Arular.kz
Рейтинг
+5.05

ТЕРМИНаторлар

image image

Дайрабайдың қызыл сиыры

Керекшілер көмек керек! Бұдан бұрын пруфридермен дау болған бір екі сөз үшін. Сommitment деген сөзді біздің білгіштер ұстанымдылық деп аударыпты, солайымен кетіп жатыр барлық аудармаларда енді. Бұл сөздің баламасы ретінде ісжанды, жұмысжанды деген сөздерді ұсынғанмын, бірақ safety commitment-ке онша келіңкіремейді...

Drupal қазақша сөйлей бастады

Сәлем, kerekinfo.kz қауымы! Қазіргі таңда Drupal CMS-і қазақшаға аударылу үстінде. Нақтырақ айтқанда Drupal 6 ядросының 70%-дай жолы аударылды. Кейін Drupal 5 және 7 нұсқалары да аударылады. Сонымен қоса CMS-тің тек қана қолданушы емес,

GeoGebra аударылды

GeoGebra – мемлекеттік тілімізге аударылды. Екі ай бойы күнде кейде 1-2 сөздің, кейде 10-15 сөздің қазақша баламаларын іздеп отырып, бағдарламаның файлдарын аударып отырдым. Аударма барысында техникалық терминдерді аудару үшін wordpress ,

Геогебра: 2 кезең

«release the mouse» «general tools» -жалпы құралдар. басқа нұсқалар бар болса, айтыңыздар. «graphical view» -графикалық көрініс па?

Geogebra

Жаңа заманның математиканы оқытудың жаңа технологиясы ретінде әлем бойынша танылған бұл бағдарлама бізге енді келіп отыр. (әкеліп отырмыз:)) Қазақша нұсқасы болмағандықтан Қазақстанда бұл бағдарламаны қолдану тиімсіз болып отыр.Басқа елдерге қарасақ, олар өз тілдеріне аударып алып, математиканың қызығын көруде. Қазіргі таңда тегін таратылатын осы бағдарлма әлемнің 49 тіліне аударылған.Біз басқалардан кембіз бе? Біз де аударалық. Біз болмасақ, інілеріміз, бауырларымыз, балаларымыз ғылымдардың патшасы-математика екендігіне көздері жетсін!

ТЕРМИНатор: күтпеген стратегия

Жәй ғана сканер термині төңірегіндегі пікірталас көп жайдың бетін ашып берді. Біріншіден — бірұдай пікірдің болуы мүмкін еместігі анық болды. Екіншіден, бұл енді аздап парадокс: терминді жариялы түрде талқылау — бәрібір жекелеген беделді арбитрдің «Осылай болад, бітті!» деген кесіміне зәру екен! Тәбет тамақ үстінде келетіні сияқты, талқылау технологиясын да өзгертуге тура келіп тұр. Келесі аптада, ұсыныстар мен аналитикалық ой-пікірлерді топтастыра бастамақпыз. Және тіл саласындағы кәсіби мамандардың да нобайы көрініп қалған сияқты, оларды пікірталастың плацкартынан салиқалы көзқарастардың VIP-купесіне көшіру үдерісі басталатын сияқты. Әйтеуір ең жақсысы — терминге ресми жауаптылар сияқты, кабинеттік талқылаудың, «Сабең біздің өз ағамыз, шал айтса — дәл айтад» сықылды көңілжықпастық қатынастардың бейшаралығын көрсетті. Соларыңыз үшін рахмет! Жаңалық күтіңіздер!

II тур: Сканерді не десек?

Сонымен, термин нұсқаларын дауысқа салу әдісін өзгертуді ұйғардық. Себеп, пікірлер ішінде негіздемесі мықты ұсыныстардың пайда болуы. Сканерге байланысты екінші тур ұйымдастыруға тура келді. Әрине, мұнда бірінші турда өміршең боп көрінген нұқсалар қалып отыр. Атап айтқанда, Gastarbaiter ұсынысын былай негіздейді: менде мынадай ұсыныстар бар. Қосам десең өзің біл. Ең біріншісі Сканер күйінде қалса, бірақ аздап өзгеріске ұшыраса. Скәнір — Яғни қазақша артикуләтсиямен айту. Еш күлкісі мәмбеттігі жоқ. Корейлер, Филиппиндер, Малазийліктер, Тагалдар «сканер» «секано» «сыкхано» деп түрліше атайды. Тілі туыс түріктер мен әзерилер Тарайджы (қателеспесем) деп айтады. Менің тағы бір ұсынысым, "Қаралғы". Ол менің азғындалған фантазиямнан туған сөз емес. Көптеген елдердің тіліне түпнұсқаның ағылшындардың scan-scnaner деген сөздерін аударып шықтым. Соның ішінде қазақ...

Термин №1 - "Сканер"

Сонымен, керекинфошылардың аса биік назарына алғашқы термин – «мәтіналғы»(сканер).

The ТЕРМИНатор: Асталависта, "мәтіналғы"!

у баста информатика терминдерінің «мәліметтер қорын» жасап тастап, оның толтырылуын жайбарақ бақылап отыру перспективасы мықты ұнаған еді («жұмысы аз, рақат емес пе?»). Бірақ, соңғы онжылдықта белең алған, бер жағы – берекетсіз аударма болса, ар жағы – қарапайым көргенсіздікпен ұштасып жатқан қазақша терминдердің табиғатын саралай отырып, олардың қолданысқа енбеуінің себебі – әншейін өзімбілемдік пен менмендікте жатқанын түсіндік. Информатика терминдері, көптеген кәсіпқой мамандардың сүзгісінен өткен тұщымды өнімнен гөрі, бір адамның солосы тәрізді сезімдер қалдырады. Ендеше, терминдерді аударудың немесе аудармаудың басқаша әдісіне көшсек дейміз. Оның түпқазығы – керекинфошылардың көзқарасы болмақ. Әрі ұсынылған терминге қатысты пікірлер де үнемі қадағаланады. Бұл – барлығы болмағанмен, көпшілік қолдайтын, айтуға ұят емес терминдердің өмірге келуіне септігін тигізеді ме деген...