Астаналық "Керекшілер" және "Блогшы" қауым!!

Көктем де келіп Астананың қақаған суығының тігісі сөгілді. Көк шығып қала көшелерінің реңі де кіріп келе жатыр. Өткен аптада кешкі уақытта әйелімді ертіп Есіл жақты аралап қайтқан едім. Халық көп екен. Дені жастар әрине. Жақсы серуен болды. Кей орындықтарда гитар ұстаған жігіттер топтасып ән де салып отыр…
Блог - Janasil: Астаналық Керекшілер және Блогшы қауым!!Ұсынысым: Жақын арада жиналып Есіл жағасына барып отырып, әңгіме-дүкен құрып қайтсақ.(Кешегі шаңғымен жарысқан жерге сыртынан қарап отырып) Қастарыңызға жолдастарыңызды, кішкентайларыңызды ертіп келсеңіздер тіптен жақсы болады. Болып жатса гитар, домбыра алып келсеңіздер ән де шырқаймыз.
Әрі қарай

Білгіш болып көрінгің келсе...

Осы жерде білгішсымақ сөздермен солардың қарапайым баламаларын жазайықшы.
Мысалы:
Интеллектуалдар — Білімді/ақылды адамдар
Прагматичный, практичный — дүнияға пысық, пысықай
Жағдайым дағдарып тұр, менде кризис — ақша жоқ.
Социумның кері байланысын алу — ағайын жұртпен санасу.

Мәселе бұл сөздердің ғылыми мағынасында емес, көп адамдар бұл сөздерді қарапайым асханадағы әңгімеде қарапайым сөздердің орнына қолданып оқымыстылығын білдіріп жатады.
Тізімді жалғастырайық.
Әрі қарай

Фото жұмбақтың жауабы.

мына жерде жарияланған фото жұмбақтың жауабы. Алғаш болып дұрыс жауабын жазған sammita болды. Уәде бойынша келесі бас қосуда бір кесе шәй менен.


Ескерткіш 1998 жылы Омаров көшесінде ашылған екен. Жоғарғы сот ғимаратының жанында.
Тасалау жер секілді тұрған жері.
Әрі қарай

Қызықтарыңызды жаза отырыңыз.

Алғаш жұмыс бастаған кезім. IT бөлімде. Жұмысым бұзылған компты жөндеу. Бірде жас қыз келді. Кеңсесін ауыстырғанын айтты. Енді барлық комп, принтерлерді құрадым.Бір ақ принтердің светі жанып тұр, қалғандары қосылмайды дейді, біраз әуреленіпті. Бардым. Столдың үстінде бәрі тұр. Сырттан қарап тұрмын сымдарына. Араласып жатыр. Сөйтсем әлгі блог пен монитордың сымдарын әкеп сетевой фильтрға қосыпты да

фильтрдің өз шнурын әкеліп қайта өзіне тығып қойыпты. Ал принтердің жанып тұрғаны оны тоққа тікелей қосып қойған екен.
Әрі қарай

Қажетті бағдарламалар. Кез келген құжатты Pdf форматына ауыстыру.

Жұмыс барысында құжаттарды Pdf форматына ауыстыруға тура келетін жағдайлар болады. Сол кезде пайдасы тиетін, әрі қолдануы өте оңай бағдарлама.
dopdf

Кез келген құжатты Pdf форматына ауыстыру. Мысалы Doc, cdr, jpg,html т.б.

көшіріп алу.

www.dopdf.com/ru/download.php
Әрі қарай

Азиада жарыстарынан кейінгі ең беделді спорттық бәсеке. Астанадағы блогшылар жарысы.

Бекболат ағамыз блог ашуы қазақ блогшыларына жаңа серпін алып келген секілді. Әсіресе Астана жазғыштары үшін. Дуалы ауыз ағамыздың жазған жазбасынан кейін пайда болған ой осындай кішігірім ( біз үшін үлкен ) бас қосуға алып келді. Сонымен не керек Өркен, Кәмшат, Аршат блогтарына жазбалар жазған екен, сондықтан кімдер жүлделі болғанын шұқылап көрсетпей ақ қояйын. Жарыс барысында алда келе жатып аяғымнан шаңғым шығып кетіп (қарсыластардың үйымдасқан әрекеті болуы мүмкін) құладым. Қайта тұрып шаңғымды киіп жатқан кезде Аршат озды да кетті. Кейіндеу Арекеңе адамгершілік болмады неге көмектеспедің деп әзілдеген едім, дұрыс түсінбеген бе (түсінуі керек қой, тәжірибесі көп кісі емеспе)менің тарапыма біраз әріптер жазып тастапты керек инфода. Ал Қыздар арасындаға жеңімпаз Кәмшат әпкеміз Есімімді Ерасыл деп жазып жіберіпті. (Ерасыл інім, осы суреттерді түсірген жігіт). Мақұл делік!!! Сонымен суреттерге келсек: Суреттерді мына арадан көре аласыздар.
Әрі қарай

Спәлни гарнитур немесе қазақшасынан да жақын сөздер

Төмендегі сөздердің бірінші варианты жүрегіме таза қазақша нұсқаларынан жақын. Сондай жылы көрінеді.
Үйде:
Персик — шабдалы
Груша жейсің ба гранат па? -алмұрт жейсің бе анар ма?
Базарда фрукты қымбаттапты — Базарда жеміс қымбаттапты
Астанопканың қасында! — Аялдаманың қасында
Мәшіне сатып алдым. — Автокөлік сатып алдым.
Сквазняк ұрып тұр, есікті жапшы!
Пласкобысты әкеш — Қысқашты алып берші (бізде басқа сайманды білдіреді)
Щочик (кейбіреулер учочик дейд) — Элект шығынын есептейтін құрылғы
Зуни пасты — Тіс пастасы
Зуни щоткі — Тіс шоткасы
Вилкі-қасық — Шанышқы -қасық
Спальни гарнитур- Жатын жиһазы
Угалок, диван, адиял (ішінде жүні жоқ завацкой көрпе)
Удлинитіл — ұзартқыш желі
Трайник — өздерің білесіңдер
Телевизір — Теледидар емес
Майтафон — Үнжазба емес
Уопшым, Сәпсім — мүлде алаңсыз
Залға дарошкі төсегенің не? — Қонақ бөлмесіне арзан алаша төсегенің не?
Біздің үйде сібет жоқ! Сендерде ше?
Әрі қарай

Қазақшада, түрікшеде хәм испаншада бар мәтелдер

Блог - aktobe88: Қазақшада, түрікшеде хәм испаншада бар мәтелдерOjos que no ven, corazon que no siente — Gözden ırak olan gönülden de ırak olur — Көзден кетсе, көңілден де кетеді
Mas vale tarde, que nunca — Geç olması hiç olmamasından iyidir — Ештен кеш жақсы
Mas vale enemigo cuerdo, que amigo loco — Akılsız dostum olacağına akıllı düşmanım olsun — Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық
Los dedos de la mano no son iguales — Beş parmağın beşi bir değildir — Бес саусақ бірдей емес
Haga lo que yo mando, no lo que yo hago — Dediğimi yap yaptığımı değil — Молданың істегенін істеме, айтқанын істе
El que se rie del mal del vecino el mal le viene en su camino — Gülme komşuna gelir başına — Күлме досқа, келер басқа
El que no llora, no mama — Ağlamayana meme vermezler — Жыламаған балаға емшек бермес
Cual es el padre, asi los hijos salen — Kenara bak bezini al anasına bak kızını al — Аяғына қарап асын іш, анасына қарап қызын ал
Caminito comenzado, es medio andado — Başlamak bitirmenin yarısıdır — Көз қорқақ, қол батыр.
Cada dia un grano pon, y haras un monton — Damlaya damlaya göl olur — Тамшыдан теңіз құралар
A caballo regalado, no se le miran los dientes — Hediye atın dişine bakılmaz — Сыйға келген аттың
Тісіне қарама.
Әрі қарай

"І" әрпінің хикаясы

Өрімтал: І әрпінің хикаясы

Өткен жылы да сөйткен. Зейнетақы қорыма ақша аударылмай қойғаны бар. Банктердегі компьютерлер "і" әрпіне жарымай қойды ғой.
Желтоқсаннан бері карточкама ақша түспей жүрген. Бар сабырымды жиып, мәсәленің мәнісін білеуге барсам, менің фамилиямдағы "і" әрпін, «и» әрпіне ауыстырып, орысша жазыпты. Осы уақытқа дейін дін аман қызмет көрсетіп келе жатқан оларды қандай түлен түрткенін жөнді түсіне алмадым.
Әрі қарай

Қазақша Wikipedia дамыса, Интернетте қазақ тілді контент көбейетіні рас па?

Блог - urimtal: Қазақша Wikipedia дамыса, Интернетте қазақ тілді контент көбейетіні рас па?Бүгін Google компаниясында қызмет ететін жалғыз қазақстандық — Рүстем Арзымбетовпен кездестім. Сөзінің басын «Wikipedia қазақшасын дамытсаңдар ғой жақсы болар еді» деп бастады. Менің ойым таяуда ғана translate.google.com-ға қосылған әзірбайжан тілін байқап, қазақ тілін де қосу мүмкіндігінің мән-жайына қанығу болатын.

Сөйтсем, Рүстемнің айтқанынан түсінгенім, Google Translate-те қазақ тілі болуы үшін
Әрі қарай

Wordpress.com: не? қалай? қашан?

Алғашқы қаралай жазба

Блог - urimtal: Wordpress.com: не? қалай? қашан?

1. WordPress.com Automattic компаниясына тиесілі блог хостинг. 2005 жылдың 21-қарашасында бұқараға жол тартты. WordPress деп аталатын қолдануы тегін софт негізінде құрылған. Блог Google Adsense жарнамасы, VIP қолданушылардың есебінен және блогтағы ақылы функцияларды ұсынумен қаржы қорын молайтуда (Wikipedia деректері бойынша).
Әрі қарай

Сұрақ-Жауап сайты!

surak-zhauap.kz: Сұрақ-Жауап сайты!

Қазақстандық қолданушыларға тағы да бір қазақ тілінде сайт жол тартты. szh.kz -бұл сұрақ және жауап сайты. Көкейіңізде сауал жүр, кімнен сұрарыңызды білмейсіз? Онда сіз сұрағыңызды szh.kz сайтында жариялаңыз. Сайт қолданушыларынан пайдалы да, мәнді жауап алыңыз.

Қойылған сұрақтарға жауап жазып, дауыс беру арқылы балл жинаңыз. Өзіңіздің білгеніңізбен бөлісіңіз. Жауаптарға пікір қалдырыңыз немесе жауаптың өз нұсқасын ұсыныңыз.

Сайт сіздерге бағытталған. Тіркеліңіз! Дауыс жинаңыз! Өзіңіздің білгір Маман(экперт) екеніңізді көрсетіңіз!
Әрі қарай