Шақшаның мәні...

Біздің ауылда Құсайын деген шал бар (шалбар емес кәдімгі ақсақал). Сол кісінің қалтасында екі шақша жүреді екен. (Шақша-насыбай салуға арналған ыдыс, мүшеқаппен шатастырмаңыз).Бір күні құрдасы Құсекеңнің шақшасын атып отырып, «Осы сен мынаны айтшы. Біз насыбай сұрасақ басқа шақшадан бересің,өзің басқасынан атасың?» деп сұрапты. Сонда Құсекең «мынау менің өзім ататын насыбайымның шақшасы, ал екіншісі атылған насыбайымды салатын шақшам»десе, анау «Е, бәсе! Құсекеңнің насыбайы неге „слабый“ деп ойлап жүрсем»депті.
Бөлісу:

6 пікір

edige
«Абайдың насыбайы мықты» деп айтады адамдар. Атамыздан ұяттау тәрізді ме.
sammita
-Насыбайыңыз жақсы ма апа?
-Абайдағы Шалдың насыбайы ғой.
-Ааа, онда беріңіз.
ErNur
Әбілай сеніңде шығармайтының жоқ :))) Біздің ауылда да Құсайын деген жігіт бар 66 жылғы ма екен. Опшым ол не важно. Маған ол жезде болып келеді жолдасы рулас апам. Құсайын, тас төбеңе тышайын деп жынды қыламыз өзін :) Жеңіс деген кластасым бар бала кезімізде көшеде кетіп бара жатырып мәшинемен, тырактормен кетіп бара жатқандарға амандасып жатқанға ұқсатып шешен… тгин… деп прикол ұстайтын, аналар амансыңба дегендей басын изейтін :) Соны көріп тағы бір Саттар(қазір гаишник) деген кластасым трактормен келе жатқан Құсайынға Жеңістің приколын жасаймын деген ғой. Дауысы қатты шығып кеткен болу керек, анау тракторды тоқтата салып секіріп түсіп, ұстап алып, оңдырмай сыбағасын беріп жіберіпті :)))))))
sammita
Әлдеке деген шебердің бір қаралық күміспен нақыштаған келісті шақшасын бір би үйіне келіп отырып, тамыр болайық деп ат-түйедей қалап алады да, келесі жылы келіп қолқанды ал деп шақырып кетеді. Әлдеке шебер келесі жылы барса, би қолқа бермек түгіл “шақша даулай келдің бе?”- деп келеке қылады. Әлдеке шебер ханға жүгінеді. Хан: “Қолқа сұрағандай оның қандай шақша еді?”- дейді. Сонда Әлдеке шебер:
Шақшам шақша-ақ еді,
Шақша да болса жақсы-ақ еді,
Кер бұғының мүйізі – нақысы еді,
Бір қысырақ істеген ақысы еді.
Гауһар мен жақұттан салған көзі бар еді,
Қолқасын келесі жылы аларсың деген сөзі бар еді, — деген екен.
Хан: “Шақшасын қайырып бер, қайырмасаң қалағанын бер”, — деп кесім айтыпты.