Шақшаның мәні...

Біздің ауылда Құсайын деген шал бар (шалбар емес кәдімгі ақсақал). Сол кісінің қалтасында екі шақша жүреді екен. (Шақша-насыбай салуға арналған ыдыс, мүшеқаппен шатастырмаңыз).Бір күні құрдасы Құсекеңнің шақшасын атып отырып, «Осы сен мынаны айтшы. Біз насыбай сұрасақ басқа шақшадан бересің,өзің басқасынан атасың?» деп сұрапты. Сонда Құсекең «мынау менің өзім ататын насыбайымның шақшасы, ал екіншісі атылған насыбайымды салатын шақшам»десе, анау «Е, бәсе! Құсекеңнің насыбайы неге „слабый“ деп ойлап жүрсем»депті.
Әрі қарай