Әміре Қашаубаев (Париж сапары)

«Әміре Қашаубайұлын Парижге жібермекші.… Мен оны ьірыңғай әншілердің үйіне апарып, ән салғыздырттым. Дауысын мақтастық, әйтсе де ән салған кезде, мен қатты ұялдым. Айтқан әнінің сөзінде мән болсайшы! Парижде мәнді ән талап етеді ғой.
Парижге жібермес бұрын оған ең болмаса жақсы бір әнді жаттатуға болады ғой! Әміремен бірге бара жатқан өзге халықтардың әншілері өздерінің ұлттық киімдерін киіп алған. Ал біздің Әміре орыс мещанынша киініпті?!.. Бұл соншалықты қин ба еді?!»" деген жолдар арқылы Қашаубаев арқылы бір хаттың кеткенін анық байқаймыз.Қаншалықты шын екенін қайдам ТД қарап отырып бір бағдарламаданда естігенмін осы жайлы. Сол кезде Мұстафаның үйінде қонақта болып елге сәлемдеме де алып келген деп айтып еді. Хаттың кеткені анық, Әміренің сол хатты ерікті немесе білмей апарғаны белгісіздеу секілді. Өкшесіне салынған хаттың барын ол кісінің өзі де білмеуі мүмкін ғой. Не десекте, осы сапардан соң Әміренің әншілік өнеріне шідер түсе бастаған екен. 1927-ші жылы Германияға барып ән салып келгеннен соң да оның жұлдызы жанды дей алмаймыз. Осы сапарлардан соң тарих беттеріне көз жүгіртсек Әміренің үлкен қойылымдарда сахнадан көрінбегендігін байқаймыз. Бұл жайлы да ТД толық көрмеген сол бір бағдарламадан естіп ем.
Суретке сілтеме
11 пікір