Үзілген үміт
Үзілген үміт
(Новелла)
Әпкеміздің аяқ-асты жүрек емдеу клиникасына түсті дегенді ести салысымен сол жаққа қарай аласұрып бет алдық. Өз аяғымен ем-дом алуға келген кісінің бірер сағаттан соң жансақтау бөліміне түседі деп кім ойлаған? “Жүрегіңде ақау бар, дереу операцияға аламыз”, – деген дәрігердің сөзі “үкім” сияқты естілді, бәлкім. Жиырма жылдан астам уақыт отасқан жары Төлегенге қалталы телефонынан қоңырау шалып қана үлгерді, ал әрі қарай…
Үш күн өтті. Көкейімізде сол бір үміт. Сол бір арман. Жан-жағыма жиналған туыс, құрбының әңгімесіне құлақ түріп ем: “Баяғыдан ауырады екен”, “дәрігер десе, зәресі кетеді”, “емделмей сонша жүре бергені несі, ауруы асқынып кеткен”. Осылардың бәрін ести келе: – Рас-ау, неге қаралмаған? Осынша өзін жек көруге бола ма? Неге өзін сүймейді екен кей адамдар, өмірдің бір-ақ рет берілетінін біле тұра, осыншама адасқаны несі?! – деген ой мені де мазалай түсті. Қайран, Әпке! Дәл осы мезетте нені ойладың? Жоқ әлде шынымен ес-түссіз жатсың ба? Бірақ кеудесінде жаны бар адамның сарқылмас ойы да болады емес пе? Артыңда қалып бара жатқан анаңды, жоқ әлде қос перзентіңді ойладың ба? Жоқ әлде қимай кетіп бара жатқан жан жарың Төлегеніңді еске алдың ба? Онсыз да қысқа ғұмырың әп-сәтте көз алдыңнан өте шықты ма?!
Жездемнің терең күрсініп қасыма кеп отыра кеткенін енді байқадым. Сол кезде ол өз-өзін кінәлағандай ма, жоқ әлде өз-өзін ақтап алғысы келгендей ме, маған былайша тіл қатты: “Білесің бе, мен оған “тексерт денсаулығыңды, қаланың дәрігерлеріне барып емдел деп”, – талай айттым. Жүрегі алқынып әзер отырғанын байқадым, ал жанарынан жарына деген шексіз махаббатты КӨРДІМ. Содан кейін “Тұра тұр, осы әпкемнің неліктен дәрігерлерге қаралмағанын білетін сияқтымын”, – дедім. Иә, ол да өз жарын шексіз сүйеді ғой. Есімде қалғаны, әпкем бізбен оңаша қалғанда Алла Тағала қосқан қосағы жайлы ауызын толтырып үнемі айтып отыратын, ал туған-туысының үйінде қолқабыс қып жүргенде минөт сайын үйіне телефон шалып: “Папаларың келді ме?”, – деп мазасы кетіп отыратын. Жарының келгендігі жайлы ести салысымен үйіне қарай құрақтай ұшатын. Иә, мен енді ол кісінің неліктен ауруханаға бармайтын себебін енді білгендеймін. Ол жарының қасынан ұзап ешқайда кеткісі келмейтін еді. Дәл осы кісі – өмірінің пәлсапасы, мәні, бақыты деп түсінді. Жарын сүйді, қимады, қызғанды. Дәл солай. Мен өзіңді қатты түсініп отырмын енді, Әпке. Затым әйел ғой. Біз ерекше сүйіп, ерекше күйеміз ғой, сүйгенде. Сүйген жарын тастап пәленбай шақырым жерге барып ауруханаға жату – ғашық жан үшін азаптың азабы емес пе? Денсаулығым садаға кетсін деп ұрандатып, киелі сезім – Махаббатқа бас иіп өткен жандардың бірі болдың, сен Әпке!”. Жездемнің қасымда терең ойда отырғанын байқадым. Кенет тұнық көздерінен сыңар тамшы жас сорғалай беріп еді, атып тұрып сыртқа шығып кетті.
Кетті де, жансақтау бөлімнің терезесі астына барып әлде бірдеңені күбірледі, сосын ағыл-тегіл егіліп жылады. Арыстай, еңгезердей азаматтың жылап тұрғанын сол кезде көрдім. “Жаным, болды енді, әйнектен қараңды көрсетші! Неге сонша қинайсың мені?! Жо-жоқ, мына екі дүние ортасында қиямет-қайым кешіп жатқан сенің жаныңның қиналғаны әсіресе жаныма батты-ау. Сенің бір ауыз тіл қатып, сұлу жанарыңның қиығымен бір қарағаның үшін қолымнан келгеннің бәрін жасап, тіпті қалған ғұмырымды қияр едім! Жіберіп алған қате-күнәләрім болса кеше гөрші, Жан Жарым! Жалғанда сенен асыл, сенен ардақты кімім бар дейсің? Екеуміздің әлі асар тауымыз, жасар істеріміз сан алуан емес пе еді? Сенің екі-үш жылда біз құда-құдағи боламыз, тойыма пәленшелерді шақырамын деп жасап жүрген жоспарың ше? Ал екеуміздің шын ғашық жандардай өмірлік жолды бірге жүріп өтеміз деген уәдең ше?.. Адамның бақытсыз болып қалуы оп-оңай екен ғой. Менің қазіргі мүсәпір халімді, зағип жанның күйін кешіп тұрғанымды сезіндің бе, Жаным? Сенен бір-ақ өтініш: мені жалғызсырата көрмеші, жар төсегін суыта көрмеші, елігім! Жесір еркектің күйі жесір әйелдің күйінен бөлек, қалқатайым. Ең қажырлы, шыдамды, берік, жаны сірне әйелдер ғана ғой! Жесірлік пен жетімдікке төзе алмаспын. Баяғыда “Орта жолда атың өлмесін, орта жаста қатының өлмесін дегенді” естуші ем, бұл мақалдың бір ұшы маған тиейін дегені ме?
Сағынсам қайдан табамын?
Іздесем кімнен сұраймын?
Ақ періштесі арманның,
Мен сенсіз қалай шыдаймын?
Мына жағы қарысқыр медбике қыз: “Не ждите чуда. Чудо только в кино”, – деп нені айтып кетті? Керең болғыр құлағым, осы ма еді естігің келгені!? Айнала түгел өлікке айналып, кебін жамылғандай көрінді. Жалғыз сүлігім ғана қалқайып тұрғандай…
Төңіректі қараңғылық жайлағанша Төлеген терезенің алдында телміріп ұзақ тұрды. Зілдей денесін үйге қалай сүйреп әкелгенін де білмейді. Тынысы тарылып, тас үйдің тар бөлмесінде жанын қоярға жер таппады. Сергімек боп сыртқа беттей беріп еді, алдынан інісі Сансызбай шыға қалды да: “Жібегіңнен айырылдың!” – деген суық хабарды жеткізді. “Түсімде қамшының сабы сынып еді”, – деп еңгезердей еркек екі тізесін құшақтай алып, еңкілдеп жылап отыра кетті…
Жанар Сембек

1 пікір