Arular.kz

Депутатқа ұсыныс...

Депутат десе қарапайым халықтың көз алдына жұмыс істемейтін, жалақысы көп, мемлекеттің ақшасына қыдырып жүретін жасы 50-ден асқан ағатай елестейді. Істеген жұмыстары міне-міне деп көрінбеген соң солай ойлайды. Жалпы, халықтың арасында депутатқа деген негативті көзқарас бар. Бірақ, бәрі балаларының депутат болғанын қалайды) Мен жаңадан сайланатын депутаттарға әлеуметтік желіден аккаунт ашуды ұсынар едім. Депутаттың кемінде 3-4 көмекшісі болады. Соның біреуіне смартфон ұстатып қойып, өзі бағыт беріп отырса халық істеген істеріне көз жеткізер еді. Оның үстіне халыққа да жақындай түседі. КВН-шиктер де ұйқы туралы әзілдерін азайтар еді. Содан, депутаттардың арасында рейтинг есептеп сыйақымен мараппаттап отырса тіпті бәсеке күшейіп, парламенттегі жұмыс ашық көрінер еді. Кімнің- кім екені көрініп, халық жұмысын интернет арқылы білген соң дауыс беруге де көзқарасы басқаша болар еді. Солай...

Сайлаудағы саяси жүріс...

Біздің журналистерге рейтинг болса болды ғой шіркін! Өзі түсінбей отырған халықты "Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова депутат болады" деген тақырыптармен одан сайын шулатып қойды. Біріншіден, кандидат болды деген мандат алып депутат болды деген сөз емес. Әзірше олар жай ғана тізімге енді. Екіншіден,...
image image

2012 жаңғырықтары: Обама мен Ромнидің әлеуметтік медиадағы айқасы

Төртінші билікті алғашқы үшеуінің пайдалануы таңсық дүние емес. Ал егер ол, дәлірек айтсақ, оның ғаламтордағы ең озық және жылдам бөлігі ең ресми билікке жетудің құралы болса ше? Бұл жазбада біз 2012 жылғы Америка Құрама Штаттары Президенті сайлауының екі басты үміткері — Барак Обама мен Митт Ромни дің жүргізген...

Біз неге ұзақ демалдық?

Өзімнің бірінші жазбамды мені біраздан бері толғандырып жүрген бір сұрақ жайында жазғым келіп отыр. Неге біз, яғни студенттер осы жылы ұзақ демалдық? Ұзақ демалуымыздың пайдасы болды ма? Жылдағы дәстүр неге бұзылды? Бұның арғы жағында қандай саяси астар бар? Биыл мемлекеттік оқу орындарында оқитын студенттердің қысқы демалысы әдеттегіден ұзағырақ болды. Бұның себебін

Көп нәрсе аңғаруға болады.

Мен: Апай сайлауларыңыз қалай өтті. Жәмила: (бұл кісі ауылдық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары болды) жақсы деді ғой әйтеуір аудан, бірақ Маратқа (ауылдық сайлау комиссиясының төрағасы) ұрысыпты ғой біраз. Мен: не үшін? Жәмила: енді ана орақ пен балға ұстағандарға дауысты біраз кобірек жіберу керек екен, біз оны білмеппіз, кішкене аздау болып қалыпты. Мен: Содан? Жәмила: ну енді өзіміз бірдеңе қылып дұрыстаймыз депті ғой. (бала-шағаларының амандығы үшін кейіпкерлердің аты өзгертілді)

Спектакль саясат

Сол баяғы «Нұротан» және қасына қуыршақ партиялар. Үйреншікті спектакльдің куәсі болдық. «Бірлігіміз жарасқан», «Елбасының арқасы», "Ұлт лидері" «Нұр, Нұр, Нұр...» — дейтін, көт жалағыш көтриоттардың саны көбейетін болды ау.

"За себя, за сыновей, за жену как положено за Нұр-Отан проголосовал..."

Көріп алып, өлдім-ау күлкіден. Жоқ дейм да, қалай манипуляция жасаса да «Нұр-Отан» жеңіске жетеді. Басым дауыс алады. Бірақ енді, осындай деңгейге түсіп, сайлау бюллетендерін урнаға пәшкілеп тастап не көрінді сонша? Осыған түсіне алмай-ақ қойдым. Мына сюжеттегі быраттың әңгімесін айтсайшы, «За себя, за сыновей, за жену, за брата как положено за Нұр-Отан проголосовал. Нан ұрсын! Итого 9 бюллетеней!» дейді.

“Сайлауға барасыз ба?” сауалнама қорытындысы

Алдыңғы күні “Сайлауға барасыз ба?” атты мақала жазған болатынмын. Ол жазбамда Маңғыстау облысының Ақтау қаласынан шығатын ЛадаТВ газетінің сайлау қарсаңында кімнің сайлауға баратыны немесе бармайтындығы, бара қалған жағдайда кімге дауыс беретіндіктерін білу мақсатында сауалнама жариялағандықтарын айтып едім. Сөз соңында мен де баршаңызға өзімнің тарапымнан жасалған шағын сауалнамаға жауап берулеріңізді өтінгенмін. Міне, сол сауалнама уақыты аяқталды. Өйткені, таңертең, яғни қаңтардың 15 күні ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауына байланысты дауыс беру басталады. Еліміздің барша елді мекендерінде таңертеңгі сағат 7-ден, кешкі 8-ге дейін сайлау учаскелері өз есіктерін қалың электоратқа айқара ашпақшы. Ал мен қазір сіздерге өзімнің шағын сауалнамамның қорытындысын жариялағалы отырмын.

Сайлаушылардың талабы күшті

Сайлау додасы кандидаттарды алды-артына қаратуға шамасын келтірмей жатыр.Тіпті, заңсыз әрекеттерге де жол беріп қоюда. Әупірімдеп, депутат болудың әлегі ғой, сол. Бұл жолғы сайлауда ОҚО-дан ұлты өзбек төрт үміткердің өкілетті биліктен дәмесі бар екен. Олардың кейбірі насихат жұмыстарын өзбек тілінде жүргізсе, ал кейбір кандидаттар үгіт материалдарын зират басына жапсырып кеткен. (Неткен сұмдық! Енді өлілердің дауыс беруі қалып еді). Осындай заңсыз әрекеттермен облыстық сайлау комиссиясы айналысуда. Ал, шымкенттіктердің тапқырлығы да таңқалдырады. Олар сайлау қарсаңында өз кандидаттарына талап қойған. Диваев көшесінің тұрғындары өзін насихаттаған үміткерлердің плакаттарының қасына талабы бар үндеулер де жапсырып қойыпты. Олар өз көшесінде қордаланған мәселелерді тізбектеп, жазған. «Егер көшенің жолын кім жөндесе соған дауыс береміз»,- деген үндеу бүткіл аумаққа жапсырылыпты. Ал,...

Сайлауға барасың ба?

Ақтау қаласынан шығатын Лада.ТВ газетінің интернет-бетінде “Сайлауға барасыз ба? Кімге дауыс бересіз?” атты сауалнама өтуде. Қарап отырсам, сайлауға қатыспайтындар мен қатыса қалған күннің өзінде өзге емес “Нұр Отанға” дауыс беремін” деушілер қарасы көп-ақ. Оның ішінде менің және әйелімнің де дауысы жүр. Яғни, қалыс қалушыларданбыз. Ал дәлірек ақпаратты суреттен қараңыздар. Дегенмен, бұл тек lada.kz сайтының өзіндегі ғана сауалнама ақпары. Ал олардың Вконтакте атты әлеуметтік желісіндегі бетшесінде тағы бір сауалнама жариялаған (екінші сурет). Ол жердегі халықтың да басым көпшілігі, яғни 43.7 пайызы “Сайлауға бармаймын” деп жауап берсе, сайлауға барамын деп шешкендердің 26.6 пайызы “Нұр Отанға” бүйректері бұратындықтарын жасырмаған. Айта кету керек, бұл басылымның негізгі контингенті Маңғыстаулықтар немесе мен сияқты өзге облыста, өзге елде гастарбайтерлетіп немесе...

Сайлауиада

Соынмен еліміздегі кезекті Сайлауиада басталып кетті. Үміткерлер «Лақтырыспақ», «Көт ашпақ», «Деза салу», «Уәде беріспек», «Жаға жыртыспақ» сияқты жарыстар бойынша қызу жарысқа кірісіп кетті. Ойын нәтижелерін осында жазып, талқыға салайық уа жамағат-ы-керекинфоин!

Мәжіліс депутатының өтемақысы 600 мың

Санайғақ: “Мәжіліс тарады. 119 депутат жұмыссыздар қатарын толықтырды. Экс-депутаттар ай сайын үш ай бойы жұмыссыз ретінде мемлекеттен 600 мың теңге өтемақы алып отырады. 3 айда 119 депутатқа бюджеттен 214 млн. 200 мың теңге жұмсалады екен”, — деп аймандай қып жазып қойыпты “Абай.кз” сайтының маңдайшасына. Бұны көргендер “Білә, бұл ақшаны мен пәлен ай істеп жүріп әрең алсам, бұлар бір-ақ айда алады екен ғой. Өтемақысының өзі 600 мың. Бәсе, жұрттың неге депутат болғысы келеді десем ақшасы көп екен…” деп неше түрлі негатив ойларға кетуі мүмкін. Кетіп жатқан да шығар уже. Бұл бұл ма, оларға пәлен айлықтың үстіне қосымша қызметтік пәтер, көлік беріледі. Олар осы ақша мен баспанаға лайық елдіктің бүгінін де, ертеңін де көркейтіп жіберетін әділ заңдар шығарып, қазақтың мұң-мұқтажын қорғап, ләкин халқын шырылдатпайтын әділ заңдар шығара алды ма? “Судың да сұрауы бар” демекші,...

Даусеееем!!!!

Мәжіліс тарап кетті ғой. Қалай дауыс бергенімді жаза берсем болатын шығар? Өмірімде бірінші рет, әрі осы уақытқа дейін жалғыз рет қатысқан сайлауым сол еді.