«45minut.kz» білім ордаларынан тілшілер іздейді»

Біраз уақыт бұрын Қазақстанның ақпарат саласы тағы бір басылыммен толыққан болатын. «45minut.kz» деп аталатын республикалық газеттің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында басылымның бас редакторы Ізгілік Нағиевпен сұхбаттастық. Сұхбат барысында бас редактор мырза бізге «45minut.kz» газетінің электронды нұсқасы да болатынын, электронды нұсқаның оқытушымен, оқушымен, ата-анамен тікелей байланыстағы желіге айналатындығын әңгімелеп берді.

— «45minut.kz» газетінің мақсаты қандай? Газет басылым ретінде нені көздейді?

«45minut.kz»республикалық газетінің жарыққа шығудағы мақсаты — еліміздің түкпір-түкпірлеріндегі білім ордалары мен ондағы мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын жұртшылыққа таныстыру, мектепаралық және мұғалімдер арасын байланыстыратын платформа қалыптастыру. Қалыптасқан платформа арқылы бүгінгі білім саласының өзекті проблемасына айналып жүрген республикамыздың орталықтары (қалалар) мен шалғай аймақтарындағы (ауылдар) білім деңгейінің сәйкессіздігін азайтуды көздеп отырмыз. Мәселен, сабақ өтудің тиімді тәсілін ойлап тапқан мұғалім өз жаңалығын біздің газет арқылы, немесе газеттің сайты арқылы басқа өңірдегі мектеп мұғалімімен жылдам бөлісе алады. Бүгінге дейін қала мен ауыл мектебі арасындағы білім деңгейінің алшақтығы ақпарат алмасу мүмкіндігінің жоқтығынан, мұғалімдердің бір-бірінің тәжірибесінен бейхабар болуынан деп түсінеміз. «45minut.kz» республикалық газеті осы олқылықтың орнын толтыруды мойнына алып отыр.

— «45minut.kz» газетінің басқа ақпарат құралдарынан қандай ерекшеліктері бар?

— «45minut.kz» газетінің 3 субьектісі бар: мұғалім, оқушы және ата-ана. Кез-келген ата-ана баласының мектепте не оқып, қандай тәлім алып жүргенінен хабардар болғысы келеді. Мұғалім де тәрбие беру тәсілін жарнамалау арқылы рейтингісін көтере алады. Бала тәрбиесіне ата-ана мен мұғалім бірдей жауапты болғандықтан, барлық тарап тәрбие жұмыстарының ашық болғанын қалайды. Сол себепті білім ордаларынан өз қатарымызға тілшілер қабылдап жатырмыз. Тілшілер шығармашылық жұмыстары мен жетістіктерін біздің басылым арқылы жариялай алады. Олардың тәрбие жұмыстары жөнінде қарапайым оқырмандармен бірге ата-аналар да біліп отыратын болады.

— Алдағы уақытта қандай іс-шараларды жүзеге асырмақшысыздар?-

— Мектептерде семинарлар өткізіп, мұғалімдер арасынан тілшілер жинау біздің алғашқы қадамымыз болмақ. «45minut.kz» газетінің мұқабасы да, беттері де сол тілшілердің қолынан шыққан тың ақпараттармен толтырылады. Бұл шара тек мұғалімге ғана емес, тұтас мектепке ғибраты мол жұмыстарын жарнамалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қазіргі таңда «Мектептегі бір мезет» және «Арманы асқақ оқушы» атты әлеуметтік жобалар ұйымдастырылып жатыр. Алғашқы жоба бойынша мектептің бір мезеттік тынысына видеошолу жүргізілсе, «Арманы асқақ оқушы» жобасында оқушының өмірлік ұстанымына қолдау көрсетуді мақсат тұтып отырмыз.

Сонымен бірге Республикалық басылымға жариялануға тілек білдіруші ұстаздардың саны артуына байланысты және Ұстаз еңбегінің таралымы қазіргі заманға сай болуы үшін, 45minut.kz газеті екі түрде жарияланатыны туралы хабарлаймыз.

Газеттің қағаз нұсқасының сапасы артады және толық түрлі-түсті (полноцветный) болып жарияланады. Қағаз нұсқадағы газетте негізінен жаңалықтар, маңызды ақпараттар, сұхбаттар, хабарландырулар, мақалалар, оқушылар жетістіктері, суреттер жарияланады. Газет оқуға ыңғайлы информациялармен толығады.
Газеттің электронды түрі сабақтарды жариялауға арналады.
Газеттің электронды түрінің мынадай артықшылықтары бар:

Электронды газет нөмірін жарияланған уақыттан бастап www.45minut.kz сайтында жүктеп алып оқуға, электронды түрде пайдалануға мүмкіндік болады.
Әр пәннен болатын сабақтардың суреттері және таблицалары толықтай жарияланады.
Сабақтардың бет санына, көлеміне шектеу қойылмайды. Республика бойынша сабақтар арқылы электронды түрде тәжірибе алмасуға мүмкіндік бар.
Электронды газеттегі қажет болған сабақты көшіріп алуға және принтер арқылы шығарып алуға болады.
Сабақ Республикалық басылымның электронды нөмірінде жарияланғаны туралы арнайы анықтама сұраныс бойынша тегін әзірленеді және Казпочта арқылы жіберіледі.
www.45minut.kz сайтында және газеттің қағаз түріндегі нұсқасында электронды нөмірге жарияланған сабақтар тізімі тұрақты түрде жарияланады.
Категория алу үшін құжаттар жинақтаған уақытта сабақ жарияланған электронды газетті принтерден шығарып алуға болады және ол арнайы анықтамасы жарияланғаны туралы ресми құжат болып есептеледі.
Осындай бастамалармен ұстаздар қауымына арналған электронды кеңістікті ұлғайтып отырмыз. Газет алдағы уақытта да заманауи талаптарға бейімделе түсетін болады.

«Abai.kz»
Бөлісу:

9 пікір

asaubota
осында мұғалім жігіттер бар еді ғой, тілшілік те істеп қалар?
ruben
Бір пікірде «Керектің шабарманы» деген атақ беріліпті басқа қонаққа. Соған қарағанда ойбайлықтар бастарына бақыраш киіп қарсы алады екен керекшелерді
serjan
Мұны енді тілші деуге келмейді, газетке жазылатын адам іздейсің, жазылатын адам тапқаныңа қарай ақыңды аласың.
edige
Тілшілер шығармашылық жұмыстары мен жетістіктерін біздің басылым арқылы жариялай алады
Саке, сіз істей алатын жұмыс сияқты… неге бақ сынап көрмеске…
serjan
Бұл жерде ақша табудың қамынан басқа түк те жоқ, мұғалімдерге бұл газет керек, бірақ обьективтік қажеттілік емес бұл,
edige
Қазір оқыдым… Изя жүр екен ғой басында
Erbol
Шешесс дегеннен басқа не деуге болады. Ізгілік Нағиев бас редактор.
asaubota
негізі мойындау керек, бұл Ізгіліктің ең сәтті жобасы. кәсіпкерлік жағынан да пайдалылық жағынан да.
ruben
эдмодоға үйреніп қалғасын онша қызық болмай тұрғаны.