Алғашқы мәшнем!

Өткен аптадан бері мен де автоәуесқойлар клубына мүше болдым. Көлігімнің жылы өзімнен 4-5 жас қана кіші болғанымен аяқ артуға жетіп тұр. «Мицубиси Галант». Алғаннан бері 150 км (барып — қайту 300) және 225 км (барып -қайту 450) қашықтыққа барып қайттым. Жүргізушілік куәлігімнің мерзімі 2016 жылы өтіп кетеді екен.
Жеңіл-желпі жөндеу жұмыстары баршылық. Стабилизатор деген пәлесін өзім аулада ауыстырдым. Қиын ештеңесі жоқ. Енді осы сенбі поддонның (картер) прокладкасын ауыстырмақпын жәйлап. Біреуге жасатқанша өзім жасап үйренейін деген ой ғой. Алла бұйыртса суретін салармын)))



Анау отырған бала жиенім, аты Ислам.
Бөлісу:

134 пікір

asaubota
құтты болсын. сен машинаға онша жоқ сияқты едің ғой?
Abilakim
3 класс оқып жүргенде Т-40 тракторын 25-30 км жерлерге өзім теуіп бара беретінмін.Кейде шөп шабатын косилкасын да тіркеп бере салатын.Шөпшілерге аман жеткізтетінмін. Жөндеу жақтарын ми қозғалтсақ үйренуге болады
Marco
Есік салғанда поддонның прокладкасы не тәйірі))) Игіліңе тұт, құрдас!
Erlan
игілігіңе жарат, менде алып жайлап айдап журмін, кейде сасқан кездерде, белесевед неге алмадым екен дисін атасына
Erlan
Xansha
енді «ащыдан» азырақ тартатын болдың қайта...)))
Erlan
 ия ) азырақ емес, толықтай бас тарттым
Aigolek
Басее нягып жазбай кетти десемм… Енди алып кашу операциясынын соучастнигы болсын колигин .
Djina
Ерлаааннн! Кызыктыра бермеші а? Сен айдап үйренгенше, өзім айдап кететін шығармын сенің машинаңды...)
Djina
Айтпақшы, Альберт қалай шыдап жур а, қылымсып тұрған мына көлікті айдамай. Алде өзінің көгілдір сұлуына шын берілген бе ол кісі?  Жігіттер, «Ерлан Опель алды» дегенде туу неге опель деп едім, бірақ сенікі ұнап қалды көргенде…
Gastarbaiter
Қарапайым халықта Опель десе болды, сексен сегізінші жылғы Вектра ойына түсед. Мен де сондай ноуқостор қатарындамын))
Abilakim
1995тен бергі Опелдер нормал негізі. «Ошибка немцев» оған дейінгілер ғой
Djina
Жоқ олай емес… Көлікті бір кісідей танимын… Тек жігіттер дұрыс сипаттамаған ғой маған, оның үстіне күлгін түсті деді және жылында айтқан жоқ. Ал маған қанық түсті көліктер ұнайды…
VKM
Е деген қай жақ?
GulL
Атырау форевер гой
Ereke
Ереке машинаны қаншаға алдың, ойым кетіп жүр осы «красавчикке»
Daniar-Alan
астыңда тозсын бырат  байғазысын тіріДей (3Д)  көргенде берерміз
sakenspb
алған бойда сабилизаторын аустырдың. тағы прокладкаларын ауыстырмақшысың. тағысын тағылар шыға береді мұндай ескі машинадан. в общем купил себе геморрой, бауырым.
Abilakim
Әркім өз шамасына қарай алады ғой. Мысалы менің бұл машинаға жұмсаған ақшам (сатып алғаным мен құжат рәсімдеу) 2 мың доллардан сәл ғана асады.
sakenspb
өзің прикидывать етіп көр. машина ескі, запчасть соответственно қымбат болады. екіге алдыңба, тағы екісі запчасть андай мындайларға кетеді. сосын надоелыңды шығарады да, сол алған екіге беріп жібересің. жас автоәуесқойлардың тырмасына басқан болып шығасың имхо
Abilakim
арзанның жілігі татымасын өзім де білемін. Бірақ дәл қазіргідей жүре берсем бергі екі жылда мәшне ала алмайтынымды да білдім. Казлото да ойнап жүрген жоқпын кейінгі кездері.
Мүмкін мен жалқау шығармын, мүмкін тырмысып жақсы машина алу үшін жанталаспаған болармын. Біреуден ілгері, біреуден кейін жүріп жатырмын.
Оны қымбатқа сату ойымда да жоқ. Аямай тебуді, жөндеуді үйреніп алу, анау-мынау қызметтерге салып, бірер жылда үстіне ақша қосып басқа көлік ала салсам ба деген арам ой ғой негізі. Алла біледі бәрін.Тірі болсақ жаңа көлік те мінерміз. Бұрында бір жігіт ескі мәшине алғанда бүкіл ауыл күлген. Қазір сол үш айда бір мәшине мінеді.
Бір жақын ағам айтпақшы «Мен қатарлы кей жігіттерде белесебет те жоқ»)))))
Gastarbaiter
Дұрыс, айта беред Сакен, бірден мықтысын алам деп белсебет теуіп жүрдік ғой біз де. Уақытың болса, ынтаң болса геморрой бодмайды, қайта машина жөндеудің қырын түсініп аласың.
Дүниені құмартып тұрғанда алу керек, жасыңда міну керек. Бірақ әркім өз қалтасын қарайды ғой.
Тағы бір мысал менің туысым, ойбай қымбатын алам деп кредит алмақ болған. Оған қанша айттым, кредит алма, саған ақша қосам, арзандауын ал, кейін тағы қосам деп.
Нәтижесінде кредитке фольксваген алды, шешесін ондай фольксты, ең болмаса жаңа да емес. Еке есе бағасын төледі, ақыры соғып алып тиынға сатты. Сосын тағы үш жыл төледі кредитін, қазір мен сияқты белсебеті де жоқ.
edige
Құжат жинап жатыр едім КИА РИО кредитейін деп… айнып калдым (((
Gastarbaiter
Оданда черный Касса ойнайық жиырма төрт адам бірігіп. Ақша тез жиналад, микрокредит сияқты, еще процентсіз.
Айына жиырмадан лақтырсақ, 480 мың аласың, екі жылда құтыласың, тек соңғы алған адам жай ақша жинағандай болады.
Gastarbaiter
Афера емес, бір біріне сенетіндер бұрыннан ойнайды, сонау ежелден келе жатқан Асардың заманауи түрі.
Marationok
Оның резоны қандай сонда? Түсінбей тұрмын. Схемаңды ашып жазсаңшы.
Gastarbaiter
Барлыгы төрт адам.
Взнос жиырма мың ай сайын. Касса сексен мыңды құрайды.
Бір айналым төрт ай. (Адам санына байланысты)

Ербол, Нұрбол, Мырқымбай, Қыртымбай.
1ші айдың кассасы Ерболдыкі
Екінші ай Нұрболдыкі.
Үш Мырқымбайдыкі.Төрт Қыртымбайдыкі.
Бесінші жаңа Цикл, т.с.с
Marationok
жөндеуді үйреніп алу
Үйрене алмайсын, мәшине сенің әйелің сияқты ғой, сипайсын, жуасын, айдайсын, бірақ хирургическое вмешательство жасай алмайсын, әрі кетсе тек чехолдарды ауыстырып, панельді тазарту  майды ауыс айтпақшы, май ауыстыратын жерлер көп, ещо тегін ауыстырады, кітапша береді саған
Abilakim
Май сатып алсаң сол жерден тегін ауыстырып береді ғой.Оның да қатты қиындығы жоқ негізі. Фильтрді ағыта алсаң болды,өзің де ауыстыра бересің.Тек кей көліктерде фильтр қиындау жерде тұрады бұрауға
Erlan
машинадан хабары барлар, жөндеп сықитып алатындарда бар
Xansha
Тұлпарыңыз құтты болсын, Әбіл аға! Игілігіңізге жарасын!!! Астанаға келіп кетуге жарайды екен)))
Adiletshu
Құтты болсын! Жақсы мәшине
VKM
Құттықтаймын, Абилаким.Зымырап жүріңіз. 1 үйге 1 машина керек.
nurbergen_makym
Енді, бусиктерді бұлдамай, Астанаға оңай кеп кететін шығарсың?!
Құтты болсын, бырат!
Abilakim
былай жүріп жүрміз. Ол жаққа баратын болсам бусик не электричка ғой. Беталды жүруге алғам жоқ. Өткенде екі жаққа барғанда да ет алып келдім заказбен.
Обшым, өлік-тірік және «движениеге»
VKM
мяссаған, жап-жақын Астанаға келмесеңіз,қайда жүресіз машинамен? Қызық емес
Abilakim
Маған Астана қызық емес мысалы.Астанадағы жолдас-жора қызық. Көрерміз, уақытынан ерте пәлен демеу керек.Мәшнемен барсам іше алмай қаламын ғой))))
VKM
Антиполицай бар ғой)))
Daniar-Alan
Мәшнемен барсам іше алмай қаламын ғой))))

тааааааааааааааккккккк...
nurbergen_makym
Мазара нет!
VKM
Туй, сіз, мирда табыт туралы, мұнда мазар туралы жазып жүрсіз. Жалпы дұрыс емес қой))))
nurbergen_makym
Не мы такие, смерть — такая!
saken
құтты болсын!

бастапқы үйренуге шейін осындай көліктің болғаны да дұрыс шығар деп ойлаймын. Бұзылған жерлері арқылы мәшинеңнің ішкі құрылысын үйреніп аласың. Бұл машинаңды игілігіңе пайдаланып, келесі көлігіңді салоннан алуыңа тілектеспін.
VKM

Менің ескі Мерсым.Тойота Марк2, Королла, РАФ-4 болды, бәрібір ең ұнағаны Мерс.Алла жазса, жақында А-180 аламын.
Abilakim
назар мерске емес саған түседі бір дегеннен.
Marco
дәл! )))
Marco
особенно көк балетки))))
VKM
 мазақтамаңдари, бұл машинаның ішінде жататын балетка болған, каблукпен қиынырақ педальға басқан)))
Abilakim
машинаның ішінде жататын

GulL
менше каблукпен айдаған оңайырақ сияқты
машинан да өзің де балеткан да күшті
AKY
фетишист на
Marco
кетивар!  Көрініп тұр ғо енді, көп-көк болып)))
AKY
ақталмащ на
Gastarbaiter
Өтірік күліп, қызғана бермей сен де өзіңнің қызыл шұлық киген суретіңді салшейш, тамсанайық
AKY
машинам жоқ қо)
VKM
бұл 2 жыл бұрынғы сурет, шашым ұзын, машинам ескі, жаңа үйдің алдында ештеме салынбаған кез))))
Abilakim
2 жыл бұрынғы суретіңе екі сағат қарап отыруға дайын жігіттер де бар бұл сайтта)))
Daniar-Alan
назар мерске емес саған түседі бір дегеннен.

түсіңде көр енД
konvict
Құдай-ау, осындай суреттеріңді көбірек салып отырсаңшы. Бір жасап қалдық қой. Әдеттегідей бұл суретті коллекцияма қосып қойдым
Gastarbaiter
Болашақ Кендебай детектед
konvict
Күлесің  Бойдақтың жағдайы оңай деп пе едің? Жүреміз сол көктемді жағалап
patick
Енді игілігін көр. Мен де былтыр өлген «Пассат» алып едім ғо. Практикалық болмаса де, теориялық тұрғыдан техникадан аздап білім алдым  Оған дейін көліктің құрылысы туралы уапще білмейтінмін. «Галант» керемет машина негізі, шаруаға, үнемі жүріп-тұруға арналған.
Мен де «Автоәуесқойлар клубына» жақын арада жаңалық жазып қалармын
Abilakim
Практикалық тұрғыда сабақ алған жақсы. Гаражым болса көлікті шұқылауға ерінбес едім негізі. Негізі шұқылап шұқылап, жұрттың көлігін ақшаға шұқылайтын дәрежеге де жетуге болады))))
Gastarbaiter
Лібә, молодец. Ризамын, мәмбеттеріміз сен сияқты болса, жаман емеспіз.
Проблемадан мүмкіндік көре білетініңе мәз бовотырм. Жоқ жерден қайғы көргендер көбейіп кетті. Оптимисттер жасасын!
Abilakim
көз қорқақ,қол батыр!
Armanjan
Уа, Әбеке, аяқ артарың құтты босын!
Gastarbaiter
Амбалдай семейный мәшине алып, ішін балаға толтырғым келед))
Бірақ оған дейін кәсіпкерлікті меңгерсем деген ой-
Abilakim
ия, артына мангал салып алып, табиғат аясында, шатырдың ішінде жатса… Отты сөндіріп кетуді ұмытпау керек.
VKM
Гаста, ал сондай машина. Бұрын папамда болған.Тойота-Noch,7адам сыятын.Артқы орындықтарды қосса, төсек болады.Талай рет рыбалкаға, көлге барғанда, бүкіл семьямызбен юхтайтынбыз.Семьям болғанда, мен де сондай машина аламын, иншАллаһ
araika
Тойота-Noah
Toyota Sienna da jaksy. Otbasymen kydyruga en kolaily mashinalar goi.
Ottegin
Әбеке, мәшініңіз құтты болсын, жөндеу жұмысы аздау болсын)))) Кейін, жақсы бағаға сатуға жазсын
Ottegin
Моторының көлемі қанша? GDI емес пе?
Erlan
карандаши для царапин
Эквалайзер на заднее стекло автомобиля
кеше машинаға кажетті заттар қарап отырып
alisha
Карандашың жарамсыз
GulL
қайда сатылады?
неге пайдасыз alisha ? пайдаланып көрдіңіз бе?
omarbirat
Анау қарындаш деген далбаса нәрсе екен. Тек бояудың бетін ағартып сырылған жерлерге болмаса, кішкене терең сызаттарды кетірмейді.
Қарындашпен сызып көрген едім, бір-екі жерін. Сыза салысымен кетіп қалған сияқты болады, сәл артқа шегініп барып қарасаң, бәрібір сызат орнында тұрады әкесс
Abilakim
бағасы қанша негізі?
omarbirat
1000 теңгеге көршім әкеліп берген.
Abilakim
көршің сүйкеп кетіп пе еді мәшнеңді?
omarbirat
«Карситиге» бара жатырмын дегесін, әкеп берші деп айта салғам. Ондай сүйкеп кетуден Құдай сақтасын
Бірақ сызып, сырып кеткендер болды арасында: капотқа «АЛИ» (ұлымның аты) деп баттитып темірмен сызып кеткен бір малдар болды.
Ereke
Эквалайзер әдемі екен, көлігіңе орнатсаң, суретті қоясың ғой Ереке
Abilakim
Қарағандыдан, бір ақ мазданың артынан көріп едім, джынды екен негізі
Ottegin
Өз басым, неміс автоларын ұнатамын, жапондықтарды біле қоймайды екенмін, естуімше, митсубисилер бензинге кірпияз келеді-мыс, жанармай жүйесі жаман бензиннен тез өліп кетеді екен деген қауесетті естігенмін. Әсіресе, GDI жүйелі мицубиши мәшіндері-мыс…
Abilakim
сондайларға қарсы қазір көптеген мәшинелерде карбюратор бар. Инжекторлардың орнына салып алған.Бұрын таң қалатын жайт болса,қазір үйреншікті нәрсе. Мысалы француздардың «Ситроені» бар ғой. Онда гидросистема, бізде оны қалыпты сақтап жүру қымбат.соған гольф 3-тің ходовкасын салып алғандарды білем
omarbirat
Джедай мотордың сондайы бар де. Бәсе, неге елдің бәрі содан қашады деймін…
Erbol
Менде GDI моторлы Галант болған. Рөлі сол жақтағы «акуласы». Мәшине емес.Қазір GDI моторлы десе лоқсып тұрамын. Галанттың 91-92-сінен басқасына жоламаңдар.)
AKY
оо, құтты болсын! игілігіңе мін! ))
araika
Koliginiz bir okigany eske tusirdi. Al, ekinshi aieliniz kutty bolsyn!
aikarakoz
Арғымағыңыз шаршамасын!
Aldeken
Әбіл, құтты болсын!
a63a1
біләт менікін ал дедім нақ
Aldeken
біләт менікін ал дедім нақ
Үлкендер әңгімесінде жазылса, тап осы сөздерің басқа мағына бере ед, ия?
a63a1
азғынқиял басымырақ ол жақта ә? Бұдан шығатын ой — Ей балалар есеюге асықпаңдар!
a63a1
Әбеке байғазың мінекей
Marationok
Құтты болсын Әбеке. Мәшинең тоза берсін десем… шото не то болайын деп тұр, қосалқы бөлшектері жаңара берсін
VKM
«Kia Sportage » Өскеменде шығарады ғой, кезекке 2 жыл бұрын жазылу керек екен.Қаладан көп көрдім,әдемі машина
Adiletshu
Бұндай мәшинені бізде әкімдікте бастық сымақтар теуіп жүр. Сөйтсе, Қазақстанда шығады екен ғой
saken
суреттегі меніңше КИА Соренто сияқты.
Жалпы КИАның машиналарының дизайны тым жақсы. СсангЙонгтан гөрі ұнайды. Алғашқы үйренген машинам КИА Кредос екі болып еді. Жүріске жұмсақ машина етін. Негізі корейліктер мен жапондықтардың машиналары жұмсақ келеді екен.
MickThatsMyNick
Болсын құтты!)
Менің сенімхатпен айдап жүрген, нақтырақ айтсақ айдаған көлігім:
Opel Astra 1.8
bi2
номер актюбинский?????
Gastarbaiter
Сигма мен Нұрғисаның мәшіндері де кішкентай емес.
omarbirat
Құтты болсын, амиго! Игілігіңе мін
zhomart1991
Игіліңе мініңіз! Құтты болсын
AL-ASTER
Көлік құтты болсын!!!
ОффТоп: крутой номер, тығыз "қоңырау" және права бо ынша хабарласыңыздар деппе)))
AL-ASTER
Ең алғаш 18-ге толғанда машинаға отыра салып балалрмен еліріп Момышұлымен безіп, қызылдан өте шығып үлкен көлемде штраф жағызып алған соң, көп мінбей қойған соң, сататын болып сол қарызымен бірге сатып алып кетті ғой тексермей))) 0
VKM
Нұржол крутой
AL-ASTER
Посредник.kz
VKM
Пікіріңді таңдаулыларға қойып қойдым, уақыт келгенде «шутка, бамбармия керкуду» деп жүрме сосын
AL-ASTER
Елестетіп жатырмын
konvict
Ай, ертең машинамен шыға аласың ба? Керек болып тұрғаны
Erbol
Кеше алдым. Ешкі мерсімді ініме беріп, біраз жаяу жүріп едім. Алматыда атсыз қиындау екен. Қызық болғанда мерстің нөмірі 232 еді, мынанікі 262
aikarakoz
Құтты болсын! Ауырмасын, сырқамасын тұлпарың!
Abilakim
құтты болсын! ("іші қызға толсын" деп айтушы ма еді бұндайда?)
Adiletshu
Сіздің жағдайда іші балаға толсын
Gastarbaiter
Рахатыңа мін, амиго!
VKM
Құтты болсын!Өзіңіз мініп,өзіңіз сатжверіңіз