмұны құпия болып қалады ма? Тағы бір жазудың құпиясы қызықтырады. Далада құлыптас бар. Төрт қабырғасыда тік. Түсі қара (әлде алыстан солай көрінді ме?). Төрт беті тегіс. Соның үстінде жазу бар деседі. Сол маңайда аман қалған жалғыз құлыптас. Қалғанын трактормен жұлып құлатқан. Өскемен қаласында орналасқан музей алдында құлыптастар бетон тұғырға студент шағымда орнатылғанын (1994 жылдың тұсында, +2, -3 жыл) көргенмін. Құлыптастарды соңғы рет көргенімде орта белден, бас жағынан сынып жатқан. Әдейлеп сындырылған. Бүтін кезінде көрген соң айтамын. Жаным ашыды. Музей алдына сақтау үшін емес, бір жерге жинап әкеліп құрту үшін қойылғанды-мыс болып көрінді. Оның есесіне жерде жатқан темір зеңбіректерді ағаш лафетке орнатып қойды.
ken
суреті бар ба?
bake
суреті жоқ. Жиырма жылдан артық уақыт өтіпті. Картадан мөлшерлеп орналасқан жерін белгіледім. Мүмкін меннен басқа біреулер білетін шығар.
екскі ауыл орыны
ken

Былай түскен болуы да мүмкін бе?
asaubota
киім түймелеріне қарасақ осылай дұрыс сияқты
ken
сосын жоғарыдағы қара костюмді жігіттің төсінде значок бар екен. әдетте значоктар сол жақ омырауға тағылушы еді.
asaubota
жазуда «АҚҒАДИҰЛЫ МАНАП болуы керек» деп жатыр жігіттер. ол кім екен сонда?
OrkenMusabek
Иә, қазіргі төте жазумен соған келеді, алайда Байтұрсыновқа дейінгі төте жазумен болғанда «ҰҒАДЫ ҰҒЫМ МӘНІН» деген сөз болуы мүмкін.
ken
АҚҒАДИҰЛЫ МАНАП
Жалпы Ақғади деген есім бола ма?

ҰҒАДЫ ҰҒЫМ МӘНІН
"Ұғады", "ұғым" деген сөздердің әрқайсында ұ бар. Ал мына жазуда бір ұ-ның үстінде белгі бар, екіншіде жоқ. Сонысына қарағанда бұл екі әріп екі түрлі дыбысты білдіретін шығар. "Ұғым" деп оқуға ғ мен м-сы ұқсамай тұр. «Мәнін» деп оқуға үшін тіпті соңғы әріпте нүкте үстінде тұр деген күннің өзінде н-ға ұқсамайды — тым созылыңқы.
MERmukhanov
Төте жазу үйрену керек еді
ken
төте жазуды үйрететін сайт көрмедім. персидский алфавит деп іздесең Викиден шығады. содан әріптерді үйреніп, қытай қазақтарының сайтына барып оқысаң, жайлап жайлап үйреніп аласың.
Nodar
Отырыстарды қарашеш. Құдды өмір көрген интеллигенттер сияқты. Жақсы сүгірет
bake
1927 жылғы, кішігірім ауыл тұрғындары жайлы біраз болсын ақпарат береді
boztorgai
Ақ(х)мадиұлы Манап болу керек. десем де соңғы әріп болып «б» тұр
ken
соңғы әріптің б болғаны ештеңе емес. қазіргі орфография бойынша ғой — п.
bake
Ахмадиев тегі бар ауыл тұрғыны табылды. Сонау заманнан жергілікті тұрғыны. Келесі аптада содан «Манап»-ты сұрастырамын. Фото жөнінде деректер толыға түсуде. Фото архив деректері бойынша мектеп ашылған күні түсірілген. 2017 жылы мектептің ашылғанына 90 жыл толады.Ортада тұрған ер адам ең алғаш ұстазы. Сәкен Сейфуллиннің курстасы болған.