Насыбай мен темекі

Бір ағамыз зауытта ауысым бастығы болып жұмыс істейді. Өзі намаз оқиды, ішімдік-шылым дегенге жоқ. Бірде жұмысқа келсе жұмысшылардың бәрі шылым шеккен жөн бе, әлде насыбай атқан дұрыс па деп қызыл кеңірдек дауға түсіп жатыр екен (). Кіріп келген ағамды көрген олар, шылым да шекпейтін, насыбай да атпайтын осы кісіден төрелігін сұрайық депті. Мәселеге қаныққан ағам «Шылым шеккеннен көрі, насыбай атқан» дұрыс қой депті. Насыбайды жақтаушылар біз жеңдік дегендей өре түрегеліп (), «айтыңызшы неге насыбай атқан дұрыс» десе, ағамыз «Енді боқты қағазға орап, пісіріп жегенше, шикідей дәмін алып жеген әлдеқайда жақсы емес пе» дейтін көрінеді.
Әрі қарай

Көзге тышатын шыбын

Бізден екі жас үлкендігі бар ауылдасым бала кезінде «көзің неге қисық?»деп сұрағанымызда «көзіме шыбын тышып кеткенде насыбайды көп тамызтып жіберген» деп түсіндіретін. Рас-өтірігін кім білсін.Бірақ әлгінің марқұм әкесінің екі көзі екі жаққа қарап тұратын.
Әйтеуір біздің Жаңаарқа көлемінде «Көзіме шыбын тышып кетті» десе ешкім таңқала қоймайды.
Әрі қарай

Бауырымның қуанышын бөлісіп

(61 Kb, 600x450)
(48 Kb, 600x450)
Жүрген жерімде суреттерін іліп, жарысқа барғанын мақтанып жазып жүретін інім бар (Аллаға шүкір!).
Титтей күнінде «тезірек мектепке барсам екен» дейтін, білімге аса құштарлығы жоқ екенін біліп «неге» десең, «мектепке барсам насыбай атамын»
Әрі қарай

Шақшаның мәні...

Біздің ауылда Құсайын деген шал бар (шалбар емес кәдімгі ақсақал). Сол кісінің қалтасында екі шақша жүреді екен. (Шақша-насыбай салуға арналған ыдыс, мүшеқаппен шатастырмаңыз).Бір күні құрдасы Құсекеңнің шақшасын атып отырып, «Осы сен мынаны айтшы. Біз насыбай сұрасақ басқа шақшадан бересің,өзің басқасынан атасың?» деп сұрапты. Сонда Құсекең «мынау менің өзім ататын насыбайымның шақшасы, ал екіншісі атылған насыбайымды салатын шақшам»десе, анау «Е, бәсе! Құсекеңнің насыбайы неге „слабый“ деп ойлап жүрсем»депті.
Әрі қарай