Екі жылға созылған екі күн

Блог - AidaMuntiyeva: Екі жылға созылған екі күн
Орыс тілі сабағы. Қоңыраудың соққанына бес минуттай болды. Кабинетке апайымыз кіріп келді(екі күндік іс-сапардан келген). Әрқашан сұлу, өзіне жарасымды киімін киіп, ерекше күтіммен, тіпті шаш үлгісін де жоғарғы талғаммен жасайтындығына үйреніп қалған біз оның бүгінгі күйіне үйренісе алмай-ақ қойдық. Апайымыз бұны байқаса керек, орнына жайғасып отырып алды да, күліп жіберді. Оқиғаның мән-жайын білмей, жалтаң-жалтаң етіп біз отырмыз. Екі-ақ күннің ішінде басымнан не өткені, үш ұйықтасаңдар да түстеріңе кірмес...-деді. Біз болсақ, не болды екен?-деп одан әрі қызыға түстік. Апайымыз сәл жымиып, әңгімесін бастап кетті.

Осыдан екі күн бұрын, ақпанның төрті. Қасымда екі әріптесім бар, үшеуміз Орал вокзалында поезд күтіп отырмыз. Ертең Астана қаласында өте маңызды семинар. Міне, поезд да келіп тоқтады. Екі әріптесім мініп кетті, билеттерімді көрсетіп мен де соңдарынан шапшаң мінейін деп жатсам, тексеруші құжаттарымды көрсетуімді сұрады. Мүлде есімнен шығып кетіпті, құдды поезға алғаш мініп отырғандаймын! Киім және тамақтар салынған үлкен сөмкеден басқа, бөлек тұрған кішкене сөмкемді ашып ішінен құжатымды іздей жөнелдім. Құжат жоқ! Киім мен тамақ салынған үлкен сөмкеде жоқ екенін білсем де, ашып тастап ақтарып жатырмын. Бұл сөмкеде де жоқ. Сенесіз бе? ЖОҚ! Енді не істемекпін?! Телефонымды алып, жұбайыма қоңырау шалдым. Құжат үйде де жоқ екен…

Проводникке барып оқиғаны баяндап бердім, не десем де көндіре алмадым, құжатсыз кіргізе алмайтындығын, тіпті кіргізген күннің өзінде ең бірінші тексеруде-ақ поездан тексерушілер түсіріп кететіндігін айтты. Кенет проводниктің алдында отырып алып жылай жөнелдім, өзге еш нәрсе ойыма келер емес(Елестетіп көріңіз жасы отызға келіп қалған әйел… Әлгі кісінің түрін көрсеңіз… ) Алғашында проводникті көндіру үшін жасағанмын, бұл әрекетімнен еш нәрсе шықпайтындығын, жағдайымның қиын екендігін түсінгеннен кейін одан әрі жылай түстім. Бұл- көзімнен парлап аққан шынайы жас еді.

Поезд жүріп кетті, сөмкелерімді құшақтап, он минуттай отырдым. Одан кейін өз-өзімді жинақтап, әріптестеріме қоңырау шалып, поездан қалып қойғанымды, бірақ ертеңге дейін міндетті түрде жететіндігімді айттым. Тұтқаны қойғаннан соң сіңіліме қоңырау шалып, өзінің құжатын әкелуді сұрадым. Құжатты салып алып, Оралдан Ақтөбеге дейін баратын автобусқа жаңағы сіңілімнің құжатымен билет алдым. Ақтөбеден түсіп, тек Қостанайға дейін апаратын такси таптым. Қостанайға жеттім, енді Қостанайдан Астанаға бару ғана қалып еді, осы кезде, қалтамдағы қырық мың теңге бітіп қалды.

Түңгі сағат екі, Қостанайдамын. Ақпанның сары аязы. Жалғыз өзім. Бейтаныс орта. Кеше үйден шыққаннан кейін тамақ ішкен емеспін. Ақтөбеге келе жатқанда, автобустың ыстығынан болса керек, барлық тамақ бұзылып, ашып кеткен, содан лақтырып тастағанмын… Іздеп жүріп Астанаға дейін баратын такси тауып алдым. Бірақ жүргізушіге ақшам жоқ екендігін айтпаған едім. Жер көк тайғақ, машина әзер дегенде жүріп келе жатыр. Құдайдан аман есен жетсем екен деп тілеп отырмын. Анам қоңырау шалды, телефонның ар жағында меннен бетер уайымдап, жылап жатыр. Өзім дірілдеп отырсам да, анамды жұбатып телефон тұтқасын қойдым. Қорыққаным сонша, ұйқыны да ұмыттым.

Кенет он жыл бұрын бірге оқыған құрбымның Астанада тұратындығы есіме түсе кетті. Түннің беу уағында, таныстарымның бәрін аяқтарынан тік тұрғызып, қоңырау шалып, әлгі құрбымның мекен-жайын іздестіріп, тауып алдым. Таңғы сағат жеті, мекен жай бойынша келіп тоқтадық. Есікті қағып, тіпті табалдырықты аттамастан “Айнұр, маған дереу жетпіс мың теңге керек,”-дедім. Елестетіп көріңіз, он жыл бұрын оқыған сыныптасыңыз, таң атпай кіріп келіп, жетпіс мың теңге сұраса берер ме едіңіз? Әй, қайдам! Айнұрдың жолдасы маған сенімсіздікпен қарады, әйеліне “Бұл кім өзі? Неге ақша сұрап тұр?”-деп сұрақтарды төндіріп жатыр. Семинардың басталуына тек қырық минут қалды. Айнұрдың қолын ұстап алып, ақша дереу керек екендігін, кейін қайтарып беретіндігімді айтып жалынып-жалбарынып сұрап алдым. Он минуттың ішінде таранып, бетімді әрлеп, көйлегімді киіп бөлмеден шықтым. Айнұрдың жұбайының көзі шарасынан шыға жаздады. Құдды күлбикенің ханшайымға айналғандына куә болғандай. Үйден тез-тез шығып, таксиге мініп сағат жетіден елу тоғыз кеткенде орнымда болдым! Сол кездегі менің ішкі сезімімді білсеңіздер, шіркін! Өмірге қайта келгендей болдым… Міне, екі жылға созылған екі күннен кейін, үйіме оралып, тоңазытқыштағы бар тамақты жеп, тіпті душ қабылдауға шамам жетпей бір тәулік бойы қозғалмастан ұйықтап, бүгін таңғы жетіде тұрып алдарыңызға келіп отырмын ,-деп шытырманға толы әңгімесін аяқтайды.

Менің бір түсінгенім, әр іске ұқыптылықпен, үлкен жауапкершілікпен қарағанымыз жөн. Қандай жағдай болмасын үміт үзбеуіміз керек. Өйткені, кез-келген мәселенің шешімі бары сөзсіз. Бойымыздағы сенім мен жанарымыздағы үміт оты ғана бізді биікке жетелемек!
Әрі қарай

Жолаушы

Блог - bake: Жолаушы
Жолға шыққалы бері күннің ыстығы бет терісін біртіндеп сылып алып тастағандай. Салқын жел лебі тигенде, ашыта түсті. Жауын айдап әкеле жатқан жел. Көзімді көкжиекке жүгірттім. Жан-жақта қатпар-қатпар сұр бұлттар. Төмен қарай бұлттардан түскен ақ тұман -алыста жауған жаңбырдың көрінісі. Желдің салқындай түскені жаңбыр тамшылары іріленіп, мұздай денеге тиетінін айқындағандай. Соны ескеріп, қалқан болатын паналайтын жер іздестірдім.
Көзге ілінер еш нәрсе жоқ. Адам баласынан жалғызбын.
Әрі қарай

Көңіл

Менің көңлім үй еді жапандағы,
Кірді оған мейірімді де, қаталдары.
Кірлеген соң есігін жауып алған,
Содан бері ашуға ешкім бата алмады.

Анық еді оны ешкім елемесі,
Қатардағы үйлерге теңемесі.
Айналаға зер салып қарамайтын,
Жуылмаған өйткені терезесі.

Әрі қарай

Бұл да өтер...


Өткен-кеткенімді ой елегінен өткізіп, ұйықтағалы жатқан кезімде ұялы телефоныма «Кешіріңіз, танысуға рұқсат па? Менің атым .......» деген хабарлама келді. «Бұл кім болды екен?» деп ойлап үлгергенім жоқ «Нөміріңізді газеттен алдым, бойдақпын, тұрақты жұмысым бар» деген хабарлама келді.
Әрі қарай

Дәрігер үзбеген үміт

Он бес жыл болды қала тұрғынымын. Әкем, шешем қалаға келгеніне үш-төрт жылға толды. Қала тұрғыны атандық. Осыдан екі жыл бұрын өзімді осылайша таныстырар едім.
Қазір бәрі басқаша. Соңғы кездері науқастанып қалатын күндерім көбейіп жүр. Жас десек, бар жоғы отыздың үшеуіндемін. Бүгін науқастанып қалдым, күн суық. Ертең барша күш-қайратымды жинап, учаскелік дәрігер алдынан барып өтпекшімін. Үш күн болды науқастанғаныма, қолымнан жасаған ем болмады.
Учаскелік дәрігер кабинетінің есік сыртында «Казаченко Н.В.» жазуы бар. Фамилиясы белгілі болған соң, толық аты-жөніне көңіл аудармайсың.
— Казаченкоға кім соңы, — деп кезектен кезек алып қабылдауына отыра бересің. Кабинетте бет жүзі қатал орыстың сары әйелі қабылдау жүргізеді. Дәрігерлік жеңіл емес кәсіпте көп жыл қызметте. Ұстанымы әскери дәрігерге бергісіз.
Былтырғы жыл біздің отбасымызға жеңіл тимеді. Қырсықтың басы күзде жеке өз отбасымның шайқалуынан бастады, себебі ажырасу. Сот, ұрыс-керіс, төленбеген қарыздар. Қатты қыстан жылқы, ірі — қара арасынан шығын болды. Жазды күні ата-бабаларымызға ас беріп, тілеу жасадық. Өткен жылғы күзде, ұрыс – керіспен ажырасып жүргенде әкемнің басына қан құйылып ауруханаға түседі. Шешем маған көп нәрсені айтпай жасыратын. Ауруханаға қалай түскені туралы хабарсыз болдым. Бір жыл өткен соң қайтадан ауруханаға жатқызды. Бұл жолы ауруханаға өзім барып жүрдім. Бұрынғы жылдардан қарағанда соңғы бір жыл ішінде әкем нашарлап кетті. Таяқпен тіреніп жүреді.
Әкемді ауруханадан екі жұмадан кейін шығарып тастады. Ем қонбады. Соңғы күндерін туған-туысқандар арасында өткізсін дегендей. Мазасыз түндер мен күндер кештік. Күндіз сыртты (пәтердің кіре беріс алды, үйдің ауласын) аңдитынмын. Жетім адамша қараусыз, отырған жерінде құлап қалмасын (көз жұмбасын) дегендей қарайлап жүретінмін.
Сырқаттанбаған кезінде кәрілігін мойындап «адам кішкене кезінде бір бала, кәрітейгенде бір бала», — дейтұғын. Келіннің қолында кеткен екі жастағы немересін сағынып, «немере ыстық, туған балаларымнан да» — деп жиі айтып қоятын. Өзінің кәрілігі, сырқаты қосылып бізге түсірген ауыртпалықты ойлап уайымдайтын. Өзіне де жеңіл тимеді. Күтімі ауыр болған жоқ. Өзі аяғымен жүрді. Қол икемі кетсе де, өз қолымен тамақтанды. Қозғалғанда тез шаршап қалатын. Сонда көмекке келетінбіз. Ауруханадан шыққанына бір ай толғанда хәлі күрт нашарлады. Ас ішкенге тәбеті төмендеді. Аяқ бастарынан жылу кетті. Қолымызды тигізіп көреміз, сұп-суық. Жылынбайды.
Пәтерімізге учаскелік дәрігерді шақырттық. Сәрсенбі күні сағат он мөлшерінде пәтердің кіре берісіндегі есіктің қоңырауы соғылды. Шақыртқан учаскелік дәрігер келіпті. Әкем екеуі бөлмеде қалды. Бір қарағанда әкем жаман тілімен (ойын жеткізе алмайтын бірден, әсіресе орысша) дәрігерге бір нәрсесін айтып жатыр, дәрігер басын шұлғып, қағазға жазуларын түсірді. Дәрігер қарауын аяқтап, менің қолыма «рецепт» жазылған екі жарты бетті ұстатты. Қағаздардағы жазуларды оқымақшы болып едім, түк түсінбедім, латынша жазылыпты. Осы кезде дәрігер жуынатын бөлмеге барып қолын шайып шықты да (диалог орыс тілінде):
— Міндетті түрде жұма күні мені шақыртыңыз, — деп барынша сыпайы күймен айтты. Әкемнің соңғы күндері тым мазасыз болып кеткендігін жеткізбекші болып:
— Атамыз соңғы күндері тым мазасыз болып барады — деп айта бергенімде дәрігер сөзімді үзіп:
— Олардың барлықтары сондай, — деді де пәтерден шығып кетті.
Бейсенбі күні. Шешем сәрсенбі күні берілген рецепт бойынша жазылған дәрілерді ала алмады. Жақын жердегі дәріханада жоқ. Сондықтан бүгін таңертеңнен дәріханалар ашылды – ау деген уақытта дәрілерді іздеп кетті. Пәтерде әкем екеуіміз қалдық. Сағат он мөлшерінде әкем қасына шақырып алды. Қолынан жетектеп дәретханаға апаруын сұрады. Дәретханадан шығып төсек орнына жетектеп келе жатқанымда, әкем:
— Кетіп барамын, — деп екі рет қайталады. Мен болсам әкемнің екі аяғымен жүріп келе жатқанын көзіммен көре тұра:
— Әке, қайдағыны айтпашы, — дедім. Түрі бұзыла бастады. Төсек орынға отырғызып, аяғын көтеріп, төсекке салып, бас жағына жастығын қойып, оң жаққа жантайта бердім. Нашарлап бара жатқанын байқап, дәрісін бермекші болдым. Қолымды шайып келмекші болып әкемнен бір минут қол үздім. Қасына келсем, алдында әкемді төсекке жатқызбақшы болып жантайтқан бойда басы жастыққа жетпей денесі құрысып қалыпты. Ауа жетпей тұншығып, дем ала алмаған күйде. Жанын тапсырып жатыр. Қолымды жүрегіне тостым, соқпайды. Беті қып-қызыл болып қызарған, барлық жиырылған бұлшық еттерден сығылған қан тамырларды толтырып ісіртті. Тұншығып жатқанда кең ашылған ауызы тарс жабылып, қатты тістенді. Қолымнан келері жоқ. Әкемнің мына жарық дүниедегі соңғы сәттері. Көзді ашып жұмғанша ақырғы демі шықты. Денесі тез босап сылқ ете түсті. Жедел жәрдемге телефон соқтым. Жедел жәрдем дәрігерлерін күтіп отырмын. Осы кезде шешемнің өз енесін қалай күтіп, өз қолынан аттандырғаны туралы айтқанын есіме түсірдім. Сонда енесі жас келініне көзін жұмып жанын тапсырған соң, денесі жансызданған сәтте басын байлауды сұрапты. Өйткені, дене босағанда ауыз қуысы ашылып қалуы мүмкін екен. Ондай болмау үшін басты байлау қажеттігін түсіндіріпті. Осы жайт есіме түсті.
Көп ұзамай жедел жәрдемнің екі дәрігері пәтерге енді. Олардың «ешқандай көмек көрсете алмаймыз» дегендеріне ешқандай мән бермедім. Дәрігердің біреуі қазақтың ер адамы екен, содан көмек сұрадым.
— Басын байлауға көмектесіп жіберіңізші, — дедім.
Дәрігер бинттен үзінді үзіп алды. Сосын әлгі үзіндімен иектің астынан төбесіне асыра түйіп байлағанға көмектесті. Ұзыннан жатқызып екі қолын кеудесіне салып қойдым. Бөлмені жинастырып жібердім. Қазір шешем келуі керек. Естірту үшін көрші апаны шақырдым. Үлкен адамдар қорқақ, бас тартты. Домофон бар. Күткенімдей үйдің кіріс — шыға берісінің есігін ашу үшін шешем домофонға соқты. Үндемей есікті аштым. Пәтер кіре берісінен қарсы алдым. Шешем бірден түсініп жоқтауын айта бергені. Шешем, әкемді жиналған бөлме ішінде ұйықтап жатқандай көрінсін деген ісім жөн болыпты.
Жұма күні. Әкемді соңғы сапарына шығарып салушылар ішінде бір туысымыздың әйелі келді. Мамандығы дәрігер болатын. Шешем әкеме соңғы рет жазылған рецептте неден емдеуге қажет дәрі жазылғанын білу үшін рецепт қағаздарын оқып көруге ұсыныпты. Оқып болған соң:
— Апай, рецептте асқа қосатын биологиялық белсенді затты жазыпты, дәрі емес, ешқандай емдік қасиеті жоқ — деді.
Әкем жан азабын жеңілдеткенге дәрі жазып бергенін сұраған көрінеді. Дәрі көмектеспейді дегенге дәрігер тілі бармаған. Үмітін үзбеу үшін рецепттерді жазып берген көрінеді. Бір жағынан әкемнің үмітін үзбеді, екінші жағынан шешеме әкемнің жан тапсырғандағы қиналғанын көрсеткен жоқ. Егер де шешем, таңертең дәріханаға кетпесе ше, не болар еді?! Шешем дәріні іздеп бірсыпыра уақыт жүрді. Тапқанға оңай болмаған. Сирек кездесетінін жазған. Осылайша үйге кешігіп келді. Шешем жас адам емес, мүмкін әкемнің көз жұмғандағы қиналғанын көріп дертке душар болар ма еді немесе жүрегі шыдамай жарылып кетсе, ойлау да қиын.
Дәрігердің өз ісіне жауапкершілігін де айта кетейін. Біздің арнайы шақыруымызды күтпей, өзі, әкемнің халін білуге келіп қалыпты. Қасыма келіп:
— Ата ғой, бәрін түсіндім, қайырын берсін — деді. Үнсіз кетпей, көңіл айта кетті.

2012 жылы, 11 мамаырда түзету енгізілді
Әрі қарай

МҰҚТАЖБЫН...



Алдымда әлі дегенмен,
Асатын талай белестер.
Мазалап мені жүреді,
Жадымда қалған елестер.

Мектепке әкем апарды,
Жетектеп менің қолымнан.
Қайтқанда неге күлімдеп,
Күтпедің, ана, жолымнан?
Әрі қарай

Бір қылмыскердің қажыры


Бір ақылды адам жазықсыз сотталып, түрмеге түсіпті. Ол түрмедегі өмірінің текке өтпеуі үшін түрме ішінен бір кітапхана ашуды ойлайды. Ол қайрымдылықпен айналысатын жеке тұлғалар мен қоғамдық қорларға әр аптада хат жазумен болыпты. Осылайшы оның алты жыл уақыты өтіпті, бір күні бір қайырымдылық ұйымынан оған екі жүз доллар ақша мен уақыты өтіп кеткен, оқуға татымайтын бірқанша кітаптарды тапсырып алады. Бұл ақша оның кітапхана құруына мүлдеп жетпейтін еді. Сонда да ол қатты қуанады.
Сол уақыттан бастап, ол әлгі екі жүз долларға парақ және пошта маркасын сатып алып әлгі қайрымдылық қорларына әр апта сайын екі реттен хат жазатын болыпты. Ол ақыры өз арманына жеткен екен.
Әрі қарай

Шарасыздық.

Досым әйеліне қатты ренжіп қалыпты — бір отбасында кейде болып тұратын қалыпты жағдай деуге келетін де, келмейтін де сияқты…
Шатақ неден шыққанын айтпады, айтқаны:
Әрі қарай

Үміт сыйлайтын ерекше сайт бар екен...

myhopes.ru бұл мен айтпақшы болып отырған сайт.
Белгілі бір әлеуметтік желіде отырғанымда көзіме жас ұялататын заметкалар оқыдым. "Үміт сыйлайтын сайттан",- деген сөздер жазылған. Сөйтіп орысша нұсқасын тауып алдым. Маған сайт қатты ұнады. Идея ағылшын сайтынан алынған екен. Айтайын дегенім, арамызда сайт жасайтын мамандар бар ғой, неге осы сайттың отандық ана тіліміздегі нұсқасын жасамасқа. Біреулер «Мұндай көшірмелердің не қажеті бар», — дейтін шығар… Онда мынаны оқып көріңіздер: myhopes.ru — сайтынан.

3 дня назад мой лучший друг умер.
2 дня назад я узнал, что он стал донаром органов. 1 день назад я услишал, что 9-тилетний мальчик стал обладателем его сердца. Сегодня я встретился с тем 9-ти летним мальчиком. Он сказал мне, поскольку у него сердце моего лучшегодруга, теперь он может быть моим лучшим другом. Мой лучший друг дает мне надежду.
Әрі қарай

Бексұлтан Нұржекеев: Бір өкініш, бір үміт...

Бексұлтан Нұржекеевтің кім екенін, қашан туғанын жазып уақыт алмай-ақ қояйын. Білетінім Бекең «махаббат жаршысы». Бала кезімде (3-ші класс бітірген жылы) жазушының «Бір өкініш, бір үмітін» оқимын деп, таяқ жеп, сөз естіген ем. Менің жасым да, басым да жетпепті сол кезде ол шығарманы оқуға шын мәнінде.
Бұл шығарма өзінің әйелін сүйе тұрса да басқа әйелдерді ұмыта алмай жүргенін түсіндірмек болған Шеген аты кейіпкердің естеліктерінен тұрады. Күйеуін, жігітін басқалардан қызғанатын қыз-келіншектерге, келіншектеріне басқаны неге ұмыта алмай жүргенін түсіндіре алмай жүрген жігіттерге оқуға кеңес беремін.
Әрі қарай

Сағыныш + үміт

Сен де мені сағынарсың,
Ашса қауыз гүл бақта.
Іздеп мені сабыларсың,
Мен жүрмейтін бір жақта.

Бұлттан бейнем түзілгенде,
Мені аңсарсың бір күні.
Іштен әуен сезілгенде,
Қобалжисың біртүрлі.

Талдан, таудан сұрап мені,
Таба алмасаң,
Әрі қарай

ЕЛЕС

КОНЫР СУЫК КУН. ЖЕЛ ТЕРЕЗЕДЕН ГУ ГУ ЕТЕДІ. ОЛ ТЕРЕЗЕНІҢ ШЫМЫЛДЫГЫН АШЫП, АЙНАЛАҒА КӨЗ ЖҮГІРТТІ.КӨЗҚАРАСЫНА ҚАРАП, БІР ЖАНДЫ ІЗДЕГЕНДЕЙ БОЛДЫ. ОЛ ОНЫ БҰЛТТАН ЖАСАП АЛҒАНДАЙ.бІР ҮМІТ… БІР
Әрі қарай

Үзілген үміт

Үзілген үміт
(Новелла)
Әпкеміздің аяқ-асты жүрек емдеу клиникасына түсті дегенді ести салысымен сол жаққа қарай аласұрып бет алдық. Өз аяғымен ем-дом алуға келген кісінің бірер сағаттан соң жансақтау бөліміне түседі деп кім ойлаған? “Жүрегіңде ақау
Әрі қарай

Ал сіз сайлауға қатысасыз ба?

Бүгін Алматыдан келіп компьютерімді көріп, сағынып қауыштық. Жүзінде бір мұң бар секілді, мені де сағынып қалыпты. Хе-хе-хе ))) Айтайын дегенім ол емес еді…
Өркен ағамыздың презентациясынан сабақ алып, қолданушыларды мақалаға тарту мақсатында осылай сұрақ ретінде пост тақырыбын қойдым. Бірақ мен ұсынғалы видеоның сайлауға қатысы бар. Хе-хе-хе!

Әрі қарай