Ақтауға астаналық көзқарас

“Басы қатты болса, аяғы тәтті болады” дейді. Алдымен, кем тұстарын жаза кетейін. Ақтауда айтарлықтай 3 мәселе:

Су

Көше тазалығы

Аталар

Астанада да суды сатып алып ішетінбіз, бірақ, бізде әр жерде литры 5-10 тг аппараттар, одан қалса WaterLife, Хрусталь секілді суды тазартып сататын компаниялар бар. Мұнда жақын маңнан таппадық, 5л 240 тг алуға тура келеді. Бұл – ауыз су. Жуынатын су таңмен ауыз шайғанда бір түрлі дәм келеді. Жалпы, келгелі бірнеше рет душқа түсіп алдық. Ақсайдың суынан жақсы екен, болады)

Алғашқы күні түнде “біздің қала тазааа” деп таныстырып келе жатты, сол кездің өзінде асфальтсыз тратуарда келе жатқанбыз. Мен үшін қаланың ең үлкен кемшілігі осы көшелер болды. Арнайы суретке түсіргенім жоқ. Қасымдағы жолдасыма өзімнің жылауық екенімді көрсетіп қойдым ау дим)) Ақыры көніп келем, өз-өзімді сыйлау дәрежем күннен күнге түсіп келеді. Аяқ шаң-шаң, сүрініп-қағынып, бастапқы кезде аттап-аттап таза жерлермен жүретін ек, қазір “Мына жер тратуарға ұқсайды екен” деп баса беретін болдық.

Және бір мәселе – аталар. Жергіліктің халықтың айтуы бойынша Ақтауда 362 ата бар екен. Олардың басында тілек тіленіп, құрбандық шалынады екен. Бұл ырымдардың ислам дініне еш қатысы жоқ. Бұл менің сөзім емес, барлық мешіт имамдары, т.б. діннен хабары кісілердің бәрі растайды. Сондықтан, осында келіп жүрген мұсылман кісілерге осы жайлы нақты жеткізілсе екен деп тілеймін.

Ал, енді жақсы жақтарына тоқталып өтсек:

Қазақша

Алғаш келген түні Ақтау жастарының ортасында кеште болдым. Бәрі қазақша жібереді әңгімені. Арасында біреу орысша сөйлесе, “понт” сияқты көрініп қалады екен. Жастар қазақша сөйлесе, ары қарай да қазақша болады, ақтаулықтар барда қазақ тілі өлмейді ИнщаАлла!) Магазин, ресторандарда әдейі қазақша сөйледім))
Қазақстан өңірлері: Ақтауға астаналық көзқарас
Кездесу пунктінде түрік шәйін ішіп отырмыз

Қонақжайлылық

Абылаймен Блогкемп 2012-де танысқан болатынмын. Ақтауға келгелі 2-ші рет көруім. Күн-түн демей, қыдыртып, демалыс күні үйіне Өзенге, кейін ата-әжесінің үйі ауылы Сенекке қонақ қылған ақкөңіл амигоға не тілесем болады?! Аман бол, көздеген мақсаттарыңа жете бер. Қысқа ғана ғұмырымызды нағыз жолдастар болып өткізейік. Барлығы үшін рахмет.

Қазақстан өңірлері: Ақтауға астаналық көзқарас
Оох, өмірімде шұбатты осылай тойып ішпеген шығармын)

Шыны сол, қанша жерде болсам да, дәл осындай қонақжайлылықты көрмеппін. VIP қонақ болдық) Үйден үйге кіріп жатырмыз, қай жерде де “Төрлетің, тамақтан алың”. Алдыңа ет, шұбат. Қолыңа жастық. “Қисайып жату” деген де бар екен. Біраз үйреніп алдық. Ақыр соңы, қонақ болу жаға бастады не керек)

Одан басқа Айтабердің және бір қолданушысы Есболат ағамыздыкінде қонақта болдым. Қазақ ИТ-нің жанашырларының бірі, көптен бері қызықтырып, жүздесу арман болып жүрген Тимур Бектұр ағамызбен де кездестім. Ниеттеріңізге рахмет!

Қазақы тәрбие

Анашым бұрындары “қыз алсаң, батыстан ал” деп жататын. Бір барғанда бір қызға атастырып қайтыпты, “қара торының әдемісі, хат жаз, хабарлас” деген. Ол кезде “қара” дегеннен-ақ)) Әлі күнге дейін дейін “қара торының әдемісін” елестете алмайды екем… Рианна?)

Ақтаулықтар дөрекілеу болғанмен әйел кісілердің тілдері жұмсақ секілді көрінді. Сыпайы мінез, нәзік, сабырлы… Енді біз жақтың Астана, Алматының қыздарынан айырмашылық көзге ұрып тұр. Қайтқанша ойымды өзгертетін оқиға болмаса, ИнщаАлла осы жақтан алуға тырысармын.

Жалпы, адамдары бөлек бұл жақтың.

Өзге де қызықтар

Әлбетте, Каспий! Ақтаудың ең басты байлығы. Теңіз көру арманым еді. Біз тоқтаған үйдің терезесінен көрініп тұрады. Әттең күн салқындау түсуге. Жағалауды кезіп тоздырдық. Жағалаудағы жартастар, “ракушкалар”, толқын – бәрі қызық. Толқын кеп, жағалауға соққанда қорқып кетеді екенсің.

Қазақстан өңірлері: Ақтауға астаналық көзқарас
Сені іздеп арманым, Каспийді шарладым

Қалада жасыл аз, оны түсінуге болады. Ауа-райы жазда ыстық, шөлейтті жер. Жерасты суы өте тереңде, жер бедері кемінде 4-5 метр құм болса керек, бау-бақша шығу ықтималдығы аз. Түйе көп екен. Және Қарақия каньоны, “домалақ” тастар, бархан құмдар, “ерекше” төбелер, гектар гектар мұнай алқабы(“качалкалар”). Сөзбен жеткізу қиын, оны барып көру керек, өкінбейсіз. Абылайға түссеңіз, 2 есе өкінбейсіз))

Қазақстан өңірлері: Ақтауға астаналық көзқарас
Абылайдың ауылы

Қазақстан өңірлері: Ақтауға астаналық көзқарас
Бархандағы бархандар)

Қазақстан өңірлері: Ақтауға астаналық көзқарас
Ауылдың барханға қарсы жақ беті осындай мраморный тау

Қазақстан өңірлері: Ақтауға астаналық көзқарас
Қарақия

Қазақстан өңірлері: Ақтауға астаналық көзқарас
Осындай бір качалканы қалай иеленсе болады? Қатты ұнап қалды.

Қазақстан өңірлері: Ақтауға астаналық көзқарас
Мұнда біз болдық.

Сол, Ақтау керемет әсер қалдырды. Жаздыкүні теңіз түсіп, ыстығына күйгім келеді. Қош, Ақтау, көріскенше!!!

Өзге суреттерді ФБ парақшамда көре аласыздар. https://www.facebook.com/ereke.enu
Дереккөз: http://erekeenu.wordpress.com/2013/11/05/aktau/
Бөлісу:

48 пікір

nursipat
362 әулиелі мекен Маңғыстау!
ereke_enu1
Әулиелерге барып, тілек тілеп, басына құрбандық шалудың ислам дініне жат ғана екенін айттым. Дін жайында сөз таластырғым келмейді. Өзіне осы мәселені маңызды деп санаған кісі, менсіз де анық қанығына жетіп алар. Тағы қайталап айтам, бұл менің сөзім емес, кез келген діннен хабары бар имамдар, ислам университетінің оқушылары, т.б. бәрі растайды. Одан арғысы әулиелерден сұрау ислам дінінде Аллаға серік қосу ретінде кешірілмес үлкен күналардың бірі болып саналады. Олай болса, мен жай мұсылман бауырың ретінде ескерттім, өзің шешерсің. Қайдан, кімнен сұрауға болатынын да айттым.
bizbike
Ақсайды аузыңызға алған екенсіз, жазып кетпедіңіз бе сол туралы )))))))))
Батыс өңірінде тек Ақтауда болмаған шығармын. Ақтөбе, Орал, Ақсайда тұрдық, енді Атырауға көшкелі жатырмыз… Ақтау, Ақтау
ereke_enu1
Ақсайдың жаздыгүні кешкі жұмсақ ауа-райы қатты ұнайды. Басқа айтарлықтай қызық таппадым. Мұнай кен орны болған соң пайда болған қала деп ойлаймын.
ereke_enu1
Неге байланысты сонша көшіп жүрсіздер?
bizbike
көшпеліміз да енді, жұмыс бабымен…
Adiletshu
Тал өспей ма, тып-тықыр ғой
ereke_enu1
Ия, шөлейт қой ой бұл жақ. Елді мекендерге жақын маңда ғана бар сияқты
Adiletshu
Ана қыздардың беттерімен түскен суреті жоқ па
ereke_enu1
Сол жоқ-ау дим. Шәйнекті ғана түсіргем)
Adiletshu
Мал қайда жайылады? Шөп өспейтін жер сияқты ғой
Adiletshu
Осындай қатаң табиғатта өмір сүріп жатқан адамдардың крупный планом түскен суреттері бар ма
ereke_enu1
крупный планом суреттер жоқ
Adiletshu
Осы Маңғыстауда 360 әулие туралы ұнамайтын бірнәрсе айтып қойсаң аңыңды шығарып жібереді деген рас па
ereke_enu1
Ол, ең бірінші адамның өзіне деген сенімділігі мен эмоциясын қаншалық ақылмен басқара алатындығына байланысты болар) "Әулиемді мойындамадың" деп сабағанды естімедім.
bizbike
Осы жазда қызым барған Ақтауға, көмір құсап қап-қара болып келді, өзі де ақ емес еді, сонда да әппағым деймін ))))))))))
Dzhonsaken
Ақтауға көшіп кеткен бір Адай тамыр бар еді. Осы жазда штатқа келіп кеткен қыдырып. Сол айтады:
— Бірінші барғанда қой еткем, қу медиен дала ғой деп. Малды қайда жаяды деп жүрсем ояқта да мал жаятын жайлау бар екен (Айтқан кординаттары есімнен шығып кетіпті). Кәдімгідей үйір жылқыны Тoyoto Prado-мен қуып жүр әнәсс! — деп қояды…
Соңғы түзету:
bizbike
Малды прадомен, қатырады ей. Ұшағы болса, ұшып жүріп айдайды ма екен?
Очм бір рет пойызда ақтаулықтар келе жатыр Оралға құда түсуге, делегация шал-кемпір және бір келіншектен тұрады. Ана келіншек қарсы отырған қыздан қоймайды сұрап, аты-жөнің, руың кім, анау-мынау деп, қасындағысы "қойшиш" десе, «білейік те енді кіммен келе жатқанымызды, досымыз ба, жауымыз ба» деп қойып қалды ғой, көру керек енді оны, қызық.
Dzhonsaken
Ұшағы болса, ұшып жүріп айдайды ма екен?
MickThatsMyNick
Осы жазда ата-анам барып келген дем алып Ақтауға, ауасы, суы, табиғаты, көшелері бөлек дейді.
ereke_enu1
Өзіңіз қайдан боласыз?
Ispek92
Еее, әлгі Гаараның ауылы екен ғой, қай жақ десем. Спортқа тойыс футболға қалай екен, құм болса жап-жақсы ғой доп қууға. Байқамадың ба???
ereke_enu1
Жоқ, ондайларды көрмедім. Әйтпесе, ақтаулықтармен бір ойнап көруге болушы еді))
AnarAlibayeva
Жұмыс бабымен Ақтауда болдым. Енді теңіз болғасын ерекше ұнады. Не хабар дейтіндері қызық. Қазақшалап өлтіреді. Сосын өзіңде өшесің. Айтпақшы аэропорт жақта жайылып жүретін талай талай үйір үйір жылқыларды көрдім. Енді керемет! Сөзім жоқ. Шарбақтары туалеттері ракушеблоктан салынған. Біз оны үйге әрең жеткізіп алсақ, оларда бәс арзан болғасын ба, бәрін ақтаспен көмкеріп тастаған.
elton_kz
Бәрінен таксиды айтсаңыздаршы, 200 теңге!
ereke_enu1
Ия, ия)) Көпшілік газбен жүргеннен болу керек. Әйтпесе, біздің ауылдың өзінде 250 сияқты
Dzhonsaken
Бәрінен таксиды айтсаңыздаршы, 200 теңге!
жолай ма әлде нүктесі ма?
ereke_enu1
нүктесі
Dzhonsaken
нүктесі
инфлиция коэффициенті біздің штатпен бірдей екен онда…
elton_kz
біздің штат
қай штат???
Dzhonsaken
қай штат???
ОҚО, штат Қараой…
bizbike
сіз қай штаттансыз сонда?
Dzhonsaken
бәс
деген не зат?
AnarAlibayeva
құны және бәстесу деген бар. ол ақша тігу.
ken
Суы тартылып кеткен теңіз түбіне ұқсайды жерлері.
bizbike
Сор ғой, бірақ шөлейтті де көккімбек қылып қойяды ғой қытайлар, солай істеуге бізге не кедергі?
Aldeken
ештеңе кедергі емес, істесеңізші))))))))))))))
bizbike
Мен істеп жүрмін, жүрген жерімде гүл егіп кетемін. Уоооооот, ертең Атыраудағы үйімде де сүйтемін.
ereke_enu1
Мемлекеттен ақша аударылуы керек))
ereke_enu1
Әбден мүмкін. Алдын өздері де айтып жатқан. Қаланың сыртында қыраттар бар, сол теңіздің жанында жатқан тастарға ұқсайды. Ғасырлар бұрын Каспийдің қазіргіден де үлкен болған сияқты.
bizbike
мүмкін емес, болған. Болмаса сонша мұнай аспаннан түскен жоқ қой
ereke_enu1
ааа… мұнайдың тек теңіз астында шығатынын білмеппін
ArailymKalen
Каспийіміз ұнаса болдығой!) Айтпадынба аяқ-киімім шаң-шаң болып қалды деп, таза жерлерді таныстыратын едікқой)Әлі көрмеген жерің көп біздің Ақтауда!))Тағы кел!
ereke_enu1
Құдай қаласа, әлі талай барармыз)) Рахмет.