Термин №1 - "Сканер"

Сонымен, керекинфошылардың аса биік назарына алғашқы термин – «мәтіналғы»(сканер).

Термин №1 - "Сканер"

Бөлісу:

45 пікір

technosyndrom
Бұл терминді жасақтауға және бекітуге тікелей қатысы бар маманмен пікірталасымды қаз-қалпында берейін:
— Неге сканер — «мәтіналғы»? Ол суретті де «ала алады» ғой?
— Сен «мәтін» сөзін «текст» ретінде ғана түсініп тұрсың.
— Олай емес пе еді?
— «Мәтін» деген жалпы, қалай десек… «мазмұн» деген мағына береді...

Бұл сөздің айтыста сытылып шығу үшін аяқасты ойлап таба салды деген күдігім де жоқ емес. Бірақ не десек те, қанағаттанбаған адам әрқашан қалатыны анық.
Ертеректе жұмыс барысымен құм ішіндегі көптеген ауылдарды аралап жүріп, сканердің сәтті аудармасына кандидат көріп қалғаным бар. Бір ауылдағы апай сканерді «айна» дейді екен! Соған қарағанда, сәтті термин діңгегі қабырғасы сертификаттан, төсі орденнен көрінбейтін маңғаз маманда емес, күйбең тұрмыс- тірліктегі ауыл қазағында болса керек. Ендеше, бұл нұсқаны да керекинфошылардың әділ сотына ұсынуды жөн көрдім.
Qojeke
Ол кісіге сенсек, мәтін дегеніміз контент болғаны ма?
technosyndrom
«Ол кісі» мұны маған терминдерге қатысты телебағдарламада айтып еді. Мәтін дегеніміз шын мәнінде мазмұн деді. Бірақ біз мәтінді тек текст деген мағына беред деп келдік қой.
Жалпы, мағынасы контент болғанның өзінде, «анауалғы», «мынауитергі», «шоқкөсегіш» сияқты сарында аударуда сенімсіздік пен жасандылық бар сияқты.
Qojeke
Тым асыра сілтеп жіберетіндері көп. Аударғанымен қолданысқа енбесе, керегі не? деп ойланса екен.
technosyndrom
Шынын айтқанда, дөкей сонша теріс көзқарас қалыптастырды менде. Орталықтандырылған сайт неге ашпайсыздар дегенге ләм де демеді. Ал терминдерді қарап бекіту үшін… 4 ай сайын бір рет жиналып тұратынын айтқанда, аудиторияның жартысы ах ұрды.
Бірақ термин ісінде тек прогресстер барын мойындап кетті: функционер ғой, дегенмен.
kuat
ия быратан, «Сонымен солай дейік» деген бағдарлама ғой қателеспесем Хабардағы? Дәл сол терминдер талқыланған шығарылымын көріп қалып едім. Сіздің де біраз пікірлеріңізді естіп қалдық :)

Меніңше сканер деген қала берген дұрыс.
Qojeke
Физикалық тұрғыдан қарасақ,«Айна» сөзі дұрыс емес. Себебі айнадағы кескін мен шын көскіннің айырмасы бар. Сканер шын кескінді көрсетеді.
technosyndrom
Дұрыс айтасыз. Бірақ, ондай идеал тұрғыдан қарау да дұрыс болмас.
Әрі, сканерде дифрациялық айна барын ескеру керек сияқты. «Айнаға» қатысты тағы бір мәлімет: 60 жылдары рентген аппаратын да ауыл-аймақтарда «айна» деп атаған екен.
omarbirat
Ана кісінің кескінді мәтінге жатқызып жібергені дұрыс емес-ау осы. «Мәтін» сөзінің ауқымы «текстен» де кең деген түсіндірмені/анықтаманы көрген емеспін өз басым. Жаңадан енгізіп жатқан термин ғой, ондай мағынаны да қоса салу қиын емес деп ойлайтын шығар, кім біледі :))
Кескінді мәтінге емес, керісінше мәтінді кескінге жатқызған қисындырақ болар ма еді, ІМНО (Ішкіш, Маскүнем, Нашақордың Ойы)
Қолдайтын вариантым — «Сканер деп қалдыра беру керек»
Gastarbaiter
менде мынадай ұсыныстар бар. Қосам десең өзің біл.

Ең біріншісі Сканер күйінде қалса, бірақ аздап өзгеріске ұшыраса. Скәнір — Яғни қазақша артикуләтсиямен айту. Еш күлкісі мәмбеттігі жоқ. Корейлер, Филиппиндер, Малазийліктер, Тагалдар «сканер» «секано» «сыкхано» деп түрліше атайды.

Тілі туыс түріктер мен әзерилер Тарайджы (қателеспесем) деп айтады.

Менің тағы бір ұсынысым, "Қаралғы". Ол менің азғындалған фантазиямнан туған сөз емес. Көптеген елдердің тіліне түпнұсқаның ағылшындардың scan-scnaner деген сөздерін аударып шықтым.
Соның ішінде қазақ тіліне scan — сөзі көбіне мұқият қарап шығу, көз жүгірту деп аударылады.
Орыс тілінен басқа тілдердің кейбірінде «Зерттегіш», деген сияқты боп аударылады екен.
Еуропалық тілдерде әлгі филиппиндер мен корейлер секілді, Скануар, Сканор, Сканир деген сияқты версиялар басым.
Қаралғы — қарап шығатын құрылғы — яғни басты етістіктің түбірі мен есімнің жұрнағынан туып отыр.
Қазақтың морфологиясына бұндай сөз жасам түрі жат емес.
Қаралғы. Қаралғыдан өткізіп алу.
Сканировать — Қаралғыдан өткізу, қаралғылау
technosyndrom
Керемет! Жалпы, тіл ғылымы жағынан таяздаумын, осылай ашып түсіндіріп жазса ғана тез түсінемін. Қосып қоямын варианттарды.
omarbirat
"Қаралғы" көңілге қонымды екен.
Әтіркүләсия туралы вариантты да қолдануға болатын еді, "қаралғыдан" кейін чета онша болмай тұр.
asaubota
мәтін деген мазмұн деп өтірікті соқпасын. ол сөз бізге қайдан келді? әрине, біраз сөздер сияқты түріктерден. Е орнына Ә, И орнына І қойылды. Метин араб тілінен келген сөз, бірнеше мағынасы бар сөз. бірақ бұл жердегі мағынасы текст. Мәтіналғы дұрыс емес, сканерді тек текст распозновать ету үшін қолданатын редакция қызметкерінің шығарған сөзі сияқты.
ал түріктер не дейді сканерге? олар да асқалар сияқты сканер деп те айта береді, ресми бекіткендері Тарайыджы (Tarayıcı). Тарау теген етістіктен шыққан сөз, тарау — яғни белгіленген бір жерді мұқият қарап өту. Бізге де қолданысқа алуға болатын сияқты, Тараушы деп. бірақ маған Гастарбайтердің варианты да ұнап тұр: Қаралғы
technosyndrom
Алғашқы жазбамен-ақ, термин сияқты қоғамдық мәселені тек ашық түрде талқылаудың жемісі болатынына көзім жеткеніне қуаныштымын. Гастарбайтердің ұсынысы — тіпті терминдерді дауысқа салу концепциясын өзгертуге мәжбүр етіп тұр :) Ендіі терминдер тур бойынша дауысқа салынады деп шештік.
asaubota
сканерді аударатын болсақ, принтер, монитор, компьютер сөздерін де аудару керек болатын сияқты. неге солай сканер бола бермейді?
janbolat
иә дұрыс айтасыз.
Принтерді аударғандарындай аударса тіптім аудармай-ақ қойсыншы )))
Nurgisa
Жанболат, «тіптім» емес, «тіпті» деп дұрыс айтыңыз. Әйтпесе, «опшым, сәпсем» сияқты боп кетеді екен «тіптіміңіз».
Gastarbaiter
"Қаралғы" жақсы әсер тудырғанына риза болып отырғанымды қарашы. Тағы сөздер болса жаза отырыңдар, керек сөз іздеп тарихи жазбаларды іздеп кетуге бармын. Ескі-көнерген қазір пайдаланылмайтын сөздерге жаңа (ескісіне ұқсас) мағына беріп қайта тірілту көптеген елдердің сөз жасам барысында мықты нәтиже бергені бар.

Талқыға басқа сөздерді де сала беріңдер, мен кеттім Батырлар Жыры, Ертөсті пен Құдатғу Білікті дайындап қояйын.
technosyndrom
)))
Бізде мақсат жұмыс барысында туындап жатқан жайы бар))) Ұсыныстар қазір топтастырылу үстінде. Өз кезегімде тіл эксперті табыла қойғанына мәз боп отырм.
Nurgisa
Негізі сканер боп қала бергені дұрыс деп ойлаймын.
Шын мәнінде, халықарализмдерді локализациялауда кейде тым әсіре кетуден сақ болу керек сияқты. Көне, көмескі эквиваленттермен түйістіру жайы айтылып қалыпты. Мұнда да 100% семантикалық біртұтастық бола қоюы неғайбыл.
ErNur
Менің версиям мүмкін қызық болуы мүмкін бейнесүзгі болса қалай болар екен?!.. Мысалы «көзбен бір сүзіп өтті» деген тіркес бар ғой. Сол осы сканерлеу ұғымына сәйкес келетін секілді :)
Abilakim
«Диірмен» деп атайықшы, неге екенін білмейм…
omarbirat
Әтіркүләсия әдісімен «сканер — скәнір — іскәнір — іскәндір — іскендір — ескендір» деп неше түрлі қылып құбылтуға бола береді екен :)
blackbeard
Айна қатесіз деген сөз бар ғой! Мағынасы ешқандай қателігі жоқ, таза, анық нәрсеге қолданылады. Айналғы деу кере:)
dark_nazgul
Айналғы деген бірдеңені айналып жүр дегенге ұқсап кетпей ме?
Elserk
Сканер — жалпы, техника тілінде нүктелерді, жасушаларды («Шыбын» филмн еске алыңыз), инфоқуатты т.б. материалық нәрсені сіңіріп сақтауға, орын ауыстыруға мүмкіндік беретін қондырғы.Басты қызметі -сіңіру. Меніңше, «СІҢІРГІ» сөзі келетін секілді. «Сіңіру» бұйрық райлы етістігіне «гі» жұрнағын тіркеу арқылы құрал сайман атауын аламыз. «Сіңіргіш» те болады, бірақ бірінші нұсқа сайман, қондырғыларға атау беретін сөзжасам мүмкіндігі.
Gastarbaiter
Фантастикалық киноларды көп көрмеуге кеңес берем.
sammita
«скәнір» дегенге қарсымын. Міністірлік, аптыр, режім деген сөздерді оқысам жаман көрінеді. Сканер деп қала бергені жөн. Аударуға лайық сөздер бар, жоқтары да бар. Қазақтың бар сөзінің өзін ретімен, қатесіз, орынды қолдана білсек те жетер. Көп ретте аудармасы ұсынылып, тіпті Мемтерминкомда бекітілген осындай шет сөздерінің аудармасын қолданбайтын жағдайлар болады. Себеп? Себебі, тілге оғаш, оны құжатқа жазсаң қазақшасы онсыз да нашарлау жұрт мүлдем ұқпайды, қабылдамайды. Шеттен енген сөздерге аса тиісудің қажеті жоқ, менің ойымша.
Gastarbaiter
Осындайдың нәтижесінде Француз бен ағылшындар секілді жазылуы оқылуынан бөлек болатын тіл болды ғой ақыры қазақ тілі.
Саммита, мәселе сенің орысша атіркүләсияға үйренген миың үшін кейбір дүниелердің жаман көрінуінде емес. Мәселе логикаға сыйымсыз ережелердің қазақтың өзіндік фонетикалық ерекшеліктерін ескермей, тілдің ырду-дырдуын шығаруында.
sammita
«жыным келеді» деп жазғым келген. Талдап себебін жазбадым мыжып.
dark_nazgul
скәнір деген мазақ енді. Мемтерминком бекіткен сөздікте, Виндоустың қазақша нұсқасының өзінде Сканер — Мәтіналғы.
Жарайды. Сканерді аудардық делік, ал «сканировать» дегенді не дейміз?
Gastarbaiter
Сканерлеу дейміз сол да мәселе ме?
asaubota
2011 жылдың 22 ақпанында мына пікірмен Назгүл алғашқы пікірін салп көріпті осы сайтқа, содан бері 4000 пікір жазылған…
dark_nazgul
пікірмен өткен ғұмыр))))))))))))))
asaubota
пікірмен өткен ғұмыр

бірақ статистика сіздің Фейсбукке сатылып кетіп, КерекИнфода соңғы айларда айына тек бір пікірден жазып жүргеніңізді айтады kerekinfo.kz/profile/dark_nazgul/created/comments/
dark_nazgul
ФБда жостка цензура қойылды, енді Керегіме қайтып оралам-ау)))))))))))))))))))))))
asaubota
сөйтеміз ау?
мында бұрынғы посттарды оқудан кайф алып жүрмін. ал пікірлер қандай?! ФБда лайкты айырып алады
Gastarbaiter
Скәндеуіш, Сканшы, Сканақ, Сканағы сосын мұнда Әбдіразақтың ұсынысы бар «Сипалақ» деген.
nurbergen_makym
Негізі, филологтар жаңадан сөз бекітпеуі керек сияқты. Олар тек трендтің артын аңдып, ауыз екі болып қалыптаса бастаған сөздерді бекітіп үлгеріп отыруы керек пе, деп те ойлайм. Алға қарай тілдер жағрапиялық не этникалық категориялар бойынша емес, кәсіби мамандар тілі бойынша бөлінетін сияқты. Жұрт сөйдейТ. :)
Gastarbaiter
Халықтың адамысың ғой бірдеңе білетінге ұқсайсың. Қойдық))
ken
Сауалнаманың ашылғанына 3 жыл өтсе де қалайша дауыс беру уақыты өтпеген? Қазір ғана дауыс бердім.
Басқа сауалнамаларда дауыс беру уақыттары бітіп қалады ғой.
asaubota
Сауалнама ғұмырлары ұзартылды ;)