Құм жиылып тас болмас

Мәні жоқ, мағынадан жұрдай әлеуметтік институт қайсы десе ойланбастан мәжілісті көрсетер едім. Аты шулы зейнетақы туралы заң депутаттарды да абыройдан жұрдай етті. Бүгін төменгі палатаның резиденттері Президент айтқан сынмен толық келісіп, ұсыныстарын қабыл алды. Ұсыныс да көп емес — үшеу-ақ. Ең бастысы — әйелдердің зейнет жасын ұлғайтудың кейінге шегерілгені. Қалған заң сол күйінше қайтадан мемлекет басшысына жіберілді.
Блог - Marco: Құм жиылып тас болмасОсыдан кейін туатын сұрақтар ешкімді таңқалдырмайтыны анық. Бірінші оқылымда-ақ мақұлданған құжатты, бұл депутаттар дұрыстап зерттемеген бе? Қатесін мойындап отырса, кінәлі деген сөз емес пе? Қоғамда үлкен резонанс тудырған мәселеге бас ауыртпайтын болса олардан пайда қанша? Жалпы бізге Парламент (иә, сенатымен қосып) керек пе?
Парламенттің міндеті халыққа ыңғайлы, пайдалы заңдарды қабылдау. Барлық қажеттіліктерін ескеру. Халық қалаулысы деген аттары бар ғой. Дегенмен, қазіргі мәжілісті халық қалаулылары деуге де келмейтін сияқты. Партия үшін дауыс бердік. Тізімді өздері бекітіп, өздері шешті. Ендеше, төменгі палатаның депутаттарына бұдан былай халық қалаулысы деген атты да қимаймын.
Парламент құрамындағы аға-апаларымыздың (!) бәрі де тәжірибелі, білікті, ықпалды адамдар екеніне күмәнім жоқ. Ондай биікке кез-келген жете бермесі анық. Креслода отыр ма, демек лайықты жұмыс істеген. (Әйтпесе мен неге отырған жоқпын ол жерде?!)
Қазақстан секілді мемлекетке өзге демократиялық елдердердегі саяси институттар, ұстанымдар лайықты бола бермейді. Шындап келгенде, бізге демократияның өзі артық. Саясатта мұндай термин бар ма жоқ па, білмеймін, бізге керегі шектеулі диктатура. Мәжілісмендердің бүгінгі мазағынан соң, осындай қоғамда өмір сүріп отырғандай әсер күшейе түсті. Әдетте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, мойнына жауапкершілік алып, бас болмайынша басқалар (Мәжіліс) ағыстың бағытымен жүзіп кете береді. Ендеше, қойыма керек пе бұл парламент?
Бөлісу:

31 пікір

torgai
Табанының бүрі жоқ Парламенттегі әйелдердің мүддесін қорғайды-ау деген жандардың осыған қатысты айтары мынадай Мынаны басыңыз
Marco
Шешессс дегеннен басқа эпитет келмей қалды деген нағыз мынау болды
torgai
Ұшарын жел білетін, қонарын сай білетін осылар болды ғой тура
burkitshi
Спринт Самат Ордабаев VS Гүлмира Исимбаева. Кім жеңеді? сакеннің дайындығыда жаман емес
Соңғы түзету:
torgai
Екеуі мүлдем екі түрлі жағдай, меніңше.
kokbori
мә, шшшс, мұндайды да көрдік
satibaldi
1. Парламент (хренгресс, хурал, қауіпсіздік кеңесі, ақсақалдар кеңесі, кемпірлер коалициясы) ерікті еш ел жоқ жер жаһанда.

2. Бірақ осылай екен деп, қуанбаңыз депутат.

3. Себебі — басқа елдерде парламент ең болмаса тіршіліктің иммитациясын, өте-мөте сауатты құрылған, саятех ілімінің никондарына, епті — канондарына толық жауап беретін шоуын атқарып жүреді. Легитимдікті үнемі дәлелдейді.

Ал қаззақ депутаттары ең болмаса иммитация жасауға ерініп кетті. Міне, нағыз мүгедектік осында: ақысына — бетті тыржитуға да еріну.

4. Ал былай біліп отырмыз, билік пен халық арасындағы соққы алатын буфферлік қалқан ретінде соққы алдыңдар. Бірақ бұл айға сыйақыны біздер жазбаймыз. Зағипаш, еңбегіңді бұл жолы жоғарыдан ал. Нақтың.

Сужаңа Өсиет, «Филистимдіктерге Аспанның Жолдауы».
suleimenuly
Бұл «Нұр Отан» партиясының нақ бейнесін көрсетеді. Бұл партияның тірлігі бет аузын опа-далап пен макияж арқылы ағартып, әдемілегісі келіп жүрген ұсқынсыз қара қаттынның іс-әрекетін елестетеді. Қанша тырысқанмен де өтірік, жалған нәрсе бәрібір өзгермейді.
ken
Депуттар қайдан білсін оларды осылай лақтыратынын. Оларға нұсқаулық келді, олар сол нұсқау бойынша әрекет етті. Ол әрекетке халық қарсы болды. Нұсқаушы халықтың реакциясын көріп, ойын өзгертті де депутаттарды кінәлі етіп қойды. Бір сөзбен айтқанда — лақтырып кетті.

Мәні жоқ, мағынадан жұрдай әлеуметтік институт қайсы десе ойланбастан мәжілісті көрсетер едім.
Келімесін.

Парламент құрамындағы аға-апаларымыздың (!) бәрі де тәжірибелі, білікті, ықпалды адамдар екеніне күмәнім жоқ. Ондай биікке кез-келген жете бермесі анық.
Билікке кез-келгеннің жете бермесі анық. Бірақ біздегі Парламент қағаз жүзінде ғана билік. Іс жүзінде билік емес. Егер осыны ескерсек, бірніші сөйлеміңдегі оймен келіспеуге болады.
Marco
Жоға кейбірін жеке танығандықтан, оларды дымсыз адамдар деп айтуға аузым бармайды. Құрығанда мықты бизнесмен, ақша жасауды мейілінше меңгерген адамдар.
torgai
Әйтпесе, біз неге болмаймыз, расымен?
bazuka
Оларға нұсқаулық келді, олар сол нұсқау бойынша әрекет етті.
Халық оларды нұсқаулық бойынша жұмыс істесін деп дауыс беріп, сайламаған шығар))
torgai
Барлық жерге жазып жатырмын осыны. Айтпаса болмайтын сияқты. Осы жерде Құдайберген Сұлтанбаев марқұмның депутат болып жүргендегі «Мына жерде отырғандардыңы бәрі әртіс, тек мен ғана „Халық әртісі“ (түпнұсқасын жатқа білмеймін. Негізі осы мағынада) дегені әлі өзекті болып тұр-ау.
temir1986
Бола аламайсыңдар, себебі сыбайлас қамқорлықтың ең асқынған түрі бізді мықтап орап алған. Болмайсыңдарда. Дұрысы болдырмайды. С:Әбеновтің қызметтен босап қалғаны да мынаны көрсетеді. Барлығы да бір шалдың қолында! Шал әлдекімдердің қолында емес екеніне ешқандай кепілдік жоқ деген күдік туады. О баста зейнетақы туралы әңгіменің қай жақтан шыққанын ескерсек. Сонда бізді қоршап алған қаптаған сұрақтардан басқа ештеңе қалмайды.?????????????????????????
Janasil
Фейзбук арқылы сайлай болса е.
torgai
ФБ-ы сатылмайды деп кім айтты саған? Кім айтты саған интернет тәуелсіз деп?)))
Armanjan
Бас партиямыз бәрін көріп, бәрін реттеп отыр, уайымдай бермеңдер. Жас отандықтар да басында әйелдердің зейнет жасын көтеруге қолдау көрсетіп үгіт-насихат жұмысына біраз шапқылап едік, енді мерзімін шегергенге байланысты тағы да жүгіріп жатырмыз.
torgai
Біраздан соң «шегермеу керек» десе оны да түк болмағандай үгіттей бересіздер ме?
Armanjan
аха, яғни «Бас партиямыз» қайда болса, біздер-Жас отандықтар сондамыз. Шаршау дегенді білмейміз!
bizbike
бізге тек Сталиндік режим ғана керек бітті, қалғандары бармайды!
dark_nazgul
былай ғой. Меніңше болғанда, әу бастан айтқанмын, бұл тұтас сценариймен жасалып жатқан дүние. Қоғамның наразылығы әбден күшейіп, шегіне жеткен кезде атамыз шығады да, "әй, оңбағандар, нестеватсыңдар?" деп айғай салады. Қоғамға зиян келтірмек болған бір топ бұзақы өтірік қаша жөнеледі.
анау, қызды өзіне қарату үшін бұзақы жалдап, қараңғы көшеде сумкасын ұрлататын «жігіттің» әрекеті ғой.
dark_nazgul
анау, министрге лақтырылған жұмыртқаның да шыққан жері туралы, ол сценарийді кім жазып, қалай іске асырылғаны туралы сенімді дерек көзінен естігенмін.
Aya
Әбденов те сол ойыншылардың бірі ме?
torgai
Әлеуметтік желідегі жұмыртқадан «Матрица» фильміндегідей қашып жатқан суреттер мезетте қаптап кетті. Дайын тұрған дүние ғой бәрі. Мақалалар да дайын болды. Бұл жерде Әбденов — біреу үшін от көсеген қол болып тұр.
Lyaila
Әлеуметтік маңызы өтеее жоғары аталмыш заңға «сенген адамдарымыздың» осыншалық «мұқияттылықпен» қарағандығы таң қалдарады!!! Бұл Ата Заңымызда ойып тұрып жазылған "ҚР өзін...әлеуметтік мемелекет ретіндегі орнықтырады… ең қымбат қазынасы — адамның өмірі" деген сөздердің еш құны болмай қалғандығының тамаша көрінісі! 63 жасқа аман-есен жетуді күндіз-түні тілейтін Ақ жаулықты аналар, белі бүгілген ардақты әжелер атынан «алғыс» айтудан басқа амал қалмағандай…