"Өрлеу" бағдарламасы ақшалай көмек көрсетуде

Елордада «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру аясында атаулы әлеуметтік көмек тиімділігін арттыру бойынша халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жаңғырту бөлігінде «Өрлеу» жобасымен шартты ақшалай көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Өрлеу» жобасының басты мақсаты аз қамсыздандырылған еңбекке қабілетті отбасына жәрдемақы төлеу, сондай-ақ, оны әлеуметтік бейімдеу және пассивті ақшалай көмектен отбасыға белсенді қолдау көрсетуге көшу болып табылады.

Шартты ақшалай көмек жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасында айырмасы түрінде отбасына бір адамға айына жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен отбасыларға төленеді, 2016 жылдың II тоқсанында бұл көрсеткіш 13 735 теңгені құрады. ШАК алты айға тағайындалады, қайта есептеу тек отбасының мөлшерін өзгерткен жағдайда, яғни жалақының мөлшеріне қарай жүргізіледі.

Алты ай ішінде отбасында бейімделу және мұқтаждықтан шығу, тұрақты табыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі пайда болады.

Жобаға қатысушы уақытша қосымша жәрдемақының орнына жұмысқа орналасуға, оның ішінде жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орнына орналасуға, қажет болған жағдайда басқа мамандықтарға қайта оқуға және өз отбасын өмір сүрудің сапалы басқа деңгейіне шығаруға барлық мүмкіндіктер жасауға міндеттенеді.

Астана жаңалықтары: Өрлеу бағдарламасы ақшалай көмек көрсетуде
Ақшалай жәрдемақы отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын орындаған жағдайда ғана төленеді. Келісім шарт бойынша отбасы мүшелері отбасының әлеуметтік белсенділігі үшін кедергілерді жою бойынша жұмыс істеуге міндеттенеді.

Өткен жылы «Өрлеу» бағдарламасы аясында 15 отбасы қамтылды, оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы 74 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған болатын.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Бөлісу:

1 пікір

87026149563
ен ОҚО абай ауылы тұргынымын қоятын сұрағым бар, 3 балалы отбасыға өрлеу бағдарламасынан қанша сомма бөлінеді. ӘКІМШІЛІКТІН АЙТЫЛУЫ БӨЙЫНША 1 ЖЫЛ БОЙЫ АЙ САЙЫН 9 МЫҢ ТГ ТӨЛЕУІМ КЕРЕК ЕКЕН СОЛ РАСПА. Отбасымызда ешкім айлық ақы алмаймыз жауыпты күтем.