Көшербаев кетсін, Назарбаев келсін!

Осының алдында жазған «Сыныққа сылтау немесе Маңғыстауға сабыр керек» атты постымды
Айтпақшы-4, Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевты орнынан алу керек! 2006 жылы қалай облысқа басшы боп келді, солай көтеріліс басталды. Мәселені күшпен екіні бірі баса алады. Ал мәмілеге келіп шешетін лидер некен-саяқ. Міне, осы жерде біліктілік керек-ақ! Өзінің өкінішіне қарай, Қырекең ол межеден көріне алмады. Айта кететін тағы бір нәрсе, маңғыстаулықтар Көшербаевтың сөзін естіп, өзін көрсе, қан қысымы көтерілетін дәрежеге жеткен…

Айтпақшы-5, Өңірге жедел түрде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы келуі керек! Мен білетін Маңғыстау болса, олардың тыңдатайтыны әрі күрделенген проблемаға жауап бере алатын тек қана сол кісі!

деп аяқтаған болатынмын. Сол тілек орындалатын секілді. Бүгін, яғни желтоқсанның 22-сі күні Елбасы НӘН Ақтауға ат басын бұрды. Дұрыс шешім күтеміз.

Айтпақшы: Бейресми көздер бойынша, жаңа ғана Көшербаевтың орнынан алынғаны туралы ақпарат алдым. Облысты енді Бауыржан Мұхамеджанов деген кісі басқарады.
Бөлісу:

7 пікір

MrQ
Енді бұның артын күтеміз
Gastarbaiter
кутпей ак, жоспарларынды жузеге асыра бер, саган тауелди емес кубылыстарды куте беруге омир тым кыска.
MrQ
Солғо жоспар бойынша күтеміз
19852407
күтесіз, ақырында не амал қылмағыңызды білуге бола ма?
satibaldi
Мәәә, сонда алдыңғы жазбаларда Сіз дәл тауып тұрсыз, ә, осылай болатынын? Керемет!
polat-uly
Назарбаев Батыс Қазақстанға онша көңіл бөле бермейді әлде бұл әкімдерімізден ба?