Уайтхиллдық Уайтмәунтейнде
Oral B қаласы (көктем) / Орал қаласы (life)
Уайтхиллдық Хэтроуда (қыс)
Уайтхиллдық Уайтхиллда (қыс) / Жаздың соңғы түні
Енді міне, Ақтау.
Иса пайғамбардың кезекті 2015 жылдығына берілген 4 күндік демалыста Каспийдің толқынын көрем деп шештім. Естеріңізде болса, дәл 1 жыл бұрын Атырауда болғам. Қолдан келгенше, қалтам көтергенше демекші, жыл сайын Қазақстанның өзім үшін жаңа облыс орталықтарында болуды мақсат еткенім рас. Ал негізгі мақсат — Қазақстанды визуалды құшақтау, ойша игеру. Үнемі гастрольде жүретін өнер иелері не кәсіпкерлер секілді немесе командировкада жүретін өзге де мамандық иесі болмасам да, бұл мәселені уақытынан бұрын шешем дегенім шығар бәлкім. Қазақияның кез келген қаласын атай қалғанда, басты көшелері мен орталықтарын еске түсіріп ойша қорытып жібергеннің пайдасы болмаса, кедергісі қанша?!) Оның үстіне жаңа таныстықтар.
Басты көшелер мен орталық демекші, Каспий жағасында орналасқан бұл қаланы тек көзбен жаттап алатының рас екен. Өйткені бұяқтың мекен-жайы телефон нөмірі секілді.
Ақтөбе вокзалы. Төрткүндік демалысты тиімді пайдалану үшін «қайтарда ғана пойызбен» деп, Ақтауға ұшу билетін ертерек сатып алғанмын.
Біздікі сонда да УЛЕТАЙ ғо (01.01.15 сағ. 16:00)
«Каспий» тобы әндеткендей: «Ақтау – арман қала, көкке алып ұшқан»
Бір сағат жарымдай уақыт кетті
Халықаралық әуежай. Қаладан 20 шақырымдай жерде орналасқан.
Кешкі алты. Былтырғы Атырау секілді қара жер, бірақ ауа темпі жылылау.
«Фотоаңшылық басталды»
Келесі күн. Каспийдің өзі де
Ақтаудың чайкілері
Дала үйректері
Каспийге қарап ойға шомылған бір ақсақал
Бірін-бірі балаша қуып ойнаған толқындар, чайкілер, паромдар
Лямүуғ
Аталмыш кафе ішінде
Жергілікті тұрғындардың өздеріне үйреншікті болса да, көлден көз алу кейде оңай болмай жатады
Қара Лансер орталыққа жеткізді. Такси бағасы қала ішінде 200-300 тг.
«Ақтау» ойын-сауық кешені
Іші
Чаплинде ежелгі Мысырдағы еврейлер туралы фильмді қарап болғанша кеш те батты. Бір қызығы, штативті Ақтауға апарып тұрып қолданбаппын))
Тутұғыр маңы
Көңілге жаққаны — қаланың қазақылығы басым. Тілге жатталып қалған орысша сөздердің өзі автоматты түрде қалай қазақшаланып қалғанын білмей қалып жатасың. Шыныменде, көп нәрсе ортаға байланысты екен. Мысалы, осындай түнгі клубтарда тек қазақы клубняктар ойналса керемет емес пе, өзіміздің қазақы түнгі өмір стиліміз қалыптасар ед. Бүгінгі таңда Бейбіт Қорған бастаған қорға қазақша клубняктардың біршамасы жиналды.
Күндіз де көшеде жаяу жүргіншілер көп емес, көбі таксимен жүреді.
Кезекті күн. Қаланың көне бөлігі.
Тұрғын үйлердің нөмірлерін алыстан көруге болады. Ауа температурасы – 02 — 03 °C
Үлгергенім осы)
Такси құны қала ішінде 200-300 тг. Мекен-жайды сандармен емес, «аққуларға, кеменің ескерткішіне» деп жергілікті еместігіңді білдіртіп айтсаң, әлбетте, баға қымбаттау болатыны хақ.
Сары базар
Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг Университеті.
Қайтарда жаңбыр жауды
Сауда-саттық порты
Бірақ, вокзалдың жағдайы алдына тоқтаған мына опель секілді. Вокзал да қаладан қашық орналасқан.
Қалаға «келесі көріскенше» деп, енді жата бергенде мынадай картиналар кетті:
Көліктің жарнамасына қатып кететін план.
Вестерн жанрындағы фильмдерге сұранып тұрғандай.
Маңғыстау орталығына жасаған екі күндік сапарым осындай болды. Әрине 2 күн ішінде өңірмен жақынырақ танысып үлгермейсің. Әйтсе де, алғашқы таныстығым орнады. Ақтауға қатысты «362 бұл жақта киелі сан» секілді өзге де ерекше ақпараттарды инет кеңістігінен таба жатарсыздар.) Батыс орталықтарын болдық, алда енді оңтүстік өңірі.
Фотоаппарат: Гэлэкси Дуос, Canon EOS 7D, штатты объектив EF-S (18-135 mm), штативсіз түсірілген.
Әдеттегідей бейнебонус: Ақтау — хАрман қала
PS: Суреттерді қолданар болсаңыз, посттың сілтемесін көрсетуді ұмытпаңыз!

Күшті суреттер, әсіресе Аяз Ата, әкенің баласын көтерген тұстары… Биыл қыздармен уәделескен ек шетелде демалуға, болмай жатса осы Ақтау бір нұсқада.
Қонақүй тиімді ме, әлде пәтер жалдап тұрған ба, Ақтаулықтар? Шамамен 1-1,5 аптаға барсақ)
Өз басым таныс адамның «скромный» қонақүйінде тегін тұрдым 2 күн. Пәтердің қаншаға шығатынын білмеппін.
Әрине, егер Ордада болсам… Былайғы уақытта Астанадамын ғой)
Ақтау — керемет қала (естуім), бару жағын білмедім, жақын жоспарымда жоқ. Адресті тел.нөмір сияқты айтатыны қалай сонда? Көшелерінің аты жоқ па Абай, Фурманов сияқты? )
— жаяуға көзім сүрінбегенін тасымал арзан болғандықтан болар деп түйдім;
— алматыдай болмаса да жер бедері баршылық секілді(найд);