Құм жиылып тас болмас

Мәні жоқ, мағынадан жұрдай әлеуметтік институт қайсы десе ойланбастан мәжілісті көрсетер едім. Аты шулы зейнетақы туралы заң депутаттарды да абыройдан жұрдай етті. Бүгін төменгі палатаның резиденттері Президент айтқан сынмен толық келісіп, ұсыныстарын қабыл алды. Ұсыныс да көп емес — үшеу-ақ. Ең бастысы — әйелдердің зейнет жасын ұлғайтудың кейінге шегерілгені. Қалған заң сол күйінше қайтадан мемлекет басшысына жіберілді.
Блог - Marco: Құм жиылып тас болмасОсыдан кейін туатын сұрақтар ешкімді таңқалдырмайтыны анық. Бірінші оқылымда-ақ мақұлданған құжатты, бұл депутаттар дұрыстап зерттемеген бе? Қатесін мойындап отырса, кінәлі деген сөз емес пе? Қоғамда үлкен резонанс тудырған мәселеге бас ауыртпайтын болса олардан пайда қанша? Жалпы бізге Парламент (иә, сенатымен қосып) керек пе?
Парламенттің міндеті халыққа ыңғайлы, пайдалы заңдарды қабылдау. Барлық қажеттіліктерін ескеру. Халық қалаулысы деген аттары бар ғой. Дегенмен, қазіргі мәжілісті халық қалаулылары деуге де келмейтін сияқты. Партия үшін дауыс бердік. Тізімді өздері бекітіп, өздері шешті. Ендеше, төменгі палатаның депутаттарына бұдан былай халық қалаулысы деген атты да қимаймын.
Парламент құрамындағы аға-апаларымыздың (!) бәрі де тәжірибелі, білікті, ықпалды адамдар екеніне күмәнім жоқ. Ондай биікке кез-келген жете бермесі анық. Креслода отыр ма, демек лайықты жұмыс істеген. (Әйтпесе мен неге отырған жоқпын ол жерде?!)
Қазақстан секілді мемлекетке өзге демократиялық елдердердегі саяси институттар, ұстанымдар лайықты бола бермейді. Шындап келгенде, бізге демократияның өзі артық. Саясатта мұндай термин бар ма жоқ па, білмеймін, бізге керегі шектеулі диктатура. Мәжілісмендердің бүгінгі мазағынан соң, осындай қоғамда өмір сүріп отырғандай әсер күшейе түсті. Әдетте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, мойнына жауапкершілік алып, бас болмайынша басқалар (Мәжіліс) ағыстың бағытымен жүзіп кете береді. Ендеше, қойыма керек пе бұл парламент?
Әрі қарай

Патамуштаның себептері

Өткен аптаның соңын ала бере Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовтың (Бұдан былай Сека) аузынан шыққан «Патамушта, патамушта» деген сөз хитқа айналды. Қазақстан азаматтары үшін оның танымалдығы Гангам стайл мен Харлем шейктен бір кем болмады. Сека неге дағдарды? Өзіне қойылған сұраққа неге жауап бере алмай қалды? Менен әрине жақсы саясаткердің шықпайтыны белгілі. Дегенмен басымдағы сұрғылт қоймалжың затты сәл қозғап көріп түйген ойларым.
Мәселенің басына қайта оралайық. Әйелдердің зейнетке шығу жасын 63-ке бірақ көтерулерін халық арасына дұрыстап түсіндіру керек болды.Бірақ, бірдеңені түсіндіру үшін оны алдымен өзіңнің түсініп алуың шарт қой. Секаның мүлт кеткен жері осы. Немесе, «Түнен қалған бір сыр бар айтпайсыңдар қусыңдардың» кебімен айтылуға тиісті емес жайтты айта алмады. Ол қандай жайттар болуы мүмкін?
Бірінші жайт.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізде жағдайдың қиын болғаны белгілі. Осы кезеңдерде бала туу саны азайып кетті. Сондай-ақ, қарапайым отбасылардан шыққан мектеп бітіруші жастардың қандай да бір оқуға түсуге жағдайлары жетпеді.Қарапайым отбасының балалары көбіне қарапайым жұмыс орындарында жүретіні де шындық. Міне, осы 5-6 жылдың әсері бүгін көрінуде. Яғни, зейнетке кететін адамдардың орынын басатын мамандар тапшы. Сондықтан да билік өзіне тиімсіз позицияны ұстауға мүдделі. "Қаншама жастар жұмыссыз жүр, бұл уәжіңіз орынсыз" дерсіздер. Мүмкін. Бірақ, дәл сол тоқсаныншы жылдардың аяғына дейін талапкерлер өндірістік оқуларды, тау — кен мамандықтарын таңдай қоймайтын. Бәрі шетінен заңгер болуға, әйтеуір бір жерде бастық болуға талпынған. Салдары міне.
Екінші жәйт
2017-ші жылы өтетін EXPO. Бұл дүниежүзілік көрмені ұтуын ұтып алдық. Ал, оған қаншама қаржының керек екені айдан анық. Билік "Әйелдердің де зейнет жасын көтеріп жіберейік. Қаншама ақша үнемдей тұрамыз.ЕКСПО-дан бір құтылып алайық. Кейінгісін кейін көре жатармыз" деуі мүмкін.
Сонымен солай дедім.
Әрі қарай

Үмітсіз шайтан

Баланы туу және оны күтуге байланысты берілетін төлемақыны қысқартуға қарсы петицияның нәтижесі болмады, мүмкін қазақстандық болған соң болар. Енді халықаралық деңгейде Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайтуға қарсы петиция елбасымызға жетсе, қандай да болса нәтиже болар деп үміттенемін. Бәріңіздің де әлі зейнетке шықпаған апаларыңыз, сіңлілеріңіз, әйелдеріңіз, жақсы таныстарыңыз, құрбы-құрдастарыңыз бар ғой, соларды қолдаңыздар. www.avaaz.org/ru/petition/Otmena_zakona_o_povyshenii_pensionnogo_vozrasta_zhenshchin_Kazahstana/?cZuTzeb
Жалпы зейнеткерлік бәрімізге де қатысты ғой, түсініксіз өзгерістер енгізіп жатыр, ертең сол жинаған ақшамыз қолымызға тисе, соған шүкір деп отыратын шығармыз.
Әрі қарай