Arular.kz

Сұлулық тек әлемді құтқармайды (рецензия)

Арнайы "Үздік кино сыншысы" конкурсы үшін Соғыс гүлдері / The flowers of War фильміне рецензия Өз басым соғыс туралы фильмдерді ұнатпаймын. Ұнатпағанда эмоцианалды тұрғыдан ондай жанрдағы фильмдерді қарау мен үшін сондай ауыр. Сол себепті менен соғыс туралы қандай фильм көрдің деп сұрасаңыз эээ… ммм… деп қалуым ықтимал. Дегенмен, мына бір соғыс туралы фильмнен теріс айнала алмай кеттім. Негізі фильмді, сөздің шыны керек, соғыс туралы деп ойламадым. Сенесіз бе, тіпті, жеңіл комедиялы фильм деп те ойладым. Фильмнің сюжетін оқымаған едім, постеріне де назар салып қарамағанмын. Тек актерлік құрамына ғана көз жүгіртіппін. Сонда басты рөлде қолында қос оскары бар, красавчег Кристиан Бейл ойнайтынын білдім. Фильм қандай болғанда да, жаман болмау керек деп шештім де, жүктеп алып, жайғасып қарадым. Әсерленгенім соншалық, уақыт тоқтап, 1937 жылдың 13 желтоқсанында...
image image

The Newsroom

Арнайы "Үздік кино сыншысы" конкурсына Тележаңалықтар деген түсінік пайда болғалы бері жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Ал, сіз жаңалықтар қалай жасалатынын білесіз бе? Жалпы түсінігіңіз бар шығар. Бірақ, шын ақпаратты қалай танып, көрерменге өтімді өнімді қалай жасау керек? Бұл сізге қызық болса,...
image image

"Жаңа өрмекші адам: Кернеген қуат" фильмін қазақша көру

Жақында қазақ тіліне аударылған «Жаңа өрмекші-адам: Кернеген қуат» фильмінің көрсетіліміне бардым. Бір қызығы «Жаңа өрмекші адам — 2» отандық экранда АҚШ премьерасынан 10 күн бұрын шығып отыр екен. Бұл фильм голливудтық фильмдерді мемлекеттік тілге дубляждау жобасы аясында қазақ тіліне аударылған 7-ші фильм....

Сәлем, 90-шы жылдар!

Қазіргі экшн-боевиктер өткен ғасырдың дүниелерімен салыстырғанда анағұрлым «ақылды» болуға тырысатыны рас. Сюжеттегі әр детальды нақты көрсетуге, әр диалогты барынша өмірдегідей мәнді етуге ұмтылады. Оқиғалар шытырманданып, көрерменді демалтудан бұрын ойлантып тастайтын кездер де жетерлік. Бірақ Саймон Уэст өзінің " Медальон " ("Ұрланушы"; «Stolen») фильмінде ондай нәрселерге бас қатырмапты.

Мерген бала, немесе анимация қасқырды қалай атып алу керек?

" Аңшы бала " — Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының 2012 жылғы туындысы. Еліміздегі прокаты шектеулі — «Кинопарк» және «Киноплекс» кинотеатрлар желісінде ғана көрсетіледі. Көпшілікке кеңінен тарайды деп күтілген картинаның бұндай жағдайына ешкім әлі түсінік берген жоқ.

Өрмегі жоқ Өрмекші-адам

Көптен күткен " Жаңа Өрмекші-адам " да прокатқа жол тартты. Биыл қазақ тіліне аударылған үшінші голливудтық фильм күткен көңілді қанағаттандыра алмады.

Ержүрек қыздың хикаясы

Биылдан бастап қолға алына бастаған Голливуд туындыларын қазақ тіліне аудару жұмыстарының сапасы әр премьера сайын жақсармаса, еш төмендемеген емес. Бұған " Батыл жүрек " анимациялық туындысын көргенде тағы бір рет көз жеткізгендей болдық.

Афроцирктен Америкалық зоопаркке дейін

" Мадагаскар 3 " Нью-Йорк зоопаркінен қашқан арыстан Алекс, зебра Марти, керік Мелман және сусиыр Глорияның ұзақ саяхаттан кейінгі "үйлеріне" қайта оралу жолындағы тағы бір әрекетін баяндайды. Бұлар осы жолы пингвиндер мен маймылдар жасаған ұшақпен келе жатып, тағы да апатқа ұшырайды. Елге қайтуға үміт үзілді дегенде, тағы бір мүмкіндік пайда болады: егер олар Еуропаны аралап, өнер көрсетіп жүрген цирктің құрамына қосылса, Нью-Йоркқа да жетуге болады. Бірақ өнерлі жануарлардың қатарына қосылу да оңай емес…

Прометей - бөтен әлемнен ізделген туыстық

Прометей деген кім және не? Аттас фильм туралы жазбас бұрын, атауына назар аударайық. Грек мифологиясында Прометей деген титан болғанын айта кету керек. Ол адамдарды құдайлардың қаһарынан қорғаушы болған. Аңызға сәйкес Прометей адамдарды топырақ пен судан жаратты. Сондай-ақ, фильмдегі саяхатшылардың ғарыш кемесі «Прометей» деп аталады. Осы арқылы фильм атауында бірнеше түрлі мән-мағына жатқанын байқауға болады.

Қара киімділер: Өткенге ұмтылыс

Айдың бетінде салынған құпия түрмеге тоғытылған Борис (Джемейн Клемент) есімді өзгепланеталық келімсек агент Кейден (Томми Ли Джонс) есе қайтаруды ұзақ күткен еді. Міне, сол күн де келіп жетеді. Түрмеден қашып шыққан Борис, Жерге келіп өткен шаққа оралады дағы, тарихты түбегейлі өзгертіп жібереді. Ол агент Кейді өткен шақта өлтіріп тастап, адамзатқа қауіп төндіреді. Серігін құтқармақ болған агент Джей (Уилл Смит) де өткен шаққа оралып, бәрін орнына қоюға тырысады.

Диктатор кейпіндегі Борат

Әжуалаудың шебері Саша Барон Коэн ортамызға қайта оралды. Айта кету керек, оның өз фильмін премьера алдында жарнамалауда өзіндік тәсілі бар — бір жыл бойына (мүмкін одан да көп уақыт) соңғы шыққан кинокомедиясының образында жүреді. 2012 жылғы «Оскар» салтанаты мен Канн фестивалінде Алладин образымен басты назарда болған даулы комик, кезекті дүниесін экранға шығарды.

Оқушы полицейлердің хикаясы

2012 жылдың 12 сәуірінде отандық нарыққа «Джамп көшесі, 21» («Мачо и Ботан»; «21 Jump Street») кинотуындысы шығады. Фильм жанры жағынан боевик элементтері бар комедияға жатады. Қалай дегенмен де көрсетілімнен кейін көрерменнің бей-жай қалмасы анық.

Тылсым үрейлі әйелдің құпиясы

Джеймс Уоткинстің " Қара киімді әйел " ( Женщина в черном / The Woman in Black ) — үрейлі триллері қалың бұқара үшін арналмаған. Аталған картинадан бұрын-соңды байқалмаған бірқатар ерекшеліктерді байқадым. Судай аққан қан, жүйке жұқартар азап-қорлықсыз-ақ көрерменді өлердей қорқытуға болады екен. Сонымен, "Қара киімді әйел" несімен ерекше?

Сәлем бердік, "Аватар", кешіріңіз - "Джон Картер"

Қазақстандағы премьерасы 2012 жылдың 8-наурызына жоспарланған " Джон Картер " фэнтези туындысы мол әсер қалдырды. Өкінішке орай, бұның бәрін жақсы әсерге жатқызуға келмес. Толығырақ, тоқталайын.

Серттескен жандардың қалыптан тыс жағдайы

«Леоның орнында болсам мен не істер едім?» . Кинотеатрдан шыққаннан кейінгі алғашқы ой осы болды. Әңгіме 1-наурызда отандық прокатқа шығатын " Серт " (The Vow) драмасы жайында.

Сыздықсейіт Сегізсерікұлы: Қаззақтар командасы

… Ал редакция алқасы… Ого-го!!! Очм, баяғы мапия епті, ішінде қазір тоқсанның төртеуіне келген шал жүр, ол со кітап үшін не істей алды, тотақ та түсінбедім епті. © Satibaldi — Тәке, мен бұл мақаланы жазу үшін алты ай тәжірибе жасап едім, оқып көріңізші газетке бергім келеді. Магистратураны кеше бітірсе де, болашағынан үлкен үміт күттірген жас ғылыми қызметкер Сыздықсейіт Сегізсерікұлы мақаласын аяқтағанына мәз.