The Newsroom
Арнайы "Үздік кино сыншысы" конкурсына
Тележаңалықтар деген түсінік пайда болғалы бері жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Ал, сіз жаңалықтар қалай жасалатынын білесіз бе? Жалпы түсінігіңіз бар шығар. Бірақ, шын ақпаратты қалай танып, көрерменге өтімді өнімді қалай жасау керек? Бұл сізге қызық болса, «The Newsroom» сериалы жаңалықтар қызметінің жұмысын іштен көруге шақырады.
Біздегі жаңалықтар сол жарты ғасыр бұрынғы кейпінен алыстай қоймаса да, сериалда көрсетілетін бағдарлама бізге түсінікті ұғымнан әлдеқайда алысқа кеткенін байқаймыз. Басты кейіпкерлер жаңалықтардың дәстүрлі формасын мүлдем өзгертіп, күн сайын сараптама жасауға тырысады. Бұл көрерменге қызық болмауы да мүмкін. Өйткені, әдетте рейтингті көп жинайтын тақырыптар (өлім, қырғын, секс тсс ) шын маңызды ақпараттарға жол береді. Сәйкесінше, жалған экшнға үйренген телекөрермендер көп ойлануды қажет етпейтін басқа арналарға бұрыла бастайды. Маман ретінде бұл маған ұнағанын мойындауым керек. Бірақ, рейтинг дегеніміз жарнама, ал жарнама — жалақы.
Сериал барысында соңғы онжылдықта болған ірі оқиғалар қамтылады. Мексика шығанағында жарылған мұнай құбыры, Осама Бен Ладеннің өлімі немесе араб көктемі кезінде жаңалықтар қызметінің қалай жұмыс істегеніне куә боламыз. Нағыз ақпаратты тани білу, шыншылдық пен жауапкершілік, ең бастысы кәсібилік дегеннің қандай болатынын білгіңіз келсе «The Newsroom-ды» міндетті түрде көру керек.
Дегенмен, осы саланың маманы ретінде менің тоймай қалған сәттерім де болды. Сериал жекелеген сюжеттің дайындалуынан бұрын, бағдарламаның ұйымдастырылуына негізделген. Сондықтан іс-қимылдың бәрі негізгі офисте өтеді. Оқиға орнындағы журналистердің қимылын мүлдем дерлік көрмейміз (алайда, бұлар екінші маусымда бар).
Сериал басталған бойда назарыңызды толық жаулап алатынына кепілдік беремін. Басты қаһарманның ең бірінші спичінің өзі – ууух (Төмендегі видеоны қараңыз)! Актерлік шеберлік пен режиссура өз алдына. Бұл тұрғыда жалпы америкалық сериалдардың жаманын көрмеппін.
«The Newsroom» өте тартымды шоу. Әрине кейбір диалогтардың мазмұнын түсініп үлгермей қалатын кездер де болады. Және жекелеген мелодрамалық сәттер сериалдың динамикасын тежеп қалады. Бірақ, бұл енді, редакцияның жұмысын көруге асыққан маманның наразылығы ғана сияқты. Өйткені, менің келіншегіме сондай көріністер қызықтырақ. Жалпы айтқанда, «The Newsroom» менің favorit list-імнен берік орын тепті. Қазір екінші маусымды бастадым.

6 пікір