Егер мен бай болсам, анама ... алар едім...
Ағылшын тілі мұғалімінің естелігі (Авторы белгісіз, интернеттен аударма).
2000 жылдың желтоқсан айы еді. Университетті жаңа бітірген кезім. Бір мектепте сабақ беріп жүрмін. Бір күні оқушыларға «Егер мен бай болсам, анама… алар едім» сөйлеміндегі бос орынды қиял күшіңізді қолданып, толтырыңдар деген тапсырма бердім. Сынып ойланып, жаза бастады. 5 минуттан кейін жауаптарды жинадым да дауыстап оқи бастадым. Ғарыш кемесі, Феррари, Майамиде вилла, Мальдивтерде арал… Мен оқыған сайын оқушылар күледі. Соңғы қағазды ішімнен оқыдым. «If I were rich, I would buy flowers for my mom.» (Егер мен бай болсам, анама гүл алар едім.) Мұны жазған сыныпқа жақында қосылған, әлжуаз, тұйықтау келген бір бала еді. «Арамызда сезімтал бір бала бар екен. Селим, орныңнан тұр. Жауабыңды өзің оқып бер» дедім. «Гүл аламын деп жаздым, ағай» деді. Сынып тарқылдап күлді. «Мен сендерге қиял күштеріңді қолданыңдар, өте бай болғандарыңды елестетіңдер. Сонда да гүл деп жазуыма қарағанда бір себебің бар ау?» дедім. «Ойыма басқа ештеңе келмеді» деп жауап берді. Жүзінде Мона Лизанікіндей күлу мен жылаудың арасындағы бір мимика бар еді. «Мазақ қылып тұрсың ба? Ойларыңа бірдеме келу үшін де көмектесуіміз керек пе?» дедім. Үндемеді. Оқушыларға қағаздарын қайтарып бердім. Қоңырау соғып, сынып үзіліске шығып кетті.
Ертеіне мектепке келгенімде коридорда мені Селимнің әкесі күтіп тұр екен. Алдындағы үстелде кешегі қағаз жатыр. Отырып шамалы сөйлестік. Мұғалімдер бөлмесіне әзер жеттім. Басым айналды. Жылағым келіп, өкісігім тамағыма келіп, жарылып кетердей болды.
2000 жылдың желтоқсан айы еді. Мен енді ғана қағаздағы кішкентай бос орынды гүлмен толтырған Селимнің өміріндегі үлкен бос орынды да гүлмен толтырып жүргенін білдім. 3 ай бұрын анасынан айрылғанын, жұма сайын әкесі екеуі анасының бейітіне гүл қойып жүргенін білдім. Алдыңғы түнде әкесі естіп қалмасын деп түнде бетін жастыққа көміп жылағанын білдім. Университетте оқып, алынған дипломмен мұғалім болынбайтынын да түсіндім…

Әрбір адам ұзтаздан білім, өнеге алады. Ең алғаш қаламды қолға ұстатып, хат танытқан, ол — ұзтаз. Су ішкен құдыққа түкіруге болмас деп ойлаймын…
Әрине, тек ұзтазда емес, пенде болғандықтан әрбір адамда кемшелік болады, сол кемшілікті көре біліп, уақытылы түзете алған адам ғана мықты жан.