Үнсіз диалог
Түн бетіндегі шыр-шыр, сыр-сыр еткен шегіртке дауысы бәсеңдей берді. Бұлшық еттер шымыр-шымыр етіп тітіркенгендей. Естіледі қатайған деміміз ап-анық.
Сол кезде жан:
-Жүрек, дем алуға мұрша бер, сыр ашылмас асыққанға.
Төс:
-Тосамын өзіңді.
Қол:
-Алар едім құшаққа.
Ақыл:
-Асықпа, жан…
Ғашықтар:
-Қайда біздің жұлдыз, қарап едік аспанға.
-Әне, жарқырайды жарық болып бәрінен!
Жарқ етті де жарық жұлдыз:
-Куә болам серттеріңе, берген сәулем астында, -деп көктен дауыстады.
Жігіт:
-Көтеріп едім иегімді, айналып келдің алдыма, естіп соққан жүректі.
Қыз:
-Абай бол,- деп алақанмен үстінен басып жұбатты.
13 пікір