"І" әрпінің хикаясы
Өткен жылы да сөйткен. Зейнетақы қорыма ақша аударылмай қойғаны бар. Банктердегі компьютерлер "і" әрпіне жарымай қойды ғой.
Желтоқсаннан бері карточкама ақша түспей жүрген. Бар сабырымды жиып, мәсәленің мәнісін білеуге барсам, менің фамилиямдағы "і" әрпін, «и» әрпіне ауыстырып, орысша жазыпты. Осы уақытқа дейін дін аман қызмет көрсетіп келе жатқан оларды қандай түлен түрткенін жөнді түсіне алмадым.
Ата-тегім тұтастай қазақша жазылып келген еді. Еш қиындықсыз ақша да түсіп тұрған. Енді міне, сол "і" әрпін сылтауратып, ақша түспепті.
Онысын хабарлап, себебін түсіндіріп айтса бір сәрі ғой…
Өткенде ғана: «Халық банкіндегілерге» құжаттарыңның қазақшасын беріңдер дегенде, «комптағы бағдарлама орысша, сондықтан бәрі орысша шығады» деп ақталған. Енді комптағы бағдарлама орысша екен деп, менің де орыс болуым керек болғаны ма?
Себебіне сәл үңіліп көрсем, мәселенің мәнісі мынада екен. Жоғары оқу орындарына қатысы бар, сол жақта ақша аударылатын жандарға арнап банк жаңа бір бағдарлама түзіпті. Сол бағдарлама қазақ қаріптерін танымайды-мыс. Сөйтіп, барлығын орысша аударған. Кімнің аты-жөні қазақша жазылған болса, оған ақша түспеген. Өз тілдерінде оны пингования ма, соған ұқсас бірнәрсе деп атайды екен.
Мен тәрізді оқиға басқа да біреудің басынан өткен болар. Бөлісе отырсаңыздар. Әлде "і" әрпінің хикаясы тек менің басымнан өтіп отыр ма?
Жазбаның түпнұсқасы neweurasia.net сайтында жарияланды
Иә, куәлігіңді өзгертсең басқа құжаттарыңды да жаңалайтының анық қой. Осы ортақ бір құжат шығады, СИК, РНН керек болмай қалады деп дүрліктіріп жатыр еді. Не болды екен?
Ал қаріп зардабын тартушылардың қатарында мен де бармын, Асхатжан. О баста куәліктегі ныспымды Нұрғиса деп қазақша жаздыртып едім, кейініректе СТТН және ӘИК-те Нургиса боп кетіпті. Осы былтыр бір шұғыл тірлікте кәдімгідей қырсық шалғандай аяққа оралды сол "қателік". Мүмкін, осындай базбір жайға бас қатырмау үшін ата-аналар сәбиіне ат таңдарда қазақ қаріпсізіне бүйрек бұрғызатын шығар, білмеймін…