Азиада жарыстарынан кейінгі ең беделді спорттық бәсеке. Астанадағы блогшылар жарысы.
Бекболат ағамыз блог ашуы қазақ блогшыларына жаңа серпін алып келген секілді. Әсіресе Астана жазғыштары үшін. Дуалы ауыз ағамыздың жазған жазбасынан кейін пайда болған ой осындай кішігірім ( біз үшін үлкен ) бас қосуға алып келді. Сонымен не керек Өркен, Кәмшат, Аршат блогтарына жазбалар жазған екен, сондықтан кімдер жүлделі болғанын шұқылап көрсетпей ақ қояйын. Жарыс барысында алда келе жатып аяғымнан шаңғым шығып кетіп (қарсыластардың үйымдасқан әрекеті болуы мүмкін) құладым. Қайта тұрып шаңғымды киіп жатқан кезде Аршат озды да кетті. Кейіндеу Арекеңе адамгершілік болмады неге көмектеспедің деп әзілдеген едім, дұрыс түсінбеген бе (түсінуі керек қой, тәжірибесі көп кісі емеспе)менің тарапыма біраз әріптер жазып тастапты керек инфода. Ал Қыздар арасындаға жеңімпаз Кәмшат әпкеміз Есімімді Ерасыл деп жазып жіберіпті. (Ерасыл інім, осы суреттерді түсірген жігіт). Мақұл делік!!! Сонымен суреттерге келсек: Суреттерді мына арадан көре аласыздар.
Айтпақшы, не ғой… Өткендегі өткені Азия бәсі емес, Азиада еді. Тақырыптағыны «Азиададан кейінгі...» деп өзгертіп көрсең?
фотограф бала, блогкемпке келесің бе?
айтпақшы штатағы/штатағы емес фотографтар көбейетін шығар сол кезде :)
ох папарация(((