Геогебра: 2 кезең
«release the mouse»
«general tools»-жалпы құралдар. басқа нұсқалар бар болса, айтыңыздар.
«graphical view»-графикалық көрініс па? Ол тіркестің мағынасы: белгілі бір формуланы сурет ретінде бейнелейтін алаң, «графикалық көрініс» деген дұрыс па?
«construction protocol»-бұл бір геометриялық фигураны салу барысын жазып отыратын кесте, мыс: 1-А нүктесін салу,2-В нүктесін салу,3- А мен В нүктелерін қосу деген сияқты белгілі бір фигураны салу үшін қандай амалдар қолдандың, соны көрсететін бір кесте. Бұл екі сөзді қазақшаға қалай екі сөз етіп аударуға болады? Соны білмей отырмын.
«print»-басып щығару ма, принтерден шығару ма, немесе жай шығару ма?
«dialog window» — диалог терезесі? бір түрлі естілетін сияқты. программистер, оны қазақша қалай айтады?
Бұл Геогебрада ең көп қолданылатын сөздер, бұларды аударып болсақ, ар жағы оңайлау болады, математикалық термин мен жай сөздер ғана. Сөздердің 3-ші тобы я болар, я болмас.
Көмектеріңізге рахмет!!!
Суреттің мекен-жайы
«dialog window» — диалог терезесі жап-жақсы естіледі, меніңше.
«general tools»-жалпы құралдармен қатар негізгі құралдар десе де болады, маған негізгі құралдар деген нұсқасы үнайды
general tools — негізгі/жалпы құралдар/саймандар
graphical view — графикалық көрініс
construction protocol -құрылыс протоколы
print — принт
dialog window — диалог терезесі
release the mouse — тышқанды босату (ауызекі тілде қолдагнып жүргеніміздей, «жіберу» десе де болады, былай. Бірақ оны «send» сөзінің аудармасына қалдырып қояйық :))
general tools — жалпы құралдар
graphical view — графикалық көрініс
construction protocol — біраз ойлану керек. Протоколды сол күйінде қалдыруға болады. Анықтамасын «бір геометриялық фигураны салу барысын жазып отыратын кесте» дегеніңе қарағанда, отырыс, жиналыстардың барысында сөйленген сөздер, дауыс беру сияқты әрекеттердің нәтижелері тіркеліп отыратын «хаттама» (протокол, minutes) деген сөз де келіңкірейді екен. Жалпы өзім IP, HTTP, SMTP деген сияқты контекстерде protocol сөзінің «хаттама» болып аударылуына қарсылардың бірі едім. Мына жерде әңгіме басқа боп тұр (желкесін қасыған Смайыл).
print — басып шығару
dialog window — диалог терезесі
көмектесіп жіберіңіздерші, плиз!
рахмет)