Интернет журналистиканы дамыту керек!
«Аманат» интеллектуалды пікірсайыс клубының кезекті отырысында қазақ журналистикасына жаңа пәрмен беретін, қадамын ашатын интернет журналистиканы дамыту керектігі айтылды.
Басқосуда Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен ақпараттық саясаттың өзекті мәселелері жөніндегі кеңесінде көтерілген проблемалар талқыланды. Ақпараттық саясаттағы жаңашылдықты мамандар интернет журналистикамен байланыстырды.
─ Интернет журналистика дегеніміз ─ өткен нәрсенің бәрін жоққа шығарып, жаңа дүние бастау керек деген сөз емес. Бұл ─ жаңару мен өсу. Қазақ баспасөзінде қалыптасқан мектеп пен кәсіби біліктілікті енді интернет журналистикада қалыптастыру керек. Егер интернет журналистиканың іргесін осы бастан дұрыс қалыптастырмасақ, ертеңгі күні бұл «бала базарға» айналып кетеді. Сол үшін білікті, білімді адамдар осы салаға зейін қою керек, ─ деді белгілі журналист Дәурен Қуат.
Жиын барысында аймақтағы басылымдарды да ескі сарыннан арылтып жаңа жоба, жаңа жүйеге көшіру керектігі сөз етілді. Бұл туралы журналист Дәурен Қуат былай деді:
─ Аймақтың баспасөздің мамандары да, газеттері де «қартайған». Себебі мұндағы газеттерге жастар қызметке бармайды. Аймақтағы баспасөздің пәрменін арттыру үшін, жас журналистердің санын көбейту үшін жаңа медианы, интернет журналистиканы пайдалану керек. Бұл тұрғыда қазақ сайттарын ашуға болады. Егер қаражат, интернет мүмкіндігі жоғары болса, аймақтарда жас әрі мықты журналистердің толқыны қалыптасады.
ЖУРНАЛИСТЕР БІР САЛАҒА МАМАНДАНДЫРЫЛУЫ ТИІС
Президент жанындағы орталық коммуникация қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев әмбебап журналистердің орнын мамандандырылған журналистер алмастыруы керектігін айтты.
─ Мен көбіне қазақстандық журналистердің қойған сұрақтарына сараптама жасап, ойланам. Кей маңызды басқосуларда отандық журналистер сұрақ қоймай, үнсіз отырады. Айтылған мәселелер төңірегінде жалпылама мақала жазумен шектелетін журналистер де бар арамызда. Бұл ретте журналистердің кәсіби біліктілігін көтеру керек деп ойлаймын. Сонымен бірге журналистер ағылшын тілін білуі керек. Қазір елімізде «әмбебап» журналистер көп. Бұл жақсы әрине. Бірақ әр саланың өзінің мамандандырылған салалық журналистері болуы керек. Зерттеп, талдап жазған мақала қашанда сапалы шығары анық. Мемлекеттің, халықтың деңгейі көтерілген сайын журналистерге қойылатын талап та күшейетінін естен шығармағанымыз жөн, ─ деді А.Әбибуллаев.
ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ ЖЕТІСТІГІ МЕН КЕМШІЛІГІ
«Абай кз» порталының редакторы Дәурен Қуат қазақ баспасөзінің жиырма жылда жеткен жетістіктері мен кемшіліктерін талқылады.
─ 20 жылда қазақ баспасөзінің ұтқаны ─ біріншіден, қазақ тілді газет- журналдардың саны көбейді. Екіншіден, жылдар бойы айтылмай келген ақиқат қазақ баспасөзінің беттерінен көрініс тапты. Үшіншіден, алаштану институтының шоғыры қалыптасты. Ал ұтылғаны ─ ұлттық ақпараттық кеңістігімізді беріп қойдық. Тәуелсіздікке дейін орыстілді басылымдардың Қазақстанда ықпалы жоғары болған жоқ. Ал Тәуелсіздік алғаннан кейін неге бізде орыс тілді басылымдар көбейіп кетті? Бұл қазақ журналистерінің кәсіби біліктілігінің төмендігі, дәрменсіздігі емес. Меніңше, бұл жерде басқа мүдделер жатыр. «Алма ТV», «Айфон ТV» кабельдік жүйелері Ресей телеарналарының бағдарламаларын сатып алып, Қазақстанға әкеліп таратады. Ал ресейлік басылымдарды еліміздегі «Казпресс», «Ернұрпресс» жүйелері «престеп» сатып жатыр. Оған шектеу қойылып жатқан жоқ. Себебі 1992 жылы екі елдің ортасында «қарапайым он қадам» достық келісімшарты жасалды. Осы он қадамның ішінде бір-бірімізге баспасөзімізді, ақпаратымызды таратамыз деген келісім де болды. Мұны Ресей елі жақсы пайдаланып отыр. Осы ретте Мәдениет және ақпарат министрлігі кабельдік телеарналар тарататын жүйемен, газет-журналдар тарататын орындармен қайтадан келісімшартты қарауы керек.
ЖАРНАМА ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ӨЗГЕРІС КЕРЕК!
Еліміздің жарнама туралы Заңы да сарапқа салынды.
─ Елімізде Жарнама туралы заң 1998 жылы қабылданды. Бұл заң әбден ескірді, нақтырақ айтсақ, «қартайды». Сондықтан жарнама туралы заңды қайта қарап, өзгерістер енгізу керек. Сонымен бірге қазақ баспасөзіне жарнама беруді міндеттеген дұрыс, ─ дейді журналист Дәурен Қуат.
Айгүл Жұбаныш

astanatv.kz/news/show/id/7226.html#
kaztrk.kz/kaz/news/society/Kazakstandik_BAK_ulttik_mudde_ushin_zhumis_zhasaui_kerek_id1362069676.html#go
осы тақырып Тәжин қатты айтпаса қозғалмас па еді? әлде соған келе жатырды ма?
Қазақстанның 40 арнасы, Ресейдің 3 арнасы, Англияның ағылшын тілінде 3 арнасы, Түркияның түрік тілінде 3 арнасы болар еді.
Ал қазір қалай? Қазақстанның 15 арнасы, Ресейдің және шет елдің орыс тілді 50 арнасы.
Осы жағы түсініксіз мен үшін. Неге мен өзіме қызықсыз және миыма зиянды орыс тіліндегі арналар үшін төлеуім керек???
— Очень русский пакет (100 русскоязычных + 0 казахоязычных + 0 иноязычных)
— Средне русский пакет (50 русскоязычных + 3 казахоязычных + 3 иноязычных)
— Мало русский пакет (10 русскоязычных + 40 казахоязычных + 10 иноязычных)
— Қазақша пакет (40 қазақ тілді + 3 орыс тілді + 3 ағылшын тілді + 3 түрік тілді)
интернет журналистиканы дамыту үшін алдымен сабақ беретін адамдарды дайындап алу керек.
Оның бірденбір шешімі министрліктен болуы керек деп білемін. Қазіргі таңда орта білім, арнайы орта білім, жоғарғы білім, ЖОО кейінгі білім дегендердің арасын байланыс өте әлсіз. Сондықтан болар бала 11 бітірер шағында кім боларға білмейді.
Типі, осы сарында.
Әдетте, журналистикаға басқа саладан келгендерден жақсы мамандар шығады. Әсіресе тарихшылар мен матиматиктер, жазуға қыры болса өте тамаша журналист болады.
Десе де қазақ тілді блоггерлік әзірге күрделі тақырыптарды меңгере алмай келе жатқаны да ақиқат.