Екі жылға созылған екі күн

Блог - AidaMuntiyeva: Екі жылға созылған екі күн
Орыс тілі сабағы. Қоңыраудың соққанына бес минуттай болды. Кабинетке апайымыз кіріп келді(екі күндік іс-сапардан келген). Әрқашан сұлу, өзіне жарасымды киімін киіп, ерекше күтіммен, тіпті шаш үлгісін де жоғарғы талғаммен жасайтындығына үйреніп қалған біз оның бүгінгі күйіне үйренісе алмай-ақ қойдық. Апайымыз бұны байқаса керек, орнына жайғасып отырып алды да, күліп жіберді. Оқиғаның мән-жайын білмей, жалтаң-жалтаң етіп біз отырмыз. Екі-ақ күннің ішінде басымнан не өткені, үш ұйықтасаңдар да түстеріңе кірмес...-деді. Біз болсақ, не болды екен?-деп одан әрі қызыға түстік. Апайымыз сәл жымиып, әңгімесін бастап кетті.

Осыдан екі күн бұрын, ақпанның төрті. Қасымда екі әріптесім бар, үшеуміз Орал вокзалында поезд күтіп отырмыз. Ертең Астана қаласында өте маңызды семинар. Міне, поезд да келіп тоқтады. Екі әріптесім мініп кетті, билеттерімді көрсетіп мен де соңдарынан шапшаң мінейін деп жатсам, тексеруші құжаттарымды көрсетуімді сұрады. Мүлде есімнен шығып кетіпті, құдды поезға алғаш мініп отырғандаймын! Киім және тамақтар салынған үлкен сөмкеден басқа, бөлек тұрған кішкене сөмкемді ашып ішінен құжатымды іздей жөнелдім. Құжат жоқ! Киім мен тамақ салынған үлкен сөмкеде жоқ екенін білсем де, ашып тастап ақтарып жатырмын. Бұл сөмкеде де жоқ. Сенесіз бе? ЖОҚ! Енді не істемекпін?! Телефонымды алып, жұбайыма қоңырау шалдым. Құжат үйде де жоқ екен…

Проводникке барып оқиғаны баяндап бердім, не десем де көндіре алмадым, құжатсыз кіргізе алмайтындығын, тіпті кіргізген күннің өзінде ең бірінші тексеруде-ақ поездан тексерушілер түсіріп кететіндігін айтты. Кенет проводниктің алдында отырып алып жылай жөнелдім, өзге еш нәрсе ойыма келер емес(Елестетіп көріңіз жасы отызға келіп қалған әйел… Әлгі кісінің түрін көрсеңіз… ) Алғашында проводникті көндіру үшін жасағанмын, бұл әрекетімнен еш нәрсе шықпайтындығын, жағдайымның қиын екендігін түсінгеннен кейін одан әрі жылай түстім. Бұл- көзімнен парлап аққан шынайы жас еді.

Поезд жүріп кетті, сөмкелерімді құшақтап, он минуттай отырдым. Одан кейін өз-өзімді жинақтап, әріптестеріме қоңырау шалып, поездан қалып қойғанымды, бірақ ертеңге дейін міндетті түрде жететіндігімді айттым. Тұтқаны қойғаннан соң сіңіліме қоңырау шалып, өзінің құжатын әкелуді сұрадым. Құжатты салып алып, Оралдан Ақтөбеге дейін баратын автобусқа жаңағы сіңілімнің құжатымен билет алдым. Ақтөбеден түсіп, тек Қостанайға дейін апаратын такси таптым. Қостанайға жеттім, енді Қостанайдан Астанаға бару ғана қалып еді, осы кезде, қалтамдағы қырық мың теңге бітіп қалды.

Түңгі сағат екі, Қостанайдамын. Ақпанның сары аязы. Жалғыз өзім. Бейтаныс орта. Кеше үйден шыққаннан кейін тамақ ішкен емеспін. Ақтөбеге келе жатқанда, автобустың ыстығынан болса керек, барлық тамақ бұзылып, ашып кеткен, содан лақтырып тастағанмын… Іздеп жүріп Астанаға дейін баратын такси тауып алдым. Бірақ жүргізушіге ақшам жоқ екендігін айтпаған едім. Жер көк тайғақ, машина әзер дегенде жүріп келе жатыр. Құдайдан аман есен жетсем екен деп тілеп отырмын. Анам қоңырау шалды, телефонның ар жағында меннен бетер уайымдап, жылап жатыр. Өзім дірілдеп отырсам да, анамды жұбатып телефон тұтқасын қойдым. Қорыққаным сонша, ұйқыны да ұмыттым.

Кенет он жыл бұрын бірге оқыған құрбымның Астанада тұратындығы есіме түсе кетті. Түннің беу уағында, таныстарымның бәрін аяқтарынан тік тұрғызып, қоңырау шалып, әлгі құрбымның мекен-жайын іздестіріп, тауып алдым. Таңғы сағат жеті, мекен жай бойынша келіп тоқтадық. Есікті қағып, тіпті табалдырықты аттамастан “Айнұр, маған дереу жетпіс мың теңге керек,”-дедім. Елестетіп көріңіз, он жыл бұрын оқыған сыныптасыңыз, таң атпай кіріп келіп, жетпіс мың теңге сұраса берер ме едіңіз? Әй, қайдам! Айнұрдың жолдасы маған сенімсіздікпен қарады, әйеліне “Бұл кім өзі? Неге ақша сұрап тұр?”-деп сұрақтарды төндіріп жатыр. Семинардың басталуына тек қырық минут қалды. Айнұрдың қолын ұстап алып, ақша дереу керек екендігін, кейін қайтарып беретіндігімді айтып жалынып-жалбарынып сұрап алдым. Он минуттың ішінде таранып, бетімді әрлеп, көйлегімді киіп бөлмеден шықтым. Айнұрдың жұбайының көзі шарасынан шыға жаздады. Құдды күлбикенің ханшайымға айналғандына куә болғандай. Үйден тез-тез шығып, таксиге мініп сағат жетіден елу тоғыз кеткенде орнымда болдым! Сол кездегі менің ішкі сезімімді білсеңіздер, шіркін! Өмірге қайта келгендей болдым… Міне, екі жылға созылған екі күннен кейін, үйіме оралып, тоңазытқыштағы бар тамақты жеп, тіпті душ қабылдауға шамам жетпей бір тәулік бойы қозғалмастан ұйықтап, бүгін таңғы жетіде тұрып алдарыңызға келіп отырмын ,-деп шытырманға толы әңгімесін аяқтайды.

Менің бір түсінгенім, әр іске ұқыптылықпен, үлкен жауапкершілікпен қарағанымыз жөн. Қандай жағдай болмасын үміт үзбеуіміз керек. Өйткені, кез-келген мәселенің шешімі бары сөзсіз. Бойымыздағы сенім мен жанарымыздағы үміт оты ғана бізді биікке жетелемек!
Бөлісу:

37 пікір

Ispek92
Екі күнге созылған-екі күн.(әңгіме)
642 әріптен тұратын 642 әріпті жазба десем қалай?! )))
Не ғой, мені мектепте тақырыптан соң тыныс белгісі(үтір, нүкте т.б) қойылмайды деп оқытып еді, сіз әлі ол тақырыпқа жетпедіңіз бе?!
AidaMuntiyeva
Өшіруге ұмытып кеттім десем сенбейтін боларсыз! Дегенмен, әңгімемді әрбір үтір нүктесіне шейін зерттеп, үлкен бір ұқыптылықпен, ынтамен оқығаныңызға алғысым шексіз))))
qonyrbai
Шыңғыс ханды Адай деп жатыр ғой. Немесе Адайды Шыңғыс хан деп жатыр аталарың.
qonyrbai
әр іске ұқыптылықпен, үлкен жауапкершілікпен қарағанымыз жөн. Қандай жағдай болмасын үміт үзбеуіміз керек. Өйткені, кез-келген мәселенің шешімі бары сөзсіз. Бойымыздағы сенім мен жанарымыздағы үміт оты ғана бізді биікке жетелемек!
Есімде, сонау 2004 жылдары интернетке тіркелмегенде дәл осы мәліметтерді іздемеген едім. Бар екенсің ғой, Алтынсариным!
VKM
қызықты екен, жақсы оқылады. Маладес, Аида
merekeee
"әр іске ұқыптылықпен, үлкен жауапкершілікпен қарағанымыз жөн." Өте дұрыс, өйткені мұғалім адам сырт кейпіне, әсіресе, оқушылары алдында мұқият болуы керек.
Біз де бұрын апайды сабақтан алаңдату үшін әңгіме сұрайтынбыз, кейбірі қатал, кейбірі мыжып отыратын, ондайда рахат, тыңдаған кейіп білдірсең болды. Сен тыңдапсың ғой )
AidaMuntiyeva
Айтпақшы, оқиғаның жалғасы бар. Ол мынадан да қызық! Ұзақ болса, көбі оқымай қалар деп қысқартып тастағам)))))
Adiletshu
Басқа постқа жалғастырып жаз
AidaMuntiyeva
Екінші бөлім деп па))))
merekeee
Аида, оны да сабақта айтып берді ме? «Назарбаев Зияткелік мектебінің» апайлары оқушы қызығарлықтай екен. Жұрттың апайы күшті, біздікілер сабақ өтіп отырып алады.
Жалғасын жаз онда, оқиық.
AidaMuntiyeva
Жақсы) орайы келгенде жазамын!
AidaMuntiyeva
Мереке, қай қалада тұрасыз?
Adiletshu
Бәрі түсінікті жазылған. Оқиға көз алдымда елестеп отырды. Молодец!
AidaMuntiyeva
Сен мына әңгімені айтқандағы апайымыздың ұсқынын көргенмедің ғой!))))) Барлық эмоциясын, актерлік шеберлігін қосып айтқаны сонша, кәдімгідей апайдың орнында өзіміз болғандай сезімде қалдық!
Marco
Абзацтарға бөліп тасташы, әйптесе оқуға қиын екен.
Пы.сы: әңгіме жақсы, өте қарапайым, түсінікті
a63a1
Mening tusinbei otyrganym nege eki kun eki zhylga sozyldy?
MERmukhanov
түзетуді басып, тақырыптан дефисті алып таста, тіпті жақшадағы сөзімен қоса алыпт тастасаң да болады
AidaMuntiyeva
ок)
MERmukhanov
мінекей менің де даусым кетті. +20 болдың. Супер — бірінші жазба үшін :)
Ispek92
+24
Adiletshu
«624 әріп» деп зануда болмай неге бірден плюс қоймадың
Ispek92
мен типичный боп тақырыбына бригол ұстадым, біз шексек осылай бриголдаймыз… нәдЯус түсіндіре алдым?!)))
qonyrbai
ДжиГитлер, Аидаға таласпаңдар) ))
Arys_arlany
таласпандар жигиттер таласпандар дейсин гой
AidaMuntiyeva
окай окай, түсіндім бриголыңды))))) Тағы шегіп алып коммент жазып жүрме))))))
qonyrbai
Әділетті қайдан танисың?
AidaMuntiyeva
? ол кім?
qonyrbai
Шу-Чу. ))
AidaMuntiyeva
мяяяя сондай да шутка болады екен!))
qonyrbai
біз шексек осылай бриголдаймыз
))
qonyrbai
Суреттегі пойызға мінгім кеп кетті.