Үнсіз диалог

Түнгі аспан
Түн бетіндегі шыр-шыр, сыр-сыр еткен шегіртке дауысы бәсеңдей берді. Бұлшық еттер шымыр-шымыр етіп тітіркенгендей. Естіледі қатайған деміміз ап-анық.
Сол кезде жан:
-Жүрек, дем алуға мұрша бер, сыр ашылмас асыққанға.
Төс:
-Тосамын өзіңді.
Қол:
-Алар едім құшаққа.
Ақыл:
-Асықпа, жан…
Ғашықтар:
-Қайда біздің жұлдыз, қарап едік аспанға.
-Әне, жарқырайды жарық болып бәрінен!
Жарқ етті де жарық жұлдыз:
-Куә болам серттеріңе, берген сәулем астында, -деп көктен дауыстады.
Жігіт:
-Көтеріп едім иегімді, айналып келдің алдыма, естіп соққан жүректі.
Қыз:
-Абай бол,- деп алақанмен үстінен басып жұбатты.
bk
Бөлісу:

13 пікір

torgai
Ғашықтың тілі тілсіз тіл…
bake
Бозбалалықта алғаш және соңғы рет тілсіз сүйдік. Қолым жетпеді, қиялда қалды. Қайталанбады.
asaubota
керемет суреттеу!
bake
«Мың жылдық адам» деген қиял әнгімемнен алынған үзіндіні қайта өңдеуінен шықты. Барлық Керекшілерге алғыс, сын айтылмаса өңделмес еді…
Hetrou
түсініксіз бірдеңе
bake
Әр жазбаның өз орыны, толқыны бар демекші қазір әр түрлі толқындамыз. Бір толқында болу міндет емес. Пікіріңді қабыл алдық
Hetrou
«Дауыс» сөзіне тәуелдік жалғауы жалғанғанда ы әрпі түсіп қалады: дауыс-даусы, орын-орны. Бірінші сөйлемде «даусы бәсеңдеп қалды» деген сөздердің арасына үтір қойылмайды. "-Асықпа, жан..." дегендегі «жан» сөзі — қаратпа сөз, қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Бұдан басқа да қате жетерлік. Грамматикасына — арық 3, мазмұнына… мазмұнын түсіне алмадым.
ken
Хетроу, дұрыс айтасың. Ереже бойынша солай. Бірақ көбі сонда да «дауысы» деп жазады. ТВ, газеттерде де солай жазады. Қазір екі нұсқаны да дұрыс деп қабылдай берсе болатын сияқты.