Астаналық "Керекшілер" және "Блогшы" қауым!!

Көктем де келіп Астананың қақаған суығының тігісі сөгілді. Көк шығып қала көшелерінің реңі де кіріп келе жатыр. Өткен аптада кешкі уақытта әйелімді ертіп Есіл жақты аралап қайтқан едім. Халық көп екен. Дені жастар әрине. Жақсы серуен болды. Кей орындықтарда гитар ұстаған жігіттер топтасып ән де салып отыр…
Блог - Janasil: Астаналық Керекшілер және Блогшы қауым!!Ұсынысым: Жақын арада жиналып Есіл жағасына барып отырып, әңгіме-дүкен құрып қайтсақ.(Кешегі шаңғымен жарысқан жерге сыртынан қарап отырып) Қастарыңызға жолдастарыңызды, кішкентайларыңызды ертіп келсеңіздер тіптен жақсы болады. Болып жатса гитар, домбыра алып келсеңіздер ән де шырқаймыз.
Бөлісу:

18 пікір

asaubota
жақсы идея, келесі апта жиналып көрейік. сейсенбі күні семинарда ақылдасайық.

тек жігіттер болып жиналатын болсақ және футболды ұнататын болсаңдар сол жағалауда тамаша жер білемін :)
Janasil
Футбол демекші мен бүгін 60 — мектепте барып ойнадым, ертең жігіттер Каспиге барамыз деп жатыр. Уақыт болса өт.
asaubota
«ветерандармен» болмаса, жастардың жылдамдығына ілесу оңай болмай бара жатыр. мен футболды қарайтын бір жер туралы айтқан едім :)
Karakyz
Сейсенбі күнгі семинар туралы білгім келіп «любопытная болып отырмын» ©
Aizhantabyn
Виииииииииииик, барасың ба МузАртқа? (сорри оффтоп үшін)

Айтпақшы, мен де білгім кеп отыр…
Karakyz
Папамның туған күніне дайындықпен жүріп, апта бойы қол тимеді, кеше өткіздік. Енді ертең сұраймын, билет қалса. Хабарын ертең беремін.
AKY
Мына семинар туралы айтып отыр
Janasil
Астанада қыздар көп екен ғой!!! көзі бақырайған смайл.
Aizhantabyn
tagy da ylgi jigitter…
Astanada kyzdar jok pa osy? :D
AKY
Соны айтам да))) Лан, өздері білсін…
Aizhantabyn
ia, sinlim ai, odib v pole ne voin, tipti ekeu de ne voin eken :D
Janasil
Мен "Қыз", «жігіт» деп ешкімді бөлген жоқпын ғой.
asaubota
бүгін @seken, @Janasil, @sammita, @technosyndrom семинарға барып келдік, күшті болды. енді қайда барамыз? 5-і күні кәрістердің бірдемесі болатын еді ғо, соған барайық. сосын 10-ы күні Музартқа.
Zilola
5-і күні кәрістердің бірдемесі
ұлттық прәзнік па?
KILYZAMAN
Біііір мүңсіген күдігім бар еді кәрістер жайлы… Экспансиялаудан олар жалығар емес(сериалдар), ендігі жерде бірдемесіменде қызықтыра бастағанба жастарымызды. Үйреніңдерде дер кезінде жиренуді ұмытпаңдаршы әйтеуір… (Аса қатты ренжи көрмеңдер, дейтұрғамен — патша көңілдеріңді берік ұстаңдар)
KILYZAMAN
Жастардың болашағын қатты қызғанамын: қолды болып кетуден, еліктеушіліктен, бос ермектен деп кете береді
AKY
Қап, жұмыстан шыға алмадым(( Кәрістердің бірдеңесіне барайық))
Aizhantabyn
10 күні не МузАрт?
Біз ертең барайын деп жатырмыз…