Arular.kz
image image

Компьютер ойындарындағы Қазақстан

Ернар patick Бекеновтың " Call of duty " ойнап отырып, Байқоңырда тапсырмалар орындағаны жайлы постынан кейін осындай тақырыпта жазба жариялағым келді. Жалпы, Қазақстан компьютер ойындарында аса жиі болмаса да, біршама кездеседі екен.

Уайтхиллдық Уайтмәунтейнде

Oral B қаласы (көктем) / Орал қаласы (life) Уайтхиллдық Хэтроуда (қыс) Уайтхиллдық Уайтхиллда (қыс) / Жаздың соңғы түні Енді міне, Ақтау. Иса пайғамбардың кезекті 2015 жылдығына берілген 4 күндік демалыста Каспийдің толқынын көрем деп шештім. Естеріңізде болса, дәл 1 жыл бұрын Атырауда...
image image

Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау

Қазақтар мен Адайлардың тойын салыстырып көргім келді десең, ә  Шымкент пен Ақтауды таңдауыма еш себеп болған жоқ Тұрсынбек Қабатов, асаба — Тойдың қалай өтетіні елге, мекенге емес, тойды өткізіп жатырған әулетке байланысты. Ал, тойдың басталуы, өтуі еліміздің қай өңірі болса да бірдей боп кетті...

Маңғыстау облысы. Ақтау қаласы, Студент көктемі - 2014

Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен жыл сайын «Студент көктемі» апталығы болып тұрады. Аталған шара биылғы жылы да кезекті алауын жаққан болатын. Биылғы апталық 21-25 сәуір аралығында өткізілді. «Студент көктемі — 2014» апталығына Ақтау қаласының жоғары, техникалық және...
image image

Маңғыстаудағы Домбыра Party-дың маусымашары!

2014 жылдың сәуір айының 21-інші жұлдызында Маңғыстауда Домбыра Патидың биылғы маусымы ашылды! Ашылуы керемет өтті.Қаламыздың тұрғындары, патидың тұрақты көрермендері риза болды. Соңғы рет Домбыра Пати 2013-тің 30 тамызында өткен болатын.Алдағы уақытта аптаның әр бейсенбі күні 14ш/а теңіз жағалауында, сағ 20:00 де...
image image

Ақтауда өткен Домбыра Party-ды бір есімізге түсіріп жіберейік!

Домбыра — думан!!! Аталардың жолымен жиған үлгі Домбыраның шанағына сыйған үнді, Құдіреті қос ішектің дәлелдесін «Қазақ» болып атадан туғанымды! Шабыт берсін шалқыған кеуделерге Желбіретсін желкенді туларымды! Әсем әуен төгілген пернелерден Көріңіздер, домбыра думанымды! Суреттейтін...
image image

Ақтауға астаналық көзқарас

“Басы қатты болса, аяғы тәтті болады” дейді. Алдымен, кем тұстарын жаза кетейін. Ақтауда айтарлықтай 3 мәселе: Су Көше тазалығы Аталар Астанада да суды сатып алып ішетінбіз, бірақ, бізде әр жерде литры 5-10 тг аппараттар, одан қалса WaterLife, Хрусталь секілді суды тазартып сататын компаниялар...

Сағыныш

… Сағынышымнан құс жасап алып, Ұшырсам ба екен, аспанға… Құралбек

Ақтау қаласындағы № 10-ыншы ДОМБЫРА PARTY.

Ақтауда атаулы № 10-ыншы Домбыра Party және open air форматындағы мини-ауызашар өтті.Бұл күннің ерекшелігі-теңізден соққан самал жел патиге қатысшыларды біршама мұздатып та алды. Осыған қарамастан патидің думаны түн ортасы 12-ге дейін жалғасты. Тағы бір ерекшесі- патишілер өздерімен бірге тамақтарын, термосқа құйылған шайын да ала келіпті. Сонымен мұнда ауыз ашар да, ән-күй де болды. Соңын ала атақты өнер жанкүйері, жыршы-термеші Қамбар Оразовтың келе қалғанын қайтерсің? Пәтидің тұрақты қатысушы өнерпазы Жексембаев Нұрсұлтан

Жабо жасаудың сыры ашылды

Саламатсыздар ма, құрметті КерекИнфодағы достарым! Осыдан 1-2 ай бұрын «Жабо және оның жасалуы» туралы пост жазамын деп уәде берген болатынмын. Осында пост жазбасам да, Екпіндегі Айнұр деген ЕркеҚызға сұхбат бергенмін. Оқи отырыңыздар. Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы

Ақтау қаласында 3-ші рет ДОМБЫРА PARTY өтті !

Ақтау қаласында Маусым айының 6-шы жұлдызында 14 шағын-аудандағы теңіз жағалауында 3-ші рет Домбыра Party өтті. Ең алдымен әдеттегідей Уайс Ерсайынұлы ағамыз жиналған қауымға Домбыра Party жайлы қысқаша мағлұмат берді. Кештің басты қонағы болып Астана қаласынан Алмас Алтай мен Нұрғиса Асылбек келіп кешті қыздырып жіберді.Бұл Домбыра Party –де алғаш рет Азамат Орынбасаров пен Жанар Айлашованың арасында айтыс болды. Айтыс халықтын қызғушылығын арттыра түсті. Домбыра Party –ге Төлегенов Хазрет,Қыдырбай Қарабаев, Жексембаев Нұрсұлтан, Ержан мен Ақерке, Азамат Орынбасаровпен Жанар Айлашова атты апамыз және тағыда басқа Ақтау қаласының жастары, егде жастағы апа-ағаларымыз келіп, өз улестерін қосты. Сөйтіп Ақтау қаласында өткен 3-ші Домбыра Party өз мәресіне жетті.

Каспий жағасындағы алғашқы party, Домбыра party 23.05.2013ж

«Домбыра Party» деген бір өзі керемет бастама сияқты ғой! Анау Алматының жастары әр бейсенбі сайын кешкі жетіде Арбат деген жерде жиналып, домбыра тартады екен. Біздің Ақтауда теңіз жағасында осылай жасауға мүмкіндік бар ма?! деп Маңғыстау фейсбукшыларының тобына Уайс Ерсайынұлы ағамыз екі үш күн бұрын тақырып қозғаған еді. Содан осы бейсенбі өткізейік деп келісіп, бәріміз ұйымшылдықпен Ақтау қаласында, Каспий теңізінің жағасында кешкі саған сегізде алғашқы Домбыра party-імізіді өткізіп жібердік. Мүмкін басқа домбыра патиларға қатыспағандығымнан шығар, бірақ бұл домбыра пати меніңше керемет өткен сияқты. Енді әр бейсенбі, сағат 20:00-де, теңіз жағасында, Астана ойын сауық кешеніне қарсы аялдам жанында жиналатын болып келістік. Суреттері міні.

Кешкілік серуен... 12 мамыр 2013 жыл

Сәлем саған, қарт Каспий! Сән беріп кең далама, қазағыма Айналдың сен Маңғыстау ғажабына. Сәлем саған, қарт Каспий толқындаған Қараймын да тоймаймын ажарыңа. Киелі Маңғыстаудан орын тепкен, Көк теңіз, саған сонша құштар екем. Бұлқынған толқыныңды терең құшып, Құмарымнан шығам ба қанша жүзсем! Бір ғажайып сиқыр бар сенде бәлкім, Келуге жаны құштар саған әркім. Толқыныңмен достасып жел мен тас та Алтын күн де төгер саған таң шапағын. Жағаңда батамын мен ойға терең Ғажапсың-ау, Каспийім, шыныменен Қыстыгүнгі ажарың болған аққу Үн қосып сырласқандай меніменен. Жырымды жазылған пәк көңілімнен Арнаймын ақ жүректен өзіңе мен. Маңғаз дала төрінен орын тепкен Каспийімді шынымен де сүйемін мен. Сан ғажапты сыйғызып алабыңа Көрген адам таңдай қақты саған мына. Көркінен көз тұнатын әсем теңіз Жайнай берші сән қосып...

Махаббат Апталығына: Тағдыр

Махаббат апталығын бастаған сайт әкімшілігіне алғыс білдіремін. Мынау өлеңді жақында жазғам, осында ілем деп жүргенде біраз уақыт өтіп кетіпті. МАХАББАТ АПТАЛЫҒЫ жақсы идея, дәстүр-салтты қайдам, әдемі сылтау болды… Кешіріңіздер, мәртебелі ПОЭЗИЯ сөз алсын, алдымен аз-кем кіріспе, өлең тарихы іспеттес… Ақпанның 13-14 күндері Маңғыстау, Ақтауда үлкен өнер кеші өтеді. Есімдерін ел білетін, өнеріне әлем шапалақ ұрып, қошемет білдірген «Жорға» халықтық би ансамблінің құрылғанына 15 жыл толады. Сол «Жорғаның» бас бапкері менің досым, Серік САРИЕВ деген азамат. Ансамбль қазақ эстрадасындағы біраз қыз жігіттермен тығыз байланыста жұмыс жасаған. "Қазақтың 100 әні",«Аймақтар аламаны» секілді жобаларда аса жоғары жетістіктерге жеткен. Тамара Асардың жеке би ұжымы болып саналатын «Жорғаға» жақында Роза Рымбаева құда түсті. Ақпанның ортасындағы Ақтаудағы кеш өткеннен кейін...

Инвестиция

ИНВЕСТИЦИЯ … Махаббат пен адамгершілікті мадақтайтын, жеңіл әзілге құрылған сырлы картина секілді зу ете түсіпті.

Жеті нан

Жеті нан … Күнделікті тірлік сол: түн ортасына дейін әңгіме соғып, интернет ақтарып, сәріде безілдеген будильниктен қинала оянып, төсектен тұра сап, апыл-ғұпыл жуынып, «таңғы ас тәңірден» деп жұмысқа тартамыз… Бүгін күндегіден де ерте тұрып, жұмысқа асықтым. Кіреберіске шыққаным сол екен тамаша бір иіс танауды жарып жіберді… Кәдімгі бауырсақ иісі! Тас қалада жүріп ұмытыңқырап та қалғандаймыз ба, балалықтың тәтті иісін… Екінші қабаттан төмен сырғи берген едім, қаптал есік ашылып үйден бір әже шыға келді. — Балам, бүгін жұма ғой, жеті шелпек пісіргем, ала ғой, жұмысқа барып жерсіңдер…