"Аға" деген қандай жағымсыз сөз еді?

Блог - Pokemon: Аға деген қандай жағымсыз сөз еді?

Сабақтан үйге келген кезде қарындасымның «аға» деген дауысын естіп елең ете қалушы едім. Шаршап, құрысып келген денем жібіп сала беретін. Бір, өзімді жеңіл сезініп, кең тыныстап қалатын едім.
Ал інім ше? Компьютерден бас алмай қайдағы бір «детский» ойындарды ойнап отырғанымда інім келіп: «аға мына есепке көмектесіп жіберіңізші» дегенде, өздігімнен, өздігімнен емес- ау жаңағы сөзден жылулық тапқандай, өзімді шынымен біреуге керек санап, біреуге қамқор санап шиқылдақ орындықтан ойынды тоқтатпастан атып тұратын едім. Дəретханаға барғым келіп қысылғанда тұрмай, ағасын елеп-ескеріп келіп тұрған ініге тұрғаным. Мен де «аға» ретінде өзімше оған көмектесіп қойам)) Барлығын шығара алмасам да əйтеуір оны-мұны шұқылап ғаламтордан болсын тауып берем. «Аға» деген сөз неткен керемет еді.
Ал бүгінгі күн мен үшін сəтсіз болды. Аға деген сөзді естігенімде денем суып кете беретін болды. Неге? Бұл сөз маған майдай жағушы еді ғой?
Еһһһ, сол бір қыздың ісі əсер етті.
Жасым 16-ға тола бере өмірімде алғаш рет бала махаббатым оянып, сүйіп едім. Мектептің мен деген миссі болмаса да мисстен артық көремін оны. Əлі де солай. Өзімен тəп-тəуір араласушы едім. Көпшілік ортаға өнерімен, белсенділігімен көзге түсіп танымал болмаса да сабақты өте жақсы оқиды. Байқаймын, бұл қыз биік-биік мінберлерден сөз сөйлейтін, елді аузына қаратқан адамдардың қатарына болмаса да олардан асып түседі екен-ау. Қазақта қалай деуші еді: "қыз түзде ұятты, үйде қылықты болу керек". Тап өзі. Барлық өнерін (характер-ма қалай еді) тұла бойына сақтаған періштедей қыз екен. Сөздері қысқа əрі нақты. Қолы ашық, мінезі жұмсақ, қамқор, сыпайы, бір сөзбен айтқанда өте керемет. Осы тəкəппар, маңғаз қыздарды ұнатпаймыз-ғой. Ал тəкəппарлық жарасса сол қызға жарасар еді. Бірақ ол ондай емесс. Жарайды, ғашықтығым жайлы айтайыншы. Оны өзімде байқамаппын. Оның көздері мен менің көздерім түйісіп қалғанда бірер секундқа əлем тоқтап қалғандай болды. Сол сəт тұла бойым ток ұрып өртенердей күй кештім. Одан соң əр қызға бір тисіп прикол тастап жүретін шешен тілім, сол қыздың алдына келгенде байланды да қалды. Өмірімде бірінші рет қыздан ұялдым. «Бұл не сұмдық, Бекзат саған ұят емеспе, өййй тормыз»-дедім өзіме ішімнен. Түк түсінбедім. Сөйтсем мені жіпсіз байлаған сезім ғашықтық сезімі екен. Баяғы да Абай, Мағжан, Мұқағали жырлып өткен махаббат бүгін менің алқымымнан алды. Сол күннен бастап сол қыздың маған керек екенін сезіндім. Өзім барлық жерде оған жақын болуға тырыстым. Бір күні мектепте болған пікірсайыс жарысында солы қызды маған қарсылас топқа отырғызып қоймасы барма. Ал енді сөйлеп көр. Қанша тіс қаққан деватер болсам да сол қыздың алдын да оны мұны айтып бұралаңдап қалдым. Жанымдағы адамдардан ұят болмасын деп əр тақырыптың басын бір шалып сөйлеймін. Журилердің де жеңісті бізге беріп қоймасы барма. Ойымнан кетпей қойғаны: мені ұнатпай қалды мекен? Жоооқ, оның бойынан ондай қыртың мінез табылмады. Мені құттықтады. Адамның қандай ниетпен айтқаны түрінен көрініп тұрады ғой. Əлеуметтік желі де сезімімнің шет жағасын жəймен білдіре бастадым)) Айттым ғой тəп-тəуір араласам деп. Естуімше ол да мен туралы жақсы пікірде екен. Онда бұл не тұрыс дедім де айтып кеп жібердім, жартылай өлеңдетіп. Өзімнің ептеп өлең жазатыным бар. Оған арнаған өлеңді кейінірек салармын. Ол оқыды да 5минут үнсіздік болды. Сосын «ответ» келді. Көзімді жұмып хатын аштым. Сөйтсееем ол жарықтықтың бар айтқаны: «сені ағамдай көрем.» Қалай сонда? Кəдімгі ағасы сияқты көреді екен мені. Кəдімгі менің қарындасым мені қалай көрсе ол да солай көреді екен. Дұрыс ағасындай көрсін, бұл мені оған бір қадам жақындатады. Тап сол кезде басыма жаман ой келе қалсын:«Ол мені аға санаса — ол қалай мендік болады?». Бітті. Құрдымға кеткен жерім осы болар дедім. Махаббаттан жолы болмаған сорлыларша кафеге барып ішіп кетейін(кинодан көріп алып) десем харам сусынды ауызға алудан жиіркенем. Қандай күнə? Қандай жаман қасиет? Еһһһ, мұңлы күндерім өтіп жатты. Сұлу қыздарды би алаңында таңдап билейтін мен сол күннен бастап мектептегі дискотекаға да бармадым. Қалай барам. Ол жоқ. Ол барса мен бар ісімді тастап барар едім ғой. Əрине онымен билеу үшін, билеу бұйырмаса ешкіммен билетпеу үшін)) Уақыт менің жүрек жарамды емдегендей болып, өмір маған қайта күш қуат беріп сөз айтуға қайта оқталдым. Жалғасы келесі блогта))
Әрі қарай

Көз моншағың мөлдіреп қарай берші

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Көз моншағың мөлдіреп қарай берші
Мұң аққандай аспаннан әр күн таңнан —
Жылатқандай мен сені жаңбыр тамған.
Маған арнап жолданған әуез күтем
Самал арбап, жел түрткен әрбір талдан.

Бойда барым — тұнған шер, тұнған шемен,
Ойламағын келді деп бұл дәл сенен.
Әзірге ұнап, жанарды жаулағанмен,
Қазір бірақ қорқамын бір нәрседен:

Мас еткенің қылықпен жанға дем бе —
Паш етпедім атыңды таңғы әлемге…
Менікіндей жүрекпен күмәнданам,
Сенікіндей шын сезім бар ма менде?
Әрі қарай

Мюзикл көрінісі

би өнері
Мамыр айының алғашқы күндері. Таңертеңнен бері күн бір түйіліп, бір ашылды. Ұйтқып соққан жел, анда-санда себелеген жаңбыр ешқандай романтикалық көңіл-күйдің орнауына септігін тигізбейтіні анық еді.
Бірақ, табиғаттың ауыспалы мінезі, әуен ритмі және көпшілік ортасында орындалған би -мюзикл сюжетіне бергісіз көріністі күтпеген жерден көріп қуандым. Мұхит асып, Нью-Йорктегі Бродвей бойындағы мюзикл спектакліне барғандай әсер алдым.
Әрі қарай

Кездесу

Блог - bake: Кездесу
Дәмхана ішіндегі келушілерге арналған барлық үстел басы бос емес. Келушілер саны көп. Үстелдер арасында сары түсті жейде киген «Пицца Блюз» дәмханасының даяршы қыздары аяқ ұштарымен жүгіріп жүр. Біреулерінің қолдарында тағамға толы табақтары бар, екіншілерінің табақтары бос, үшіншілері үстел басында отырғандардың тапсырыстарын алдарына қойып жатыр.

Қызыл костюм киген көк көз, жалпақ бетті орыс әйелге:
-Сіз, жалғыз отырсыз. Үстел басына екінші болып қасыңызға отыруға бола ма? –деп, айтып жатып үстел басына қойылған екінші орындықты өз ыңғайыма қарай жылжыта бастағанда:
-Жалғыз емеспін, –деді жақтырмаған түрімен. Басын шайқап «не деген бассыздық» дегендей айтты, ішіндегі ойы сәл жыбырлаған еріндерінен білінді.

Қолымдағы ұялы телефонға қарап қоям, уақыт түскі үш. Дәмхананың залының ортасына барып келушілерден «босайды-ау» деген үстелді қарауылдап тұрмын. Әлгінде ғана үстел басына отырғызбай қойған орыс әйелі қолын бұлғап маған белгі берді. Қасына барғанша үстел басынан тұрып, жиналып үлгерді.
Әрі қарай

Үнсіз диалог

Түнгі аспан
Түн бетіндегі шыр-шыр, сыр-сыр еткен шегіртке дауысы бәсеңдей берді. Бұлшық еттер шымыр-шымыр етіп тітіркенгендей. Естіледі қатайған деміміз ап-анық.
Әрі қарай

Мың жылдық адам

Халық арасында: Адамды сынауға періште жіберіледі деседі..

Пролог

Қаланың көп қабатты үйлерінің оң жақтағы ақырғы подъезінің алдында 5-6 машинаға арналған кішігірім парковка, подъезден шыға берсең үнемі бір жеңіл көкшіл түсті автокөлік тұрады. Алпысыншы жылдағылар моделі. Қаншама уақыт болды? Бір жыл, жоқ екі жыл… Ешкім елемепті. Қанша уақыт болғанына ешкім жауап бере алмапты.

***

Ирелеңдеген жол, көк дала. Дәу сұр тастар төбеден құлап жерге қадалып, әр жерден тау болып шығады. Жеңіл машина зуылдап келеді. Аяқ астынан сұр тау бастары тұман болып, аспанды аппақ бұлт бірден қаптап, айнала бейуақыттай болып күңгірт тартып, бір мезетте қоюланған бұлттан нөсер жауын гүр етіп жерді сілкіндірген найзағай дауысымен жауа жөнелді.
Әрі қарай

Иятсыз мұғалім

Дене шынықтыру мұғалімі келген екі-үш ай ішінде мектептегі барлық қатындарды құртты. Алдымен бүкіл облыста тапшы, әкімнің жеке өзі қаладан жалынып-жалпайып әкелген информатика мұғалимасын жүкті қылды деген сыбыс шықты. Байғұс қыздың (ендігәрі — қатынның) сабақ кезінде «бүгін физ-ра бола ма сендерге, ағайларың қалай?» деп, сұрастыруы жаман еді.
Сөйтіп жүргенде орыс тілінің практикантының іші де сыр берді. Дене шынықтыру сабағына келіп, айтуға ұмытып кеткен тапсырмасын айта беруінің түрі жаман еді. «Нағыз ұстаз» деуші едік әуелде, қайдағы: д.ш. күні басқа мұғалім болса — келмей кететінінен әлденені аңғарды анайы қауашағымыз. О қыз да (әрі қарай — қатын) бетін басып, келген жағына безіп кетті.
Сосын ел:«апаларын, әжесін, мақанын, інілерін, сіңлілерін жеткізем деп, отырып қалған ғой» дейтін қимия мұғаимасы да үйіне күдікті маршрутпен қайтуды шығарды. Әлгімен қолтықтаспағанмен, күлісіп-сықылықтасып. Оқиғаны модельдеуге келгенде алдымызға жан салмайтын біз, бұл жараса қалған екеудің түндегі қылықтарын өзіміз елестетіп алып, «Ох ағай, ох дон Жуан, ох Темірғали*» деуді шығардық.
Сосын сыпсың коллективке жайылып, арты — мектеп директорының д.ш. мұғаліміне ультиматум қоюына ұласты. «Енді д.ш.-дан Жора ағайларың беретін болады» деген кезде, қыздар көрерге көз керек ағайларынан айырылғанына ах ұрып, жігіттер тегін сексуал пантазиядан айрылғанына қынжылды.


* — жергілікті Казанова, бір бастаңғыда мұрнын шүйіре беретін бір бастықтың қызын тура моншада басжіверіпті деген сыбыс бар.
Әрі қарай

Себепсіз гүлдер.. (личное)

Көп гүлдің ішінде, көп сыйлықтың арасында ең қымбаты себепсіз гүлдер. Ойламаған жерден, тосын сый боп, күтпеген адамнан келген бір шоқ сәлемдеме ерекше ыстық сияқты. Міндетті түрде романтикалық астары болуы қажетті емес, әрине. Кей уақыт,құр, қараптан қарап біреу ықыласын білдірсе, достық сезімін айқындаса, тіпті кезінде тұтанған, бірақ лап етіп жанбай қалған сезімннің белгісі ретінде сыйға гүл жіберсе есте де, жүректе де қалады екен.
Болмай қалған, бұйырмай қалған сезімнің қалдықтары шығар. Біреуге жар, біреуге әке болып үлгерген адамның есінде әлі де бар екенмін. Рахмет, мачо.
Әрі қарай

КерекИнфода Романтика апталығы



Осы аптада мейлінше махаббат тақырыбында жазбалар жазып көрейік. Жазу міндетті емес әрине  Жазу үшін жазбаңыз, яғни өз өзіңізді қинап. Бұрын осы тақырыпта жазылған жазбаларды да бір қопарып шығып, эфирге шығару да сәлемденеді.

P.S жаңа жазбаларды мүмкін болса осы қауымдастыққа жазыңыздар.
Әрі қарай

Амур aka Эрос

Менде бір керемет сюжет бар...: Амур aka Эрос

Бірінші бөлім. Қыз

«Айка! Айка! К тебе!»

Қоңсы орналасқан киім сатушы Светлана Павловнаның зор дауысын қатардың мына басынан естіген ол дүкеніне қарай тапырақтай жөнелді. Айналдырған алты ай бұрын ғана бәліш, тоқаш сатып жүрген Айка бүгін білдей бір киім бутигінде жұмыс істейді. Күн аяғында келіп бастығының есеп-қисап жасап кететіні бар, ал былайғы кезде өзі би, өзі қожа.

Оның үстіне ер адамдардың киімін сатқан да қызықтырақ болып шықты, осы жұмысының арқасында жігіттермен сөз қағыстыру өнерін де біршама меңгеріп алды.
Әрі қарай

Ал содан соң...Ya Sonra...

Ақпан айында шыққан фильм еді, барып көре алмадық, сонымен интернетке шықса қарап аламыз деп жүргенбіз. Кеше ғана мүмкіндік туды соны көруге. Фильм «Ал содан кейін ше»  деп аталады. Сценариін жазған әрі режиссері Өзжан Дениздің (Маусым түніндегі Байрам) өзі екен. Басты рөлдерде өзі, сосын Дениз Чакыр (Ферхунде). Ферхунде ойнайды деген соң тошно жақсы кино деп ойлағанбыз, солай екен. Кинодағы сомдаған рөлдері Адем мен Дидем.
Әрі қарай

Wicker Park

(80.38 Kb, 500x375)
Бұл фильмнің экранға шыққанына 7 жыл болыпты, ал мен бүгін көрдім.

Кеше түстен кейінгі уақытта жүрегіме жақын бір қыздың блогын ақтарып, суреттерін қарап отқам, осы фильмнің ұнататынын жазып, суреттерін іліпті.
Әрі қарай