МҰҚТАЖБЫН...
Алдымда әлі дегенмен,
Асатын талай белестер.
Мазалап мені жүреді,
Жадымда қалған елестер.
Мектепке әкем апарды,
Жетектеп менің қолымнан.
Қайтқанда неге күлімдеп,
Күтпедің, ана, жолымнан?
Шашымды тарап, үнемі,
«Ұқыптап» әкем өретін.
«Жағаң кір, неге жумайсың?»
Деп мұғалім сөгетін.
Анашым жайлы әкемнен,
Сұрайтын едім жатарда.
Күрсініп терең, бастайтын:
«Анашың ұзааақ сапарда...»
Анашым жайлы ертегі,
Тәтті ұйқыға батырып,
Үмітпенен әр таңды,
Жүретін едім атырып.
«Анаң қайда?» дейтұғын,
Жек көретін сұраққа,
Бір жауабы болып ет:
«Жырақта… келет бірақ та!»
Ойыншықтарға таласқан,
Көршінің қызы өкпелеп:
«Анашың сенің өлген ғой!
Бекерге күтіп өтпе!» деп…
Үмітті үзбей жүріппін,
Ұзақ уақыт текке мен.
Жігерімді құм еткен,
Сол досымды жек көрем!
Зымырап уақыт, ай, жылдар,
Өтіп те кетті арада.
«Бекерге күтпе!» деген сөз,
Қалып та қойды санада.
Түсінгенменен сапардан,
Оралып келмейтініңді.
Естісем деймін, анашым,
Мейрімге толы үніңді.
Болғанмен мен де шәкірті,
Өмірдей ұлы ұстаздың.
Аналық мейірім, жылуға
Есейсем дағы мұқтажбын.
Мұқтажбын, әлі мұқтажбын…
Анашым…
Зарина Долатай
Қояндай көбейватрық.
Білесің бе,
Бізді неге іздемейді?..
Диагноз: Передоз с Викиликсом...
Кто же на самом деле правит миром? Ответ- ТАЙНОЕ МИРОВОЕ ПРАВИТЕЛЬСТВО (ТМП). ТПМ- это неформальное сообщество самых богатых и влиятельных людей мира в союзе с оккультным Ватиканом. Они и есть Мировая власть — Материальная и Религиозная.Орыстың уы — өздерінің сөзімен қайтатын шығар дегенім ғой өзімше, ық-ық.
Маған өлең ұнады.Әрине, осыдан да әсерлі қылуға болар еді.
Бірақ жазған адамның көңіліне де қарау керек ғой.
по косточкам разбиралиАна туралы өлеңдерден терең философия емес, жай ғана сезім күтемін. Және сол сезіміңіз кім-кім, өз бойымда жаңғырық тапты.
Өлеңді сын-сықақ үшін емес, жай ішіңізге сыймаған соң жазғаныңыз түсінікті.
Әйтпесе ешкім де ортаға «Мына жоқтауым қалай сізге?» деген оймен мұңын бөліспейді.
Сәйкесінше, өлеңді де техникалық жағынан қарастырмадым.
Деп айтпасаң бәрі қыртыған, жәй оппозициялық тренд қуушылық әңгіме. Сәйкесінше ешкімге пайда әкелмейтін жылаймандық.