Ал сіз сайлауға қатысасыз ба?
Бүгін Алматыдан келіп компьютерімді көріп, сағынып қауыштық. Жүзінде бір мұң бар секілді, мені де сағынып қалыпты. Хе-хе-хе ))) Айтайын дегенім ол емес еді…
Өркен ағамыздың презентациясынан сабақ алып, қолданушыларды мақалаға тарту мақсатында осылай сұрақ ретінде пост тақырыбын қойдым. Бірақ мен ұсынғалы видеоның сайлауға қатысы бар. Хе-хе-хе!
Бірінші ретте мына видеоларды іздестіріп тауып алдым, Алма-қалада дұрыс көре алмаған едім. Сәкен ағамыздың тағы да сапалы бір құнды дүниені түсіріпті. Жасап жатқан дүниелері шетінен жүректің төрінен орын алады. Сіздер де көріңіздер, сіздерге де ұнайды. Оған шүбам жоқ.
Ал мынау видео қалай түсірілгендігі туралы видео. =)

пысы. talgatjez блогынан да осындай бір видео көргенім бар еді :)
не деген сүйкімді балақандар!
P.S Ереке, жарайсың!
бұл мен үшін өте өкінішті
Қазір ойланып қарап отырсам, томпаңдаған сәбиімнің алаңсыз болашағына өзімнің саяси үлесімді қосу үшін барамын. Ал кімге дауыс бересіз, ол өз шаруаңыз — бірақ кимоно киіп қол аяғын сермеген жігіт «бәрін сындырам» деп тұрғандай ма, қалай? Шаг влево, шаг вправо-расстрел деген қызыл режим есіме түсіп кетті. Ал эколог мырзаның орны — экология мен табиғат қорғау министрлігі ғой… Шыны керек екі үміткердің де елбасы, лидер ретінде еш тартымы жоқ. Ал Ғани бырат — әңгіме жоқ, любой құдалығыңа апаруға болады, кез келген разборкаңды шешіп береді, ал таққа отырса — қазақтың келбетіне қара меңдей болып қалады ау…