Қажығұмар Шәбденұлы. Қылмыс романы. Кірісу.
"Қылмыс" романының бастапқы беттерін оқи отырыңыздар! Ұнаса жекеге хабарласыңыздар
КІРІСУ
1968 жылдың басы.
Темір қақпақ пен шәугімдей шойын құлып шарқ-шұрқ ете түсті. Қап-қараңғы терең ұрада жатқан мен елеңдеп басымды көтеріп алдым. Жүрегім де әлдене бір шойын-темірге соғылып, шақылдап кеткендей болды. Тұла бойымды түршіктірген қатер мен күдіктің мұздай суық желі сумаң қақты.
Заңды түрмеде жатқан адамдар мұндай тосын құбылысқа кезіккенде елеңдесе де, жүрегіне мұз ине шаншылғандай болмай, үмітпен елеңдеп, жылы самал тигендей бір сезімге келетін. Босатып жіберер ме, иә, далада жұмыс істетер ме екен дегендей жақсылық күтетін. Ал, менде ондай үміт сезімі мүлде жоқ еді. Өйткені жатқан ұрам – қызыл қорғаушылардың зындан деп атаған абақтысы. Ал, өзім ғой тісті қақпандай тырп еткізбес талай алып-соқ жалалармен қамалған «ең қатерлі қашқын», әрі тергеуі бітпеген, біткенді қойып, «қылмысы» үсті-үстіне жамалып жатқан қылмыстымын. Тергеу сұрақтарымен қинау да күн сайын төлдеп, өрбіп келе жатқан болатын. Және бұл өңірде, әсіресе орталығы Үрімжіде таяудан бері саяси қылмыстың құрсағы құр жатпай, итше күшіктейтін болып кеткен ғой. Күшіктері де түсе салып ырылдап, түн аса өзі де күшіктей салатын болған жоқ па! Ал, «ақталу» «жеңілдеу» деп аталатын бейуаз жануарлардың ата-енесі қыс аспай қырылып, қозылар қошақансыз – бедеу қалғалы қашан. Бұл жәйттерді білетін менің үміт желім қайтіп желп етсін. Сөйтіп шошына қарадым. Қақпақты ашқан бас тергеуші «хұңуибеңнің» өзі екен. Құдыққа түсе сала:
– Жаздың ба? – деп арс ете түсті.
– Нені айтасыз, тергеушім?! – деп сыпайы ғана қарсы сұрау қойдым.
– Нені?!.. Қылмысыңды деймін!.. Ойлан, толық жаз деп тапсырмап па едім мен саған!.. Құйрығыңа етік тұмсығы тимесе ұмыта қалатын неме екенсің, ә, сен!
– Жоқ, ұмытқам жоқ, тергеушім, өмір бақи ұмытпаймын да. Бірақ алдыңғы күнгімен он алты рет жаздым ғой, жасырып қалған ештеңем жоқ.
– «Ештеңем жоқ?», көзіңе саусағымды тығып тұрып, тауып беремін мен саған. Үстіңе күніне қанша мәселе түсіп жатқанын білмейсің, ә сен!
Бас тергеуші осылай сақылдағанда, құдық аузынан төне қарап тұрған қолшоқпарлары шақылдап-шаңқылдап қоя берді:
– Ит басынды шаншып тұрып жаздырамыз!
– Ішек-қарныңды суырып аламыз!
– Тіліңді кесіп тастап сөйлетеміз.
– Мен саған айтып қояйын, – деп бас тергеуші сөзін жалғастырды. – Қылмысыңның бір пайызын да тапсырмадың сен әлі, қылаяғы өзіңнің қап-қара өмірбаяныңды да жасырып жатырсың! Кері төңкерісші тобыңдағы реакциондармен тарихи байланысың туралы ләм демедің! Бұларды жасырған сен жауыз, нақтылы қылмысыңды қалай жасырмассың! Бірақ қанша жасырғаныңмен сыбайластарың әшкерлеп болды! Мен саған айтып қояйын, ендігі сенің тірі құтылу жолың біреу ғана. Ол өз қолыңмен толық жазып тапсыру ғана. Тіршілік керек пе өзіңе?!
– Әрине!.. Мүмкін болса, керек қой! – деп жымия қарадым. Егер мүмкін болмаса, сіздерді әурелеудің жолы жоқ та… Бұрыңғы жазғандарым дело қапшықтарыңызға лайықтап, ықшам жазылған, мәселенің тоқ етер түйіні ғана еді. Егер жаза берсем қамқорлық етіп, тіршілік беретін болсаңыздар жаза берейін. Дүниеде қылмыс деген көп қой. Мен елуден артығырақ жас жасаған адаммын. Демек, қылмысқа қатысқаныма жарым ғасыр болды. Бұл уақыт барысындағы өз көзіммен көрген, қолыммен істеген қылмысымның бәрін-ақ жазайын. Оның үстіне сіздерді зәру еткен келіп шығу тарихым – өмірбаяным тағы бар. Дүниеге келгенде де мен оңайлықпен жаңбырша тамшылай салғаным жоқ, келген келісімнің өзінде де талай машақат бар. Қылмыс тапсыру керек болған соң бәрін-ақ тапсырайын. Бірақ, жазу үшін қол керек. Мына шойын қыспағыңызды алып, қолымды босатыңыз! Жазу үшін көзге жарық та керек. Жарығырақ бөлмеге орналастырыңыз!
– Егер қылмысыңды ада-күде толық тапсыратын болсаң, орындалады!
– Толық болғанда қандай, көзіммен көріп, қолыммен істеген істің бірін де қалдырмайын! Бірақ соған уақыт өте көп керек.
– Қанша уақыт кетер!
– Сіздерде уақыттан арзан тауар жоқ қой, сырттан материал келіп болғанша, менің сансыз сыбайластарым толық тексеріліп болғанша мен де жазып болармын. Жазып бітірісіммен мені білетіндердің сарабына салыңыздар, «біттім, Аллаһуакпармын» деймін. Олай дейтінім, бар шындығымды жазған соң өлмей нем қалды. Басқа жақтан ажалды пәкті іздеп сіздер де әуре болмайсыздар.
– Рас қой?
– Ып-рас!.. Маған о дүниенің өзінен басқа тыныш орын жоқ екендігіне көзім жеткен соң, шындықтан басқаның керегі не!
– Бұлай үмітсізденбе!.. Құтылар жолыңды енді таптың!
Тек өзің де мәселе қалдырмай әшкерлесең, азат болғаның!
Сөйтіп қолыма салынған темір құрсау алынды да, төсенішімді көтеріп басқа бір құдыққа – Көказық базына көштім. Бұл тұрағым да жер астында болғанымен төбесінде шағын болса да екі көзді терезесі бар, күңгірт болса да жылтыраған сәулесі бар үңгір екен.
Бас тергеуші тағы келіп тапсырды:
– Қылмысыңның бірін қалдырмай жазасың, ә! Егер…
– Бір сөзімде жасыру, иә өсіру болса, «пәлен күні атылады» деп жазылған темір таңбаны қызартып, маңдайыма быж еткізіп баса салыңыздар!
– Мен саған айтып қояйын, өтірік жазбайсың!
– Айттым ғой, маған өтірік пен жалтарудың енді қажеті жоқ!
– Айтып қояйын, қылмысыңды ең басынан бастап, уақыты, өтілген орны, өтілу ахуалы, кім–кімдер көрген… Анық жазасың.
– Мап-мақұл! Қылмыскер әкем көзін ашқаннан бастап өткізген қылмысын, өз көзімді ашқаннан бергі қылмысымды бірін қалдырмай көз алдыңыздан кино картинасындай тізіп өткізейін!.. Бірақ, сізден өтінерлік үш түрлі ісім бар: бірі, менің үстімнен материал жазатындарға «өтірік материал жазсаң, қылышты тас төбеңнен ұрамын» деп, «мен саған айтып қояйын» деп қадағалап ескертіп жаздырыңыз! Әр сатыдағы қылмысымды мен де осылай бастайын. Мәселенің шын болуы, сіздің төбеңіздің ашымауы үшін де, менің қиналмай өлуім үшін де жақсы. Екінші, жазу үстінде мені асықтыра көрмеңіз! Асыққанда мен мәселені бұрынғыдай шұнтита салуға мәжбүр боламын. Үшінші, маған қағаз көп керек. Қылмыстарымды толық жазу үшін қағаз ірке көрмеңіздер. Қылмыс деген – шіркін қазіргі кезде өте қымбат қой. Оны таба алмаған айыпкер қандай қиналады. Қылмыс таба алмасаңыз сіз де шөлдеген ұзақ көзденіп, тұмсығыңыз шөмшие қалмай ма!
– Мен саған айтып қояйын, қылжаққа айналдырушы болма, ә!
– Қылжақтасам аузыма қатқан нан толсын! Сізге қылжақтауға батылым жете ме, құдай сақтасын!
– Айтып қояйын, сен енді қолым босады деп жарық үйде рахаттанып жата беретін болсаң қатты жаза көресің!
– Мап–мақұл, қинамай өлтірсеңіз болғаны! Ойланбаса ұмытылған қылмыс оқыс болып қалып қояды. Ойыма түсе қалған шақта тіпті түнде тұрып та жазамын ғой, нанбасаңыз аңдушы қойыңыз! Бұл үшін шырақ та керек екен ғой, шырақ!
Шырақ!.. Шырақ!..
Мен де айтып қояйын, «Қылмысты» жазуға осындай диктатура айында кірістім.

Дегенмен Үрімшіде бір кафеде осы кісі жайлы сыбырласып сөйлескенім есімде, расында да ол кісі туралы дауыс шығарып бірдеңе деу қиын екен.
Бұл жерде роман жазылған кездегі жағдайды есепке алу керек,
1. Қатал түрме
2. Аштық
3. Ешқандай қосымша материал жоқ.
4. Ауыр еңбек.
Қазіргі жазушыларыңыз жұмсақ диванда, қосымша әдебиеттерді қасына үйіп алып, жеміс шырынынан ұрттап қойып, интернетке қосылған компютерді саусақпен шертіп қойып отырсада мұндай тілі өткір дүние жаза алмай отырған жоқ па?
жлъяйм қазір
Қалағандарыңыз осы жерден қалағандарыңызды жүктеп ала аласыздар
үш кітабын сол екі аптада оқып бітірдім…
жалғасын оқиын десем, беттей алмай қалдым.