Назарбаев келді, Көшербаев кетті!

Маңғыстау облысын енді Бауыржан Мұхамеджанов деген кісі басқарады. Маңғыстау халқы зәрезап болған Көшербаевты орынтағынан алды. Негізі әуел естігенде қуанғандай болдым да артынан бірден басылдым. Эхх… Күрсінетінім сол, жаңа әкіміміз бұрынғы қызыл жағалы екен. Яғни экс Ішкі Істер Министрі. Осыған дейін сенатор болған. Жақсылықтың нышанын күтіп тұрған жоқпын. Әлбетте, бейбітгілік тілейміз. Алайда, ауылдағылар бұл жігітпен де ымыраға келе қояды деп ойламаймын… Бір Аллаһ қайырын берсін! Көрейік… Бәлкім оңалармыз…
Әрі қарай

Көшербаев кетсін, Назарбаев келсін!

Осының алдында жазған «Сыныққа сылтау немесе Маңғыстауға сабыр керек» атты постымды
Айтпақшы-4, Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевты орнынан алу керек! 2006 жылы қалай облысқа басшы боп келді, солай көтеріліс басталды. Мәселені күшпен екіні бірі баса алады. Ал мәмілеге келіп шешетін лидер некен-саяқ. Міне, осы жерде біліктілік керек-ақ! Өзінің өкінішіне қарай, Қырекең ол межеден көріне алмады. Айта кететін тағы бір нәрсе, маңғыстаулықтар Көшербаевтың сөзін естіп, өзін көрсе, қан қысымы көтерілетін дәрежеге жеткен…

Айтпақшы-5, Өңірге жедел түрде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы келуі керек! Мен білетін Маңғыстау болса, олардың тыңдатайтыны әрі күрделенген проблемаға жауап бере алатын тек қана сол кісі!

деп аяқтаған болатынмын. Сол тілек орындалатын секілді. Бүгін, яғни желтоқсанның 22-сі күні Елбасы НӘН Ақтауға ат басын бұрды. Дұрыс шешім күтеміз.

Айтпақшы: Бейресми көздер бойынша, жаңа ғана Көшербаевтың орнынан алынғаны туралы ақпарат алдым. Облысты енді Бауыржан Мұхамеджанов деген кісі басқарады.
Әрі қарай