GeoGebra аударылды


GeoGebra – мемлекеттік тілімізге аударылды. Екі ай бойы күнде кейде 1-2 сөздің, кейде 10-15 сөздің қазақша баламаларын іздеп отырып, бағдарламаның файлдарын аударып отырдым. Аударма барысында техникалық терминдерді аудару үшін wordpress, mozillа-дағы қазақ сөздерін алып отырдым. Sozdik.kz, lugat.kz, wikipedia.org, сайттары, babylon бағдарламасы және керекшілердің көп көмегі тиді.

Кеше ғана барлық аудармаларды қайтадан тексеріп, translation@support.com -ға жібердім. Бүгін таңертең жауап та келіп қалды. Былай дейді:

«Аудармаға рахмет! Аударылған файлдар бүгінгі нұсқаға қосылды (жүктеуге қатысты қосымша ақпарат мына жерде www.geogebra.org/forum/viewtopic.php?f=22&t=1387. Бағдарлама апта сайын жаңарып отырады, (жаңартылған нұсқалар кейде одан да жиі шығып отырады))»

Жоспарым бойынша енді Геогебраның интерактивті нұсқалары мен үйретуші бейнекөріністерін 50-ге дейін жеткізуім керек. Одан кейін – облыс көлеміндегі семинарлар. Семинар бойынша ИПК-ға барып, бағдарламаны ұсындым. Қабылдады. Маусымның 6-нда жергілікті мұғалімдерге бағдарламамен жұмыс істеуді үйретуші семинар өткіземін. Айрықша, Геогебраның Қостанайда таралуына Блогкемптің әсері мол. Өйткені, Блогкемпке барып келгеннен кейін, жеңімпаз болған Геогебра жобасына көп адамдар қызыға бастады.
bk
Бөлісу:

42 пікір

KILYZAMAN
Талабыңа нұр жауғай, өте үлкен жұмыс қой мынауың!!!
talgatjez
Рахмет, блогкемке бармағанда бәлкім асықпай келесі жылға дейін созатын едім. Кселл грант бергенен кейін, аударманы тезірек бітіруге тырыстым.
Karakyz
плюс жүз)))

Жарайсың! (сен дей берейінші))

Қазір жастардың көбі мұғалім болудан қашады. Сен болғанмен қоймай, осындай үлкен жұмысты атқаруың мамандығыңды сүйіп жұмыс жасайтыныңның белгісі. Мақтауға тұрарлық!
talgatjez
Болшағы бар мамандық қой негізі. Айлығы да өсейін деп жатыр. Әрі жұмыс тек жарты күн ғана. Сабақтарым түске дейін. Түстен кейін боспын көбінесе. Рахат емес пе?))
KILYZAMAN
Блогыңды қарап шықтым — көп ой тастады. Нағыз ерлік деп айтуға тұрарлық қадам, ендігі жерде тынымсыз дамыта беру керек…
talgatjez
Дұрыс айтасыз, қолымнан келгенше дамытуға тырысамын.
KILYZAMAN
Қолдаушыларың көбейіп бастаған ісіңнен рухани ләззат ал бауырым
gunner
Молодец, Талғат! Гилерме Баутистаның блогына жазып кеткен пікіріңді де оқыдым, ағылшын тілі деңгейің де әжептәуір екен. Осындай қазақ тілінде сабақ беретін продвинутый мұғалімдер сирек кездеседі. Аударма жағынан сұрақтар болса осы жерге жаза бер, қолымыздан келгенше көмек беруге тырысамыз.
talgatjez
Рахмет, @gunner! осы сіз болмағанда әлі күнге дейін сол жүз бетті аударып отырушы едім))
KILYZAMAN
100 бет жайлы сұхбаттарыңды түсінбей далмын @gunner екеуіңнің… Тарқатып айта кетіңдерші, ол не? Тағы бір әдістемеме сонда ол аудармаға қолданылатын…
talgatjez
Жүз беттік қолданушы кітапшасы бар оның. Ағылшынша. Соны аударып жүрдім басында. Ал негізі, қазірше оның интерфейсін аудару жеткілікті.
gunner
Облыс көлемінде, республика көлемінде семинар өткізбек жоспарың болса оны да асықпай аудару керек қой деймін. Өйткені ағылшын білмейтін математика мұғалімдер көп. Бірақ шын математик болса интуиция, логикаға сүйеніп әдістемені қолданбай ақ үйреніп кетуге де болатын сияқты
talgatjez
Иә солай, менінше, алдымен видеоларды дайындаған дұрыс деп олаймын. Тиімді сияқты. маған да, үйренушілреге де. аударма жағына келетін болсақ, геогебра сайтын да аударуға болады екен. Соны кеше байқадым. Шамалыдан кейін бастайтын шығармын.
gunner
Меніңше оның барлығын аударып уақыт кетіргенше Гилерманың жазған қызықты материалдарын аударған көп пайдасын беретін сияқты. Мысалы маған бөлшек сандарды, кез келген санның нөлге бөлінбейтінін қарапайым тілмен түсіндіргені қатты ұнады, сол методпен бесінші алтыншы сыныптағы балаларға түсіндірсең де тез түсінетін сияқты. Ал, мен мектепте оқығанда нөлге бөлуге болмайды, болды деген)) Солай жатталып қалды ))
talgatjez
Иә, сосын балалар шатаса бастайды: нольды санға бөлуге болмайды ма, немесе санды нольге ме, деген сияқты.
Жөн екен сөйтейін. Сабақта да солай түсіндіремін.
Бірақ блогыма жазған дұрыс шығар. Рахмет!
VKM
Жарайсың, Талғат! Барлық бастамаларыңа сәттілік!
Өзім түк те үлкен істер істей алмаймын, текке отырамын осы интернетте(((((((((((((((
talgatjez
Бәлкім пікірлер қалдыру арқылы үлкен, маңызды бастамаларға ұйытқы болып жатқан шығарсыз, кім біледі..))
VKM
жәй, мен ренжімесін деп демеп жатыр деп түсіндім;)))
talgatjez
жоға, шынымен солай ғой!!!
izbasar
Іске сәт. Осылай қазақ инетін дамытпасақ қашан дамиды.
talgatjez
80-де емес екенсіз ғой))
izbasar
Ол жай жаза салған ғой!
talgatjez
)) қай сабақтың мұғалімісіз?
Serzha
Жарайсың!
басқа осындай бағдарламалар бар ма?
talgatjez
Рахмет!
Басқа дегеніңіз қандай: математикалық па? Тегін бе? Аударылатын ба?
Тегін, математикалық бағдарламалар жетерлік: http://matemeng.wordpress.com/. Бірақ барлығы да ағылшынша. Геогебра — қазақ тіліне аударылған математикалық алғашқы бағдарлама.
madlen
Талғат, сәлем!
Сені қайда жоғалып кетті десем, сол баяғы геогебраңмен басың қатып жүр екенсің ғой :)))
talgatjez
)) менің жоғалып кеткенімді байқап жүрген де адамдар бар екен ғой…
madlen
arine! jogalmashy! men tusinbeitin makalalardy jazyp tursai anda-sanda :)))
Arhun
/Геогебра/ прогалардың төресі екен — жаңа қарап, орнаттым
Енді осындай ғылыми пргалардың қазақшаға аударғаныңыз, нағыз жігіттілктің, азаматтылықтың белгісі
Еңбегіңіз табысты болсын
madlen
керекшілерді тек мылжың жазасыңдар, пайдалы зат жазыңдар деушілер көрсін!
Arhun
Ие, дұрыс айтасыз, көздерін шұқып тұрып көрсін! )
talgatjez
Рахмет!
Аутокадтың шебері екенсіз. Қодануды қалай үйреніге болады? Пайдалы сайттардың сілтемелерін жазып бересіз бе?
Arhun
Рахмет!
мына жерден үйренуге болады, тіпті сайттардың сілтемелері керегі де жоқ
www.youtube.com/results?search_query=%D0%B0%D0%B2%D1%82%D0%BE%D0%BA%D0%B0%D0%B4&aq=f
talgatjez
Жақсы болды. Стереометрияны үйреткенде пайдалы екен.
Arhun
өте-өте пайдалы, сөз үстіне қосып айтайын
AKY
Йес! Мамама апарып берем! Қазақшасы бар нұсқасын қазір жүктей беруге бола ма?
talgatjez
Zbynek Konecny айтқаны бойынша 2-3 күнде қазақша нұсқасын жүктеуге болады http://www.geogebra.org/forum/viewtopic.php?f=22&t=1387 сілтемесі арқылы. Қосымша java-ны орнату керек.