Керектіктер мені керек ете ме?

Керекинфоға сәтті тіркелгем, керек қылған шығар деп. Себебі Массагет, Он.Кз, Айтаберлер аккаунтты растайтын хатты жібермегентұғын поштама. Ол жаққа сөйтіп қолданушы боп кіре алмадым. Мұнда кіріп, бір-екі нәрсе жазып едім, ондай аса қатты қуанта қоймады. Минусқа батты. Жанына тартатын, үйрететін ұстаздар болса екен.

Керектіктер мені керек ете ме?

Бөлісу:

15 пікір

satibaldi
Мұнда ешкім ешкімге керек емес. О баста сондай ұстаныммен құрылған сайт. Егер сайттар мемлекетке айналса, Керекинфо — АҚШ болар еді. Басқасын Gastarbaiter деген көкең вахтадан келгесін түсіндіре жатар*))*))
Соңғы түзету:
Erasyl2
аз да болса жанашылық сезіміңіз бар екен) жерден алып жерге сала ма деген ой болған)
Tyulpan
Басқасын Gastarbaiter деген көкең вахтадан келгесін түсіндіре жатар

))))))))))))))
satibaldi
Мә айтпақшы, сол көкең жазып, сайттың бейресми ұстанымы бов кеткен конституциясы:
Сен Керекшіліктің түпкі мағынасын мүлде түсінбейсің. Керекинфошы болу деген ол ювижендықтардың “О казахи, зацените прикол на казахском нашел ха, хасы” емес. Керекинфо деген Іргетасақтың псевдоинтелектуалды талқылары, не Намыс.КЗ-тің ультракөтриоттық коменттері емес. Бұл саған arular.kz, вордпресс.ком не «мой мир» емес. Керекинфо адамдардың нағыз құбыжық кейіпін көрсететін орын, қатыгез, сезімсіз, немқұрайлы зымияндығын көрсетуіне болатын мекен.
Қыз күзгі балда жеңіліп қалды, біз күлеміз. Ғашық жігіт өзінің мұңын шағады, біз күлеміз. Кемпір төмен жылжыған эскалаторға міне алмай әлек, біз бұттан кетіп, тағы сұраймыз. Әділетсіздік, парақорлық, алкоголизм — біз күлеміз. Ұлтшылдық, түсініспеушілік, алалау, зорлық, балағат, себепсіз қақтығыстар — біздің ішегіміз қатады. Біз кез-келген жексұрынның тірлігіне бетіміз бүлк етпей қол қойып, қосыла кетуге дайынбыз. Біздің талғамдарымыз саналы қисынға негізделмеген, мақсатсыз даулар — біздің болмысымыз, біз — Қазнеттің бетпердесін шынайы кескініміз.
Соңғы түзету:
007
Мұнда кіріп, бір-екі нәрсе жазып едім, ондай аса қатты қуанта қоймады. Минусқа батты Жанына тартатын, үйрететін ұстаздар болса екен
. быратан + тап шамалы рейтингынды көтеріп қойдым, менің жаныма тартканым сол босын,, алдағы уақыттада + тап отырамғо жазбаларын көп болса
Соңғы түзету:
torgai
КИ сені керек етпейді. Оны сен керек етесің! Іздейсің! Қалап тұрасың үнемі!)))
neoaskar
Керек ететін керек етпейтін деген болмайтын шығар деп ойлмаймын, обшым жәй қызықты мәтериал оқысам деген оймен кіремін,
Adiletshu
Кім не десе де жаза бер. «Жоқ» дегенді бастым
Zilola
иә деп басқандар кім екен деп ойланып отырмын, мен де по умолчанию жоқ деп жібердім )))
Tyulpan
пост авторы, сіз өзіңіз «минустады» деп рейтінгіңізді төмен етіп отырып, бізден дауыс сұрайсыз. енді, әрине, сізге «минус» қоятынына дым күмәніңіз болмасын )))))))) жақсы болды бір мишень табылып )))))))
Nodar
Ох бәрің сондай биіксіңдер, ия. Екі-үш қайтара минустай ала алмайтындарыңа өкінетін шығарсыңдар