Өрмегі жоқ Өрмекші-адам


Көптен күткен "Жаңа Өрмекші-адам" да прокатқа жол тартты. Биыл қазақ тіліне аударылған үшінші голливудтық фильм күткен көңілді қанағаттандыра алмады.

3D формат үшін арнайылап түсірілген кадрлар 1-2 көріністен аса алмады. Саны мүмкін одан да көп шығар, бірақ ерекше әсер берген сәттер тым аз көрінді. Түсірілім жүріп жатқан сәтте, авторлар тарапынан стерео нұсқа әсерлі шығуы үшін кейбір көріністер бірінші жақтан, яғни басты кейіпкердің көзімен беріледі деп айтылған еді кезінде. Жаңа Өрмекші-адамның қазір классикаға айналып үлгерген 2002 жылғы Өрмекші-адамнан басты ерекшелігі де осы үш өлшемді эффектілері болуы тиіс еді. Өкінішке орай, туынды 3D ерекшелігімен аса таң қалдыра алған жоқ. Есесіне, Тоби Магуайр ойнаған "Өрмекші-адамды" стерео нұсқаға өңдеп, прокатқа қайта жіберсе — анағұрлым әсерлі дүние шығатын тәрізді. Әрине, бұл жай ғана бір мезеттік ой ғой…



Биыл «Меломан» холдингі бастап, мемлекеттік бірлестіктер мен қорлар қостап отырған фильмдерді біртіндеп қазақшалау үрдісінің өзі қуантып отырғаны рас. Бұған дейін шығып үлгерген "Қара киімділер 3" пен "Батыл жүрек" прокатта айтарлықтай сәттілікке қол жеткізе алмаса да, осы фактінің өзі халық үшін үлкен жаңалық болды.
Десек те, сапалы дубляжымен екі рет қуантқанымен, «Жаңа Өрмекші-адамға» келгенде үлкен кемшіліктерге жол беріліпті. Аударма тілі тым ауыр, ал кейде тым жұтаң. Дубляждаушы актерлердің, әсіресе басты рөлдегі кейіпкерлерді дыбыстаушылардың дауысына көңіл толмады. Үндері сенімсіз, кейіпкерлердің қазақша «сөйлеп» тұрғанына сендіре алмады. Аударма сапасы мен дыбыстаудан жасандылық айқын сезіледі.



Сюжеттен түпнұсқа фильмде (2002 жылғы) орын алған оқиғалар қайталанады деп күткен едік. Бір жақсысы — ол болмады. Сценаристер комикске негізделген оқиғалардан алшақтап, шығармашылық еркіндікке жол беріпті. Тағы бір ерекшелік — бұл жолы жағымсыз кейіпкер жоқ десе де болады.
Актерлерден "өрмекшінің" қызын сомдаған — Эмма Стоун ғана ерекшелене алды. Әрине, актерлік шеберлігімен. Бас қаһарманымыз — Эндрю Гарфилдтен ондай деңгейдегі орындаушылық өнер көрінбеді.



Қалай дегенмен де, «Жаңа Өрмекші-адам» екі жақты пікір қалдырып кетті. Тоби Магуайрдың орындауындағы 2002 жылғы түпнұсқаны қалайсыз ба, әлде жаңашыл стилдегі, костюмі әдемірек жаңасын құп көресіз ба — оны өзіңіз шешіңіз.

Баға:
Фильм — 5/10
Қазақша дубляж — 3/10
Бөлісу:

10 пікір

Zhan
Өрмегі жоқ Өрмекші-адам
Киностан

Көптен күткен «Жаңа Өрмекші-адам» да прокатқа жол тартты. Биыл қазақ тіліне аударылған үшінші голливудтық фильм күткен көңілді қанағаттандыра алмады.

3D формат үшін арнайылап түсірілген кадрлар 1-2 көріністен аса алмады. Саны мүмкін одан да көп шығар, бірақ ерекше әсер берген сәттер тым аз көрінді. Түсірілім жүріп жатқан сәтте, авторлар тарапынан стерео нұсқа әсерлі шығуы үшін кейбір көріністер бірінші жақтан, яғни басты кейіпкердің көзімен беріледі деп айтылған еді кезінде. Жаңа Өрмекші-адамның қазір классикаға айналып үлгерген 2002 жылғы Өрмекші-адамнан басты ерекшелігі де осы үш өлшемді эффектілері болуы тиіс еді. Өкінішке орай, туынды 3D ерекшелігімен аса таң қалдыра алған жоқ. Есесіне, Тоби Магуайр ойнаған "Өрмекші-адамды" стерео нұсқаға өңдеп, прокатқа қайта жіберсе — анағұрлым әсерлі дүние шығатын тәрізді. Әрине, бұл жай ғана бір мезеттік ой ғой…

Биыл «Меломан» холдингі бастап, мемлекеттік бірлестіктер мен қорлар қостап отырған фильмдерді біртіндеп қазақшалау үрдісінің өзі қуантып отырғаны рас. Бұған дейін шығып үлгерген "Қара киімділер 3" пен «Батыл жүрек» прокатта айтарлықтай сәттілікке қол жеткізе алмаса да, осы фактінің өзі халық үшін үлкен жаңалық болды.
Біртіндеп осылай-осылай жолға қойылса жақсы емес пе? Кемшіліктер орын алады, дегенмен, рас қазақша аудармалардың көбейгеніне қуанасың.
satibaldi
Цитатаға мақаланың барлығын дерлік алғанша, камментіңізді бірден жаза салмадыңыз ба?
Zhan
Соңғы «биыл» деп басталатын абзацтан алған сияқты едім көшіріп. Өзім де таң қалып тұрмын, қалай басылып кеткеніне. Түзету функциясы да жоқ еще. пока.
asaubota
Баға:
Фильм — 5/10
Қазақша дубляж — 3/10

түсінікті
konvict
Мен қазақша дыбысталуын сегіз деп бағалап едім. Тым артық кеткен екенмін
omarbirat
Әли тықыршып жүр, қашан барамыз деп
patick
кеше ең көп мәз болған — балалар. оларға Өрмекшінің төбелесі мен эффектілі қимылдары қызық қой
omarbirat
Осы фильмді аударатындарға алдын ала танысуға көшірмесін береді ме екен? Қызық болып тұр
patick
Кеш те болса жауап
Иә, көшірме беріледі. Бірақ фильмнің үстінде амбалдай жазулары бар маркер болады, тарап кетпеуі үшін
berkut
көруге тұрарлық дүние екен. қазақ пақырда өрмекші адам тұрмақ өрмелеуші адам немесе өрмекшінің сирағы туралыда фильм түсіре алмады ғой…