Ұстаздық ету-келешекке даңғыл жол салу

"Ұстаз болу-жүректің батылдығы.
Ұстаз болу-сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу-адамның ақылдығы",-деп алты Алаштың ардақты азаматтары жырлағандай, саналы ұрпақты білім нәрімен сусындатып, ұшқыр ойлы етіп тәлім беру де-ұлы іс.Бүгінгі сұқбатым білім ордасында елеулі қызмет көрсетіп жүрген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің маманы Назира Бопинаевамен болмақ.

1.Сәлеметсіз бе, Назира ханым! Сұқбат беруге келіскеніңіз үшін алғысымды білдіремін.Әңгімемізді ұстаздық қызметіңізден бастасақ.Осы жолды неліктен таңдадыңыз?
-Сізге де рахмет.Жалпы алғанда, мен ұлағатты ұстаздың отбасында өмірге келдім.Бір жағынан асқар таудай әкемнің де ұстаздық қызметке келуіме өзіндік ықпалы болды.Жақын жандарымның бәрі де -ұлағатты ұстаздар.Ал мен сол кісілерге еліктеп өстім.Сонымен бірге өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруді мақсат тұттым.Бұл мамандық білімділікті ғана емес, сабырлылық пен жан-жақтылықты талап етеді екен.Ұстаздық ету-келешекке даңғыл жолды салу.Сол себепті де мен осы қызметті қаладым.
2.Ұстаздарды ұлықтау-асыл іс.Қазіргі таңдағы ұстаз бен оқушының арасындағы сыйластыққа көңіліңіз тола ма?
-Бүгінде қоғам арасында түрлі келеңсіз жайттар орын алып жатқыны даусыз.Кейбір мектеп оқушыларының жағымсыз қылықтары көңілімді түсіреді.Ұстазға сыйластық таныту қажет.Иә, мұғалім тарапынан қателік кетпейді деп айта алмаймын.Бірақ, білікті ұстаз-шәкіртін жақсылыққа ғана жетелейді, білім көгіне шығарады.Меніңше, кез-келген мұғалім оқушының бойындағы сыйластық қасиетін оятуы қажет.
3.Ұстаздық қызмет нені қажет етеді деп ойлайсыз?
-Ұстаздық ету-ғибратты іс.Ол-тәлім мен тәрбиені ұштастыру, шәкірт болашағын күйттеу және оқушыны биік белестерге жетелеу.Келешек ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу де-ұстаздың парызы.Ертеңгі ел жақсыларын қалыптастыру жолында аянбай тер төгетін де-ұстаз.Сондықтан да оның бағасы биік.Ұстаздық қызметтің мұраты сан қилы деп білемін.
4.Шәкірттерді жеңіс тұғырына шығару үшін ұстаз талмай еңбек ететіні хақ.Оқушы бойындағы қызығушылықты ояту үшін қандай шараларды қолға алу қажет?
-Шәкіртін білімділікке тәрбиелеу үшін ұстаз бойында этика мен эстетиканың болуы шарт.Әр сабағын қызықты әрі есте қаларлықтай етіп өткізсе, оқушының да талабы оянады.Ұстаз шәкірттерін бөліп-жармауы керек.Осы бағытты ұстанамыз деп оқушының қызығушылығын жоямыз.Бар кінәні оның бойынан іздейміз.Ал, шәкірттерді қанаттандырушы-ұстаз.Сабақты ұғынымды түрде түсіндірсек, қызығушылықты да оятатынымыз айдан-анық.
5.Әңгімемізді жеке өміріңізге ойыстырсақ.Бала күніңізде кімге еліктеп өстіңіз?
-Мына жарық дүниедегі шуағын төгер жақсыны-ақ сүт берген аяулы ана тәлім бере отырып, бойына бар бағалыны сіңіртеді.Биік бастаманы қалауыма себепкер болған да-менің ардақты анам.Ес білген шағымда:"Қызым, ешқашан да адамдықтың арынан аттама.Күндей күлімдеп, өзгелерге ыстық мейіріммен қарасаң, нұр үстіне нұр болады.Кез-келген істі байыппен баста.«Сабыр түбі-сары алтын» деген.Сынақтарға мүжіліп, өзіңді құрдымға кетіре көрме" деп үнемі асыл сөздерін жадыма тоқитын.Осындай тұнып тұрған даналықтың иесі-анашымдай қадірлі тұлға болғым келеді.
6.Мына әлемде не нәрсеге алғыс айтар едіңіз?
-Ең әуелі, Жаратушының сыйлаған әрбір күніне ерекше алғысымды білдіремін.Жақын жандарым мен аяулы шәкірттерімнің қамқорлығы мен құрметі жанымды ерекше жадыратады.Көңілімді көктемдей құбылтатын ұстаздық қызметіме айтар алғысым бір төбе.
Сұқбатыңызға көп рахмет.Сізге шығармашылық табыстар тілеймін!
Аружан Самидин

Кітап - асыл қазына

Кітап — білім бұлағы. Кітап — бұл білімнің қайнар көзі. Кітаптың адамға берері мол. Әрине қазіргі таңда көптеген адамдар кітап оқи бермейді. Оған себеп уақыттың жетпеуі деп айтады, бірақ бұл жәй ғана сылтау.
Кітап сенің рухани азығын емеспа? Сонымен қатар, кітап оқуды әдетке айналдыру керек, былай айтуымның себебі, кітап оқу арқылы сен өзіңді дамытасын, рухани байисын, өз ойыңды ашық, әдеби, түсінікті қылып жеткізесің, сондықтан, кітаптың адамға пайдасы тимесе, зияны жоқ. Кітап оқыған адамның, шетте қалмасы анық.
" Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік " — деп Ғабит Мүсірепов атамыз айтып кеткен еді. Кітап оқыған адам, көптеген қызық, қайғылы, қуанышты сәттерге, сонымен қатар басқа жандардың өмірі жайында біледі, ал кітап оқымаған адам, тек бір өмірге куә болады, яғни өзінің. Басында кітап оқып бастағанда түсінбейтін жерлер көп болады, бірақ бұған қарамастан талпынып тырыссан, ары қарай оқып жалқаулығын ұстамаса, оқығанын үшін еш өкінбейсін.
Кітаптың да түр-түрі болады, яғни әр талғамға келетін және де біреу емес бірнешеу. Мектеп оқып немесе жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген адамдарға, кітап өте қажет болады, себебі кітапсыз ештеңе істей алмайсың тіпті өз ойыңды сауатты жеткізе алмайсың. Сондықтан кітап оқу, адамның рухани жағынан даумына үлкен үлес қосады.

Білім мәселелерін студенттермен бірге талқылады

Мемлекет басшысының жуырдағы Жолдауында айтылғандай кезең-кезеңімен негізгі бағыттарды жүзеге асыру туралы «Астана» медицина университетінде де талқыланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. <