Назарбаев келді, Көшербаев кетті!

Маңғыстау облысын енді Бауыржан Мұхамеджанов деген кісі басқарады. Маңғыстау халқы зәрезап болған Көшербаевты орынтағынан алды. Негізі әуел естігенде қуанғандай болдым да артынан бірден басылдым. Эхх… Күрсінетінім сол, жаңа әкіміміз бұрынғы қызыл жағалы екен. Яғни экс Ішкі Істер Министрі. Осыған дейін сенатор болған. Жақсылықтың нышанын күтіп тұрған жоқпын. Әлбетте, бейбітгілік тілейміз. Алайда, ауылдағылар бұл жігітпен де ымыраға келе қояды деп ойламаймын… Бір Аллаһ қайырын берсін! Көрейік… Бәлкім оңалармыз…

Айтпақшы: Бұл кісі туралы ақпарат интернетте қат па деп қалдым. @Janasil -ға рахмет!

Өмірбаяны:

Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджанов — 1960 жылы 26 қарашада Жамбыл облысы Мерке ауданының Мерке ауылында туған.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1983), заңгер.
Заң ғылымдарының докторы (2008). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы басқару формалары: конституциялық үлгі және мемлекеттік басқару тәжірибесі».
1983 жылдан — С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында сынақ мерзімінен өтуші-зерттеуші, кафедра ассистенті.
1990 жылдың шілде айынан -ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Заңнама және құқықтық тәртіп мәселелері бөлімінің аға кеңесшісі, заңдардың орындалуы жөніндегі секторының меңгерушісі.
1991 жылдың қыркүйек айынан — ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Заңнама, құқықтық сараптама және талдау мәселелері жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары.
1992 жылдың қаңтар айынан — ҚР Жоғарғы Кеңесі төрағасы хатшылығының меңгерушісі.
1993 жылдың қаңтар айынан — ҚР Жоғарғы Кеңесі Заңнама, құқықтық сараптама және талдау бөлімінің меңгерушісі.
1994 жылдың ақпан айынан — ҚР Президенті және Министрлер кабинеті Аппаратының Заңна- ма бөлімінің меңгерушісі.
1994 жылдың маусым айынан — ҚР Президенті Аппаратының Заңнамалық бастамаларжәне құқықтықсараптама бөлімінің меңгерушісі.
1995 жылдың қараша айынан — ҚР Президенті Әкімшілігінің Заңнама және құқықтық сараптама мәселелері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі.
1996 жылдың желтоқсан айынан -ҚР Президенті Әкімшілігінің Заңнама және сот жүйесі мәселелері бөлімінің меңгерушісі.
1997 жылдың қазан айынан — ҚР әділет министрі.
2000 жылдың қыркүйек айынан — ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.
2002 жылдан — ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 2003 жылдан — ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.
2005 жылдан — ҚР ішкі істер министрі. 2009 жылдың сәуір айынан бері — ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
Бөлісу:

37 пікір

madlen
Не завидую жаңа әкімге
19852407
ал, мен «жаңа» әкімге жарыған жұртыма не завидую
Janasil

@timurrr, білесің бе, неге дәл осы кісіні қойғанын және бұл кісмі туралы ақпарат көзі аз екенін?

Царь-батюшкамыз әбден неткен екен.
Бауыржан Мухамеджанов Шелек пен Маловодныйда толқулар болғанда ІІМ басқарып тұрды, білсеңіздер. Келіссөз дегенге иліге қоймайтын, қаншалықты қатты адам екенін сонда көріп-білген шығарсыздар…
Сын дегенді жақтыртпайды емес, мүлде қабылдамайды. Пресса дегенді иттің етінен бетер жек көреді. Сондықтан да ол кісінің сұқбаты түгілі, ақпарат таба алмауың орынды, Тимуржан.
Қысқасы, «Бәкең» шиеленісті жағдайды ШЕШУГЕ емес, ТҰНШЫҚТЫРУҒА, БАСЫП-ЖАНШУҒА келді!
Айырмашылықты сезе алдыңыздар ма, қалай?
timurrr
Негізі әуел естігенде қуанғандай болдым да артынан бірден басылдым
дегенім сондықтан
Economist
Блин((( Иә, «бұрынғы мент»
Жоғарыдағылардың кадр саясатын түсіну қиын болып кетті ғой.
Кез келген әкім өндірістен шаруашылықтан хабары болу керек халықтың жағдайын түсіну үшін.
ал бұл кісі чисто заң шығарушы, полицейский. Жағдайға қарап қойған болуы керек.
19852407
тиран деп төтесін айта берсей қысқа ғана
19852407
Граф Дракула приехал посадить народ на кол....
Serzha
қазақша біле ме?
izbasar
Тараздың Меркесінен болса қазақшасы тәуір болар.
Economist
Қызылордалық дейді бейресми дерек көздері. Қалтай Мұхамеджановтың немере інісі.
19852407
Қазақша біле ме?

Осы сұрақты жолдау заңдылыққа айналғаны несі?!..
Өзіңді қор сезінетініңді мойындау секілді боп көрінеді
Serzha
негізі барлығы тынышталмағанша келмеу керек еді. чота соңғы кезде диктаторлар бірінен соң бірі кетіватр…
meirzhan
Бұл кісі уақытша келген шығар, жағдай басылғанша.
Жалпы ереуілші мұнайшыларға Қазақстанның 12 облысынан жұмыс берулерін, оларды бөліп тастау үшін деп түсіндім. Ал олар өз жерінде қаламыз деді. енді оларды басу керек, ол үшін бұрынғы мент керек
MrQ

толық келісемін
19852407
Бағытың дұрыс.
«Кіші жүзді найза беріп жауға қой» деп бекер айтпаған.
Ауызбіршіліктерінің мықтылығын көріп, жан-жаққа қаңғытып жіберіп, ту-талақайын шығармақшы билік.
Бүгін жұмыссыз мұнайшылардың қолдарына тізім ұстатты Ө.Шөкеев. «Бармаймыз!» деп бас тартқандарды үйінен келіп, әкетіп жатыр дейді (Оқиға ортасында жүрген мұнайшы досымнан сәт-сайын хабар алып отырмын).
FaraOn1
егер білімділікті дипломмен өлшейтін болсақ аз оқып, көп басқарған біреу екен
MrQ
Алматы жақтағы дауларда өзі дер кезінде қыймылдағанына мақтанғаны болар,
бұл кісі телдидардан Жаңаөзенде күш жеткілікті еді, оны дұрыс қолдана алмады деп ішкі істер министрлігін сыңға алған болатын, НӘН соны естіп қойып МӘ саған деген болуы керек

Lukich:
22 Декабрь 2011 в 16:36

То, что акимом области НАН решил назначить бывшего мента – это показатель. Бауржан Мухамеджанов руководил МВД когда были волнения в Шелеке и в Маловодном. Тогда он показал себя как очень жесткий человек, не склонный к переговорам и нетерпимо относящийся к критике в свой адрес. Прессу не переваривает органически. это видно по его немногочисленным интервью. поэтому Бауржан приехал в Мангыстау не конфликт урегулировать, а подавить бунт. Чувствуете разницу?
Unknown
Жаңаөзенге де Назарбаев келді.
Жаным ашып бара жатыр өлген кісілерге 15 адамнан көп өлген адам саны. Қазір сағат 18.54 Жалын орталығында Назарбаевпен кездесіп сөйлесу боылп жатыр видео түрі шығатын шығар күтудеміз тағы да Хабар мен Қазақстан телеарнасы ақпаратты бұрмалайды ау.
Aldeken
не ғо, кім еді атың, иә, айтпақшы, белгісіз біреу екенсің ғо, сен негізі қоя қойсайшы эмоцияға толы осы сарыныңды.
Жаңаөзенге де Назарбаев келді.
Жаным ашып бара жатыр өлген кісілерге
мынауыңды қазақшаны нашар түсінетін біреу оқыса, Назарбаев Жаңаөзенге барып өлгендерді қорлап жатыр деп түсінуі де мүмкін, ақпараттықсоғысынссс…
Сайтқа тіркелген кезіңе қарасам, К+ТВ каналының көтеріліс болмай тұрып, бүкіл материалдарымен сақадай сай тұрғаны секілді, сен де 1 желтоқсанда тіркеліп, дайындала бастаған секілдісің осы жердегі арнайы миссияңды орындауға.
Артық айтсам, ренжіме, менен кіші боларсың, бәлкім үлкен де шығарсың, құрдас та болуың мүмкін, бірақ, кішкентай кезінде төбелесте таяқ жегенде намысқа тырысып, көз жасыңды көрсетпеуге тырсқан шығарсың, бұл жерде де, эмоцияларыңды анау сыртқы есіктің ар жағына қалдырып кеткенің дұрыс… Өз ойым…
Unknown
Ешқандай анандай ой жоқ қарапайм жас баламын, логикан біртүрлі екен.
Aldeken
онда тем более, қоя ғой, осы жерде Саясат Бақтыгереич деген ағаң бар сол түсіндіреді неге қою керектігін… жарай ма? ренжіме, інім…
Unknown
Екі күн қуып, құсық коменттер жазыппын. Кешірім өтінем…
meirzhan
Бұл қолданушы жас бала болуы керек (эмцоия мен грамматикалы қателер сондықтан) және оқиға болған жерге жақын тұрады-ау дим (эмоциялары сондықтан).
Арнайы мақсаты жоқ сияқты. Егер керекинфоға арнайы провокаторды біреулер сайлап қойса, онда біліктілеу біреуді жіберуші еді.
Aldeken
мүмкін… күдік… жегідей жеген күдік…
Unknown
Сіздікі дұрыс әлі жас баламын.
Abilakim
Болар бала он үшінде баспын дер…
MrQ
НӘН ендігі не істесе ед халық алдындағы беделі нән дәәәәәй болып қалды
AKY
Көшербаев жақсы көтеріп кетіп еді Оралды. Маңғыстаулықтар, өздерің қырсықсыңдар.
Serzha
ақтаудың жергілікті телеарнасынан НӘН өзенді «тамашалауға» келді деп айтып жатыр лол
Serzha
үкімет қару қолданғанын мойындап, кінәлілерді анықтап алатындығына уәде беру керек
бірақ жанаөнедіктер де түнде болған жаппай тонауды да мойындау керек, оларды бандиттер жасаған жоқ, жанаөзендіктердің өздері, өздерінің тумаластары, аға-інілері
KILYZAMAN
«Малинин берген байталды Хрущев келіп қайта алды» — халық аузынан кеткен запыранның қалдығы… Кім келіп, кім нетпейді(не екпейді) айтатындары — Халық қамы Неге ол аксиома болып қалуы керек?.. "Өзгені жарылқау үшін өзіңді жарылқай біл" — осы тұжырымның сорлайтын, керек емес қадамға бейкүнә сананы зорлайтын кездерін ойлағанда
manshukn
Бізде журфакта бұрынғы деканымыз қазақша сөйлемейтіні үшін көтеріліс болып, БАҚ біраз шулаған, сол кезде ректораттағылар бізде жаңа декан қылып заңгер-журналисті (типа) жіберді ғой. Сақал сұраймыз деп мұртымыздан айрылдықтың кебін кидік.
manshukn
Жаңаөзендегі оқиға сол оқиғаға ұқсатқаным ғой
Makhabbat
Әдеттегі қосылғыштардың ғана орны ауысып жатыр.
Marco
Алайда, ауылдағылар бұл жігітпен де ымыраға келе қояды деп ойламаймын…
Мынау не сонда??? Айыптағаным емес, менің білуімше (таныс маңғыстаулықтардан байқағаным), сол ауылдағыларыңыз Көшербаевты келген бойда көз алартып қарсы алды. Сонда әкімдікке тек жергілікті жігіттер отыруы керек пе???