Сағыныш + үміт

Сен де мені сағынарсың,
Ашса қауыз гүл бақта.
Іздеп мені сабыларсың,
Мен жүрмейтін бір жақта.

Бұлттан бейнем түзілгенде,
Мені аңсарсың бір күні.
Іштен әуен сезілгенде,
Қобалжисың біртүрлі.

Талдан, таудан сұрап мені,
Таба алмасаң, жыларсың.
Мың нүктеден құрап мені,
Жол шетіне құларсың.

Жүрегіңе мұң аларсың,
Өтіп көл мен теңізден.
Бәлкім біліп қуанарсың,
Жүргенімді сені іздеп…

АҚБЕРЕН ЕЛГЕЗЕК
Бөлісу:

34 пікір

a63a1
Ду қол шапалақ! Күшті!!!
borte_92
шап-шап-шаплақ па))))) дегенмен рахмет!
a63a1
сен мені таң калдырдың ))))
borte_92
неліктен таңданасың??
a63a1
өлең жазады екенсіңғой
borte_92
жазуын жазамыз ғой. бірақ бұл менікі емес.Ақберген ағайдыкі. ал, өзімнің өлеңдерім әлі піспеген…
a63a1
Акберен Елгезек емеспе?
borte_92
ия, сол кісінікі. мен жәй әшейн жазғаным ғой,ұнағасын))
sammita
өлеңнің астына авторын жазып қою керек. Авторы белгісіз өлеңдер қатарын көбейтпей.
TERISKEI
АПТЫРДЫҢ АТЫН БАДЫРАЙТЫП ЖАЗЫП ҚОЙЫҢДАРЧ, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТЕЛІК ТЕ! БӨРТЕ 92!!!
a63a1
енді Бөрте жаңадан тіркелдіғой, пікірге жазбаяқ жекеге хат жіберіп түсіндіріп жібере салмадыңдарма.
sammita
жаңа тіркелген жоқ:) Жалпы біреудің дүниесін рұқсатсыз жарияласаң да авторын көрсеткен a63a1:))
a63a1
көп кірмейдіғой))) Кешірушілік деген болу керекқой сонда да) Тым қатал болмашы жас балаға))))
sammita
міне отқа май құюшылар, артық сөз айтылған жоқ, болашақта есте болсын деп жолын айттым. Ал сендер осылай араны ашып екіге бөліп отырсыңдар пікір көбейтіп.
Aizhantabyn
Ақберен ағайдың әр өлеңіне ғашықпын… ))))))))))))) жеке сайты бар, если что)))
a63a1
үйй қандай өлеңіне?
Aizhantabyn
мысалы Бір адам не болмаса менің гордий түйінім)) Ақындардың ішінде ерекше стилі бар ақын.
Сосын Рахат бар Абдрахманов)) Ол да керемет жазады. Вокзал, Қазақ қызы деген өлеңдерін оқи берем)))
a63a1
тағы Бауыржан Қарагызұлы деген ақын бар
borte_92
Жастардан Гүлсара Шалқарды оқимын. Және Мирас Асан тағы бар.
Aizhantabyn
танымайды екем. Өлеңдерін жазып қойсаңыз)))
a63a1
осы жерге жазайынба?
Aizhantabyn
жаңа пост қылып.)
sammita
Көкшетаулық жігіт. Қазір Астанада. 82 жылғы. Отбасылы, 2 баласы бар:)
a63a1
Ішімде бір Бауыржан бар,
Ес білгелі таныс маған…
Әңгімеміз жауыр болған,
Арамыз да алыстаған.

Мен жалықтым…
Ол жалықты..,
Кесірінен өтіріктің,
Ол өтірік таңданыпты,
Мен өтірік көпіріппін.

«Шындық бізді бөлді» деді,
Жолым бөлек енді менің.
Мен жыласам, Ол күледі,
Ол жыласа, Мен күлемін.

Мен қырсықпын, Ол да қырсық,
Қасарысып жүр ме деймін.
Не табамын ұрсып-ұрсып?!
Сол… Әдейі үндемеймін.

Ол – егізім, бақталасым,
Жақсы досым һәм дұшпаным,
Жә, білгіштер оттамасын,
Есім дұрыс алжаспадым.

Солай, жаным, шындығында –
Өңім – екеу, Түсім жалқы.
Қоса-қоса мұңды мұңға,
Ішім – түтін, сыртым – бүтін.

Мен Құдайға жалынамын,
Ол өзіне табынады.
Мен Өлімді сағынамын,
Ол біреуді сағынады.

Кімді, нені сағынады?!
Ит біле ме?!
Жалған сөз бе?!
Мүмкін, Мені сағынады,
Өзі жалғыз қалған кезде.

Марапаттан азап тұнып,
Өзі жалғыз тапталады.
Уақытты мазақ қылып,
Бір-ақ күнде жоқ боламын.

Сосын оған бас қаланың –
ортасынан Астананың,
Бұ Дүниені сыйға тартып,
О Дүниеге атанамын.

… Сол кезде қызық болады.
a63a1
АДАСУ. ҚАЛА. ДЕПРЕССИЯ.
І

Бұ дүниеден жалығып, о дүниені аңсаған,
Жан мұңынан қорқам да мен де өтірік ән салам.
Өзін-өзі алдаған маңдайым-ай не дейін –
Бадырақ көз үрейім,
Ессіз езу мерейім.
Қан мен тердің кенжесі – тым жылтырақ қаланың,
Көшесінде мерт болған күндерімді санадым.
Санадым да өкіндім…
Өкінішім ол менің – жорылмаған түстерім–
жорылмаған түстерім – келешегім бұлыңғыр.
Ол да өкініш дедім де ерінімді тістедім…
Мына өмір о, тоба, өңім бе әлде, түсім бе?!
Жан жылайды түн туса жанарымның ішінде.
Жалған достың күлкісі түкпірінде санамның,
Өлі көзбен қарайды қабағына ғаламның.
Өзін өзі жұтады өсекшіл қан күбірлеп,
Олар кімге табынып, кімдер оған жүгінбек?!
Дал боламын осылай қара шерге байланып,
Ей-һей, шіркін кетсем ғой жасыл Сөзге айналып.
Өткен күллі ғұмырым – жалғыз сәттік қиялым,
Кешіре гөр келешек – таңдау еркім – зиялым.
Таңдай алмай Жолдарды кезіп келем көшені,
Бас қатырып қайтемін Жазмышым шешеді.
О, көшелер, көшелер – жалғыздықтар мекені.
Мен секілді адасқақ сеннен талай өтеді.
Олар мендей арманшыл ыңылында «Мен» өлген,
Олар сендей сұп-суық сезімдері көнерген.
Олар менің аяулы жүрегім ғой – сенгішім,
Олар мендей бақытты және сорлы қайғылы
іздей-іздей шаршаған белгісіздің белгісін.
Иә, солай… көшелер ем тауып бер Жаныма,
Жә, жә, болды бар болғыр!
Міне, әлгі… Тағы да…
Сөздер гулеп шекемде, сенім өліп ішімде,
Қаңғып кеттім қан жылап, еркіндіктің түсінде…

ІІ

Лас сөздің салқыны ауырлатып жер шарын,
Аспан ылғи жылайды – менің мұңлы аңсарым.
Аруақтың анты бар ауа да сол мүгедек,
Топырақтың қайғысы сауда үстінде үдемек…

Уай, Уақыт, қайт дейсің?!

Солай, уақыт, талай түн қиялында қаңғыған, –
Қасарысқан қырсықпын сөз бұйдасын аңдыған.
Айналайын, гүл – Уақыт, жанарыңа жаз қонсын!
Маңдайымнан сипай сал мысық көңіл мәз болсын!

Көк түтінге көміліп көкірегінде кек өлген,
Ғасыр жатыр жарықтық бет-ауызы көгерген.
Иә, біздегі сор тірлік – ит тұмсықты, өгіз көз,
Ал, мінбеде неге осы, ыңқылдайды семіз сөз??!

Семіз сөздің буына аш құлқындар уланбақ,
Кешір,
кешір,
Уақыт, өсе берсін қу мандат…
Ақыл айтып кеттім бе ақымақ тіл сумаңдап…
...Қар жауып тұр далада, көбелектей көлбеңдеп,
Сықырлайды табаным: «Әділет жоқ, өлген», – деп…
Ақыл суық,
сөз суық,
ой да суық – дірілдек…
«Мүмкін...», – дедім, мырс етіп, саусағыммен күбірлеп…

ІІІ

Тағы шықтым көшеге…
Неге шықтым?!
Білмеймін…
Домалайды қаңбақ – күн, басып бойды зілдей мұң.
Зымырайды уақыт – тоқтап қалған ойларым.
Қайдан келдім бұл жаққа, қайда барам, беймәлім…
О, Тәңір-ай, шынымен ақыл-есім дұрыс па?!
Аяз билеп ауада, қар жылайды бұрышта.
Еш нәрсені ұқпадым… Түсінерсің қарағым,
(Құшырланып, өлердей темекімді сорамын...)
Кімді күттім, ал енді, нені іздедім құлшынып,
Жолдар жатыр алдымда қайыршыдай күрсініп…
Момындарды мұқатқан күлкісіндей заманның,
Қарап тұрып қарадай неменеге ызаландым?!
Ғаламторда қаңғыған сөйлемдердей жалаңаш,
Жаурап қалған сезімнің демі – дертті, араны – аш.
Жүн қып түтті-ау жүйкені тым жүйесіз дыбыстар,
Қайда кеткен достарым, қайда әлгі туыстар?!
Езіліп тұр жүрегім… Қырау-қырау айнала…
Күбірлеймін: «ӨМІР», – деп, көңіл үшін жай ғана.
Қарқылдайды ауада жүз марапат, мың мадақ,
Қар күреп жүр көк сақал жел жөтелін жұлмалап…
Жылтыр тілдің сөзіндей суық екен күн бүгін,
Түске айналып кетсе ғой түсініксіз тірлігім…

IV

Сөйлемеймін мен енді! Сөзім – жетім, себебі!
Қарашы, әне, аспаннан ымырт түсіп келеді…
Бұл қалаға адасып, түскендеймін ғарыштан,
Бәрі әйтеуір ақылды, бәрі бір-бір данышпан.
– Автобустың ішінде қайтыс болды адалдық…
– Оны қойшы, бір халық интернетте жоғалды…
– Қазір бәрі қатігез не қылады обалды,
Өміріңіз байқамай мейірімнен тоналды…
– Даурықпаңдар егестер үшеуіңде еліріп, –
– деп ,– төртінші көк езу есінейді керіліп…
«Нұрылы-нұрлы» сөздерден қала әбден жалығып,
Ымырт отыр бұрышта жезөкшедей торығып…

V

Қыс өлді, көктем туып, күн санап санамағын,
Өзімнен өзім қашып, өзіме ораламын.
Ойымда ойым тұнып, сөзімде сөзім ойнап,
Үйімде табыламын, көшеде жоғаламын.
Дай-дай-дай, көше, көше, о, неге құбылады.
Езуден таңданысым көліктей шұбырады.
Адамның күнәсінен күс жұққан кешкі көше,
Азанның дауысына өкіріп жуынады.
Әлемді аялаған әдемі Әмірлері,
Кешірші, Жалғыз, Шексіз, Мейірімді – Тәңір, мені.
Сіз жайлы күнде айтады, сөзінен иман гүлдеп,
Арқамнан қағып тұрып, Арқаның қоңыр желі.
Ол – менің ең сүйкімді өзгеше әнім еді,
(Әй, шіркін, түсінсе ғой, Жел болып, бәрі, мені,)
Иә, кеше, өткенімнен мұң жалап келе жатқам,
Қарсы алды қарсы алдымнан тоқтатып тағы мені,
Арқаның қоңыр желі АР жайлы сұрай берді,
Көзімнен күйінішім ауаға құлай берді.
Ол мені аяды ма, бетімнен сүйіп тұрып,
Күрсініп, қайта-қайта сендерге былай деді:
«Бұл қала – кеңседегі халықтың өтініші.
Бұл қала – саудалаған сәбидің жетім іші.
Бұл қала – жиған қорап – патшаның ойыншығы.
Бұл қала – алаяқтың өксіген өкініші...»
Бұл – Оның аманаты, ойым жоқ жан жылатпақ,
Жүректің тілегіне бола алман мәңгі қақпақ.
...Өңімді жалықтырған мақтаншақ иегімен,
Түсімнен шықпай қойды сары шал сандырақтап…
a63a1
міне осындай өлеңдері бар!)))
borte_92
Бауыржан ағайды да сүйіп оқимын.!!!
borte_92
Ұлт.
Қырєыз елінің жігітіне арналєан ақ тілек)

…Жақсы қызды жар еткіңіз келеді.
Еліңізге келін болман, себебі:
Тау-тарихты қопарєанда болашақ
Қазақ болып қалу керек дерегім.

Бастарында болғаннан соң бостандық
Қаншама қыз «өзге» жастық жастанды.
Ел болмайтын «жиендерді» көбейтіп,
Қазағыма жасамаймын қастандық …

Зор білекті батыр тусам, қайтемін?..
«Жар астында жасырынған» жау болар.
Дүр жүректі хакім тусам, қайтемін?..
Ел арасын алшақтатар дау болар.

Өте білгір әкім тусам, қайтемін?..
«Қарашадан дара шығып» хан болар.
Орақ тілді ақын тусам, қайтемін?..
Тамырына тартып текті жан болар.

Жез таңдайлы әнші тусам, қайтемін?..
Өнер шіркін өзге ұлтқа жолданар.
Шеберленген күйші тусам, қайтемін?..
Сатқындықтың сорақысы сол болар.

Ұрпаєымды сүйгенмен,
Ұлтым үшін күйгенде,
Белгілі ғой жұлдызымның жанбасы…
Әйел-ердің қабырєасы білгенге,
Бір қазағым «қабырғасыз» қалмасын.
Үрдің қызы күтіп жүр-ау сізді де
«Қабырғаңыз» болєасын…

Достық туын желбіретсек…
Достық сөзі киелі!
(Адал дос деп сізге басты иемін).
…Өзге ұлтта алынбаєан өшім жоқ,
Өз ұлтымды «өзгешелеу» сүйемін…
Сондықтан да, қазақ болсын күйеуім!

Гүлсара Шалқар.
a63a1
мына жерде жазып едім осы өлеңді
Abilakim
Тисе бермеңдерші жас балаға
edige
— Көш жүре түзеледі деген, кешірімді болайық… жамағат
borte айналайын, ауыз бөлмеде торсықтағы шалапты әкеле қойшы…
borte_92
айтқандарыңыз дұрыс-ақ. сынды да қабылдай білу керек қой...))