Біз неге ұзақ демалдық?

Өзімнің бірінші жазбамды мені біраздан бері толғандырып жүрген бір сұрақ жайында жазғым келіп отыр. Неге біз, яғни студенттер осы жылы ұзақ демалдық? Ұзақ демалуымыздың пайдасы болды ма? Жылдағы дәстүр неге бұзылды? Бұның арғы жағында қандай саяси астар бар?



Биыл мемлекеттік оқу орындарында оқитын студенттердің қысқы демалысы әдеттегіден ұзағырақ болды. Бұның себебін жоғарыдағылар Парламенттік сайлау күнінде студенттер үйлерінде болуы тиіс десе, Білім және ғылым министрлігі мұны академиялық күнтізбе ерекшелігі дейді. Кейбір құқық қорғаушылар бұл әрекеттің саяси себебі бар деп сенеді. Қазіргі таңда Алматыдағы Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қаныш Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті т.б. сияқты ірі оқу орындары қаңтар айының 30-нан бастап қайта сабақтарына кірісіп кетті.
Дегенмен, осы сәтте білімгерлердің университетке қайта оралуын пайдаланып, қысқы демалысты қалай өткізгендерін сұрай кетуді жөн көрдік…
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің студенті Жансаяның айтуынша:
"Қысқы демалыс ұзақ болды. Ауылға барып, ата-анамыздың қасында болуымызға, сағынышымызды басуымызға үлкен септігін тигізді. Бір жағынан, өкініштісі Қазақстанның болашақ жастары бола тұра сайлауға қатыспағандығымыз. Дауыс берейік десек жатақханада тіркеуде болғандықтан, ауылда тізімде болмай шықтық ",- дейді.
Жансаяның бұл сөзі маған ой салды. Жатақханада бір ҚАЗҰУ-дың өзінде 5000-ға жуық студенттер турады. Солардың барлығы дауыс бермесе… Кім студенттердін орнына дауыс берді? Дегенмен тағыда студенттер арасынан сауал жургізуді жөн көрдім. Есесіне жатақханада тіркеуде тұратын білімгерлердің 10 пайызы дауыс бермегендігін айқындадық…
Сауалнама алып жүріп, жағаңды ұстайтын жағдайларды да, құлағым шалып қалды. Жамбыл обылысындағы Жуалы ауданындағы, ауылды мекендердің бірінде сайлау барысында еш бақылау болмағандығын айтады Сұлтан есімді 1 курс білімгері. Есесіне депутаттар сайлау учаскісінің алдына арақ шараптар акеліп дауыс берушілерді суғарған көрінет. Бұл оқиғаны естей отырып сайлаудын жақсы өтті деген сөзді жоққа шығарғын келеді. Амал қанша… Бұл басқа әңгіме…
Ал, «Біз неге ұзақ демалдық»?- деген сауалдарға студенттер білім беретін ұстаздардың көпшілігі. Сайлауға қарсы демалдық. Бұның астарында не жатқанынан бей хабарсызбыз. Бізге осылай жарлық берді жоғардан, біз орындадық дейді. Ал Егемен қазақстан газетінде «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорының төрайымы, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның берген сұхбатында былай дейді.
— «Соңғы президенттік сайлау кезінде студенттердің құқықтары өрескел түрде бұзылды. Жатақханаға барып, студенттердің құжаттарын тартып алып, тізім бойынша оларды сайлау учаскесіне күштеп апарып, олардың көмегімен «карусель» әдісін жүзеге асырғаны туралы көп видео түсірдік… Осындай заңбұзушылықтармен күресудің орнына билік студенттерді үйлеріне қайтара салып, өте жеңіл жолды таңдады. Яғни, олар енді «студенттердің дауысын ұрлады» деген сияқты ескертулерді естімейміз деп үміттеніп отыр. Бұл диктаторлық жүйеге тән шешім, — дейді Бақытжан Төреғожина.Ол «оқу процесін тоқтату» мәселесіне күмәнмен қарайды. Осыған байланысты бірқатар студенттер мен оқытушылар тарапынан шағым түскенін де айта кетті. Қор жетекшісі мұның қаншалықты заңды екенін анықтау үшін бас прокуратураға сауал тастайтынын да жеткізді.
— «Білім туралы» заң мен министрлік қабылдаған білім стандарттарына сәйкес, оқу процесінің жоспары болады. Кейбір форс-мажорлық жағдайларда (мысалы, жер сілкінісі салдарынан оқу ғимаратының жарамсыз боп қалуы т.б) оқу процесінің мерзімі жылжытылуы мүмкін. Бірақ нақты жағдай сайлаумен байланысты болып тұр және оның таза саяси сипаты бар. Ол оқу процесін жалғастыруға кедергі жасамайды», — дейді Бақытжан Төреғожина.
Дегенмен бұл саясаттың астарында не жатқаны азірге белгісіз. Біз неге көп демалдық ?- деп ойлайтын студенттерімізде саусақпен санар ғана. Демалыс аз боп қалды, тағыда 15 кун қосып бергенде, нұр үстіне нұр болар еді дейтін студенттер де жетерлік…
Бөлісу:

3 пікір

satibaldi
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің студенті Жансаяның айтуынша
satibaldi
бұл сөзі маған ой салды.
Тіпті солай ма?