Arular.kz
Рейтинг
0.00

Өнер, әдебиет адамдары әлемі...

Тамшылар. Этгар КЕРЕТ

Дос қызым, Америкада жалғыздықтан емдейтін тамшылар ойлап табылғанын айтты Ол мұны «Галей Цахаль» тарататын «Алпыс секундта» бағдарламасынан естіпті. Ести сала, құрама штаттардағы әпкесіне: сол тамшылардың бір жәшігін сатып ал да, маған жібер,- деп хат жолдады. «Галей Цахальдың» хабарлауынша, бұл тамшылар Американың Шығыс жағалауындағы барлық желілес дүкендерде сатылып жатыр. Нью-Йоркте де өтілімі жағынан нағыз хитке айналыпты. Спрей және тамшы түрінде шығады. Менің қызым, әпкесінен тамшы сықпыттағысын жіберуді өтінді. Ол, әрине жалғыз қалғысы келмейді. Дегенмен тамшыларды пайдаланбауына бұл да тоқтау болмақ емес.

"Денар" тобы салатты жасау "шот" емес дейді

Денар тобының пышақ ұстамаған жігіттеріне САПА БАҚЫЛАУДА деген салат жасаттық. Жаман емес…

Джулия Робертске еліктеп....

САПА БАҚЫЛАУДА бағдарламасы майонездің шашты қатайтуға, жылтыратуға сеп болатындығын көрсетті

Әміре Қашаубаев (Париж сапары)

"Әміре Қашаубаевты білмейтін қазақ кемде-кем" деп бастасам өтірік болар ма еді. Баяғыда өлген Әміре түгілі көзі тірі Қайрат Байбосыновты білмейтін қазақтар көп. Әміре шетел сахнасында өнер көрсеткен тұңғыш қазақ. 1925-ші жылы Париж сахнасында ән салған қазақтың әнші ұлы. Тақырыпта неліктен Париж сапарына шүйліктік?! Бұл жайлы мәліметтер кейініректе анықталып жатыр. Азаттықта берілген мақалада Әміре арқылы Әлихан Бөкейханов Мұстафа Шоқайға хат беріп жіберген делінеді. Мақаладағы "Әлихан Бөкейхан өзінің досы, серігі Ахмет Байтұрсынұлына 1923 жылғы 23 маусымда Мәскеуден былай деп хат жазды: «Әміре Қашаубайұлын Парижге жібермекші.… Мен оны ьірыңғай әншілердің үйіне апарып, ән салғыздырттым. Дауысын мақтастық, әйтсе де ән салған кезде, мен қатты ұялдым. Айтқан әнінің сөзінде мән болсайшы! Парижде мәнді ән талап етеді ғой.

"Жармақ" романы. Мұхтар Мағауин.

Кеше "Қылмыс" романын ұсынған кезімде, жекеде Мағауиннің «Жармағын» сұрағандар да болды. Енді, сол кісінің шығармасынан үзінді. Jarmaq.doc на files.gameworld.kz толық нұсқасы. ЖАРМАҚ Роман Бұл ойқы-шойқы, шимай-шытырық жазбалар көпшілік жұрт үшін елеусіз, бәлкім мүлде белгісіз қаламгер, шын мәнінде бұрынғы-соңғы алаш руханиятындағы ең алып тұлғалардың бірі Иман Қазақбайдың архивінен табылды. Марқұммен ежеттес дос болмасақ та, ара-кідік телефондасып тұратынымыз бар еді, азалы топырақ үстінде өкінішке әрі ризашылыққа толы екі-үш ауыз бақұл сөз айттым, жыл уағы өтпей, бейбақ жесірі де дүние салып еді, әке жолынан аулақ балалары мынау алмағайып заманда тіршілік қамында кетіпті, ала қағаз бетіндегі барлық мұрасына жанашырлық танытқан немере інісі менің қолыма әртүрлі сыпаттағы, тура жарым сандық қолжазба тапсырды. Енді сізден басқа ешкімге керегі жоқ деген....

Қажығұмар Шәбденұлы. Қылмыс романы. Кірісу.

"Қылмыс" романының бастапқы беттерін оқи отырыңыздар! Ұнаса жекеге хабарласыңыздар КІРІСУ 1968 жылдың басы. Темір қақпақ пен шәугімдей шойын құлып шарқ-шұрқ ете түсті. Қап-қараңғы терең ұрада жатқан мен елеңдеп басымды көтеріп алдым. Жүрегім де әлдене бір шойын-темірге соғылып, шақылдап кеткендей болды. Тұла бойымды түршіктірген қатер мен күдіктің мұздай суық желі сумаң қақты. Заңды түрмеде жатқан адамдар мұндай тосын құбылысқа кезіккенде елеңдесе де, жүрегіне мұз ине шаншылғандай болмай, үмітпен елеңдеп, жылы самал тигендей бір сезімге келетін. Босатып жіберер ме, иә, далада жұмыс істетер ме екен дегендей жақсылық күтетін. Ал, менде ондай үміт сезімі мүлде жоқ еді.

Бексұлтан Нұржекеев: Бір өкініш, бір үміт...

Бексұлтан Нұржекеевтің кім екенін, қашан туғанын жазып уақыт алмай-ақ қояйын. Білетінім Бекең «махаббат жаршысы». Бала кезімде (3-ші класс бітірген жылы) жазушының «Бір өкініш, бір үмітін» оқимын деп, таяқ жеп, сөз естіген ем. Менің жасым да, басым да жетпепті сол кезде ол шығарманы оқуға шын мәнінде. Бұл шығарма өзінің әйелін сүйе тұрса да басқа әйелдерді ұмыта алмай жүргенін түсіндірмек болған Шеген аты кейіпкердің естеліктерінен тұрады. Күйеуін, жігітін басқалардан қызғанатын қыз-келіншектерге, келіншектеріне басқаны неге ұмыта алмай жүргенін түсіндіре алмай жүрген жігіттерге оқуға кеңес беремін.

Мұхтар Мағауин

1940 жылы ЩҚО Шұбартау ауданында дүниеге келген. Қазіргі таңда Праганы мекен етеді. Өліні мақтап, өлген соң іздейтін халқымыздан шыққан, қазіргі таңдағы кклассик жазушымыз. Әдебиет зерттеушісі. Кеңес зманында қазақ әдебиетін сонау 15 ғасырларға

Оралхан Бөкей

1943 жылы ШҚО қарасты Қатон-Қарағай ауданында дүниеге келген. 1993-ші жылы шығармашылық сапарда жүріп Үндістанда қайтыс болды. Өмір жолы, қызметі туралы мәліметті инет беттерінен қараңдар. Мен ол кісінің шығармасымен алғаш неше жасымда екенін