№ 1 мектепте «Дублер күні» болып өтті

Астаналық шенеуніктер «Менің алғашқы ұстазым» атты тақырыпта шығарма жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Өздерінің шығармасында басқарма басшылары ұстаздары туралы жылы лебіз білдіріп, ары қарайғы өміріне үлкен үлес қосқандарын айта кетті.


«Целиноград. 1971 жыл. Ағаштар енді-енді ғана алтын түстес жапырақтарға оранып, күз келе бастаған шақ. Мен бірінші сыныпқа барамын және бүгін менің туған күнім! Мектепке ең алғаш барған күнімді дәл осылай еске аламын және өзімнің ең алғашқы мұғалімім – Галина Павловна Савельевамен таныстым», — деп еске алады мәслихат депутаты Мирас Шекенов.


«Менің ең алғашқы ұстазым тек музыканың қыр-сырын ғана емес, басқа елдер мен халықтардың да музыкалық стилінің құрылымын түсінуге үйретті. Ең бастысы, ол маған ұлттық музыкаға деген махаббатты бойыма сіңірді. Мен одан 3 класқа дейін тәлім алдым. Оны мені музыкалық және кейіннен өміріме басшылық жасап кәсіби музыкаға беттеуіме үлес қосқан адам деп есептеймін», — дейді мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов.


«Менің ең алғашқы ұстазым – Пак Елизавета Даниловна. Бір қарағанда ұстазымыз қатал көрінді, бүкіл класс болып оны шуламай тыныш отырып тыңдадық. Елизавета Даниловна бізге мектеп өмірінің ережесін қарапайым етіп түсіндірді, ол әрбір пәнді керемет түсіндіретін», — дейді өзінің естелігімен бөліскен Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева.


«Әрине, алғашқы ұстазды тек қана саған үйреткен машықтары мен білімі үшін ғана еске алмайсың. Оның бейнесі жадымызда мәңгіге қалып кетеді, әрбір қимылы, сөйлеу мәнері, сырт келбеті. Әсел Серікқызы дәл осындай өз бойына барлық жарасымды әдепті жинаған мұғалім еді. Содан да болар, барлық оқушы өзінің сүйікті ұстазына ұнағысы келгендіктен сабағын жақсы оқыды. Меніңше біздің астананың да педагогтары балаларымыздың есінде өздерінің жақсы бейнесімен қаларына сенімдімін», — деді шығармасында тілек білдірген білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин.


Бұдан бұрын хабарлағанымыздай бүгін № 1 мектеп-лицейде педагогтарға арналған дублер күні өтті, мұнда мұғалімдермен бірге астаналық шенеуніктер де бірге келді. Ересек оқушыларға ерекше бағдарлама әзірленді, онда жаңартылған білім мазмұны, моторика мен ұқыптылықты анықтайтын тест элементтері енгізілді. Ал басты тапсырмаға «Менің алғашқы ұстазым» атты шығарма жазу жұмысы кірді.


Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше