Оралхан Бөкей
1943 жылы ШҚО қарасты Қатон-Қарағай ауданында дүниеге келген. 1993-ші жылы шығармашылық сапарда жүріп Үндістанда қайтыс болды. Өмір жолы, қызметі туралы мәліметті инет беттерінен қараңдар.
Мен ол кісінің шығармасымен алғаш неше жасымда екенін білмеймін әйтеуір 5-6шы класс оқитын кезімде таныстым. «Біздің жақта қыс ұзақ» атты кітабы қолыма тиді. Кейін келе (дәл қазір осы кісінің шығармаларын қайталаудамын) оқып түсінгенім Оралхан нағыз суреткер жазушы. Өзінің Өр Алтайының табиғатын сүйгені сонша шығармаларының көбісінде өз өңірінің әсем табиғатын әсерлі суреттейді. Жазушы Жамандық пен Жақсылықтың қатар жүретінін әр шығармаларында есімізге салып отырады.
Кезінде осы кісінің «Сайтан көпір» атты хикаятына кинода түсірілгентін. Бала кезімде көргендіктен түсірілім жақсы шықты ма жаман шықты ма айта алмаймын. Бір білерім қорқып отырып көретінмін.Әйтеуір әсері сұмдық болды маған. Осы киноны қайталап көргім келіп жүр.
Оқуға кеңес беретін шығармаларым:
"Қар қызы", «Сайтан көпір», "Қайдасың қасқа құлыным", "Қамшыгер",«Жетім бота», «Бәрі де майдан үшін» т.б. шығармалары.
Ол кісінің көлемі 5-6 кітап бетінен аспайтын шағын әңгімелері де әсерлі. Мысалы, «Иғаң», «Биғаң» (екеуі де адам аттарын құрметтеп айтатын атау),«Мәшәбинә».
Киноға сұранып тұрған туындылары қаншама десеңіздерші(Жалпы мықты жазушылардың көптеген шығармалары киноға сұранып тұр)… Сценарий жоқ деп жылай бермей киногерлеріміз осылардан тамаша туындылар тудырса екен. сонда бізде триллер де мистика да болатын еді…
Суретті Аршаттың рұқсатымен мына газеттің сайтынан алдым)))

тобылдықболса былай жазылар едіол кісі туалы көп мәлімет білемін жалпы мен. Жанұясы жайлы, марқұм болған жұбайы жайлы, туысқандары жайлы көп нәрсе білемін.Біз жақта ол кісіні ешқашан ұмытпайтын шығар.