Мың жылдық адам

Халық арасында: Адамды сынауға періште жіберіледі деседі..

Пролог

Қаланың көп қабатты үйлерінің оң жақтағы ақырғы подъезінің алдында 5-6 машинаға арналған кішігірім парковка, подъезден шыға берсең үнемі бір жеңіл көкшіл түсті автокөлік тұрады. Алпысыншы жылдағылар моделі. Қаншама уақыт болды? Бір жыл, жоқ екі жыл… Ешкім елемепті. Қанша уақыт болғанына ешкім жауап бере алмапты.

***

Ирелеңдеген жол, көк дала. Дәу сұр тастар төбеден құлап жерге қадалып, әр жерден тау болып шығады. Жеңіл машина зуылдап келеді. Аяқ астынан сұр тау бастары тұман болып, аспанды аппақ бұлт бірден қаптап, айнала бейуақыттай болып күңгірт тартып, бір мезетте қоюланған бұлттан нөсер жауын гүр етіп жерді сілкіндірген найзағай дауысымен жауа жөнелді.

Күннің аспандағы жолының көбісі жүрілген уақыт. Бір-екі сағаттан соң күн қызарып көкжиекке батады. Таулардан түскен көлеңке даланы ала -ғұла қылады. Көрініске жауыннан кейін әр жерде қалған көлшік судан шағылысқан сәулелерді қоссақ, бір сыйқыр үстіне тап болғандайсын.

Қандай себептен белгісіз, үлкен жолдан алыс кеткен жеңіл машина қалың жасыл шөпке батып қалыпты. Машина төбесінде орта бойлы, аққұба, жүзі дөңгелек, өткір көзді жас жігіт жан-жаққа көз салып тұр. Екі қолы шалбар қалтасында.

Өз -өзімен сөйлейді:

-Айтпа деймін, не маса -шіркей жоқ! Мынандай қалың шөп өскен жерде ұсақ шыбын болушы еді, барар ма едім сол көлді іздеп?! Кім сол көл туралы айтқан? Көрші ата ғой… «Бүгін бару керексің, бақыттыңды табасың, жолың жеңіл болады»- деп айтып болмады. Неге сол адам соншама болды?.. Жігіт өкінген күйде екі қолын шалбар қалтасына салды.

Амал жоқ, мына таңсық белгісіз жерде машинада түнеуге тура келеді. Кабина есігін жауып, шыныларын көтеріп ұйықтайын деп ыңғайланды. Қас қарайды. Айсыз түн. Түнгі аспандағы қалың бұлт жұлдыздарды көрсетпей тастады. Жігіттің дем алғаны, жүрек соққаны өзіне анық естіледі. Орнаған тыныштықта бойындағы тамырындағы қанның сырылдап аққаны естілгені қалды. Денесі қалдырайды, түн суық. Сәл уақыт өткен соң бір сәуле жарық нұрын төкті.

-«Есбол, тұр сабағыңнан қаласың» -деген анасының дауысынан селк етіп, көзін ашты. Терезеде аққан жауын суы төмен жол салып, жоқ болып кетеді. Сондай мұңлы көрініс…

-Жылы киіндің бе?

-Иә, анашым! -үстіне жалмажан курткасын іле салған Есбол пәтер есігінен шыға бастпалдақпен жүгіріп келеді…

… Көрші тұратын қария. Тоқсаннан аяқ аттаған, кішкене көздері тереңнен жаудырайды. Қара торы жүзі, иегіне жиырылып түскен бет терісі, көз астында терең жол болған әжімдері қария өмірінен сыр шертетіндей. Басындағы ақ тақиясы әжім басқан маңдайын жасырып тұр.

Есбол қария жанынан өтіп бара жатқанда:

-Көк дала қалай екен?- деген сұрақты естіп, кілт тоқтады.

Есбол еш нәрсені түсінбеді. Қария ары қарай ойын жалғастырды:

-Балам, сен көрген түс емес! Машинаның көк далада шөпке батқаны рас.

Есбол ұмытып үлгерген елесті көз алдына түсіріп көрді. Қария сұрақтарына жауап бергісі келмеген соң:

-Сабаққа кешігіп барам- деді.

-Бүгін кезіккен адамға сәлемінді бер!
Есбол еш нәрсе түсінбеді, жүрісін жеделдетіп оқу орнына кете берді.
Есбол ертеңгісінде түстен кейін есік алдында отырған қарияны тағы да көрді. Үндеместен қасынан өтіпекші болғанда:
-Балам… -деді. Қария қолымен орындықтағы бос орынның үстін алқанымен соғып, қасыңма отыр деген ишара жасады. Есбол қаны қызу, жылдам ісін шешіп, өзіне сенімді жас жігітке айналған кезі еді. Қарияның көзден аққан жасы оған тежеу болды. Әйтпегенге кім білер еді…
Есбол үндеместен, қария қасына отырды. Қарт адамда ешкім де елемейтін. Ешкім онымен ерекше сөйлесіп көрген емес…
-Есбол, балам, мына алдыңда тұрған машина менің кіші ұлымдікі болатын. Машина табылды, ал өзі жоқ…
-Не болды?
Қария Есболға қарап:
-Кім біледі?-деп күрсінді де, ойын ары қарай жалғастырды:
-Басқа әңгіме айтып берейін. Сен ауылда төртінші сыныпта оқып жүргенде, сыныбыңа жаңадан қыз бала келді. Ұялғаннан екі қолыңмен сөмкеңнің құлағын қыса бердің. Мұғалімдерің оқушылармен таныстырып жатқанда көзімен бүкіл сыныпты шолып өткенде бір балаға көзі түсіпті. Кімге екен?!.. -деген қария күлімсіреп Есболатқа қарады.
Есболат, қарияның мейрімді күлкісіне «білмеймін» деген мағынада күлімсіреп, жауап қайырды.
-Оқу бітірдіңдер, мектептегі ақырғы күндер, қоштасу кеші, сен келмей қалдың,-Есболдың бет жүзі өзгеріп кетті, -Қыз болса сені тосты сырын ашпақшы болып.
Есболат таңқалған күймен:
-Қайдан білесіз не болғанын?- деді.
-Білем, білем, балам. Мектеппен қоштасу кешіне келмегенің, жолдасыңмен ұрсысып, төбелескенің, көгерген көзбен келуден ұялғаның… мен бәрін де білемін…
Есбол ұялғаннан тұрып кетпекші бола бергенде, қария білегінен ұстап алып:
-Кеше тағдыр ол қызбен сені тағы екінші рет қосты- деді.
Есболат еш нәрсені түсінбей отырып қалды. Кіммен? Жазира ма, әлде Алмагүл ме? Шешімін таба алмай, қарияға қарады. Қария оның ойын байқап:
-Кеше кім бұйра шаштарын маңдайынан самайына ысырып жинай берді?!
Есбол ойына коридордың бойында өзінің кластасты Мақпалды кездестірген. Айтарлықтай ешнәрсе болған емес. Мектептен кейін бірінші рет кездескеннен кейін қуанғаннан бетін сүйді, бір -екі сөздің басын қайырды. Сонымен екеуі екі жаққа жүре берген… Бар болғаны сол ғана.
Мақпал ешқашан оған ұнаған емес, сыныптағы қыздардың біреуі. Мақпал болса оған қатысты көзге түсердей еш нәрсе жасамапты. Есбол мектепті бітіргенде болатын «мектеппен қоштасудың» кешіне бара алмады, Мақпал оны тосты, бірақ келмеді. Осылай ішкі сыры ашылмай қалды. Есбол болса өз бетімен жүре берді. Қария айтқаны Есболға еш әсер етпеді. Тек таң қалғаны Мақпал және ол… Жоқ, келіспейді! Жазира әлд қайда ашық Мақпалдан, сөйлей береді! Қария:
-Тағдыр сендерді үшінші рет кездестіреді, бірақ себепкер өзің боласың.
Қария айтып болғанын білдіртіп, екі қолымен таяғына сүйеніп отыра берді.
Есбол таңертен төсегінде ары бері аунап жатыр. Түсі:
Құлағына сылдырлаған қоңырау дауысы естіледі. Жұтынса тамағы ауырсынады, көзін ашайын десе, тік түскен күн сәулесі аштыртпайды. Қоңырау сылдыры жақындап келеді. Бүкіл денесі ыңғайсыз жатқаннан ауырсынып, тіреніп басын көтере алмайды. Түнімен жүк тасығандай. Көзін ашты, сылдырлаған қоңырау жаққа қараса, мойнында қоңырауы бар ақ түйе. Үстінде көрші ата отыр.
Есбол оянды. Терезесінен түскен күн сәулесі бөдмені жап -жарық еткен. Гүр -гүр еткен екі машина. Біреуінің краны бар, екіншісі бортты жүк таситын. Біраздан соң ауладағы тұрған ескі машинаны бортты машинаға тиелді. Есбол терезеге қарап қоят, қария ұлының ескі машинасы орнында тұрған секілді, бірақ жоқ!
Таңғы ас ішіп отырып Есбол анасына:
-Мама, бізге көрші тұратын ата көрінбей кетті ғой,- делі.
-Неге сұрадың? Бізге ешқандай көрші ата тұрмайды.
-Жоқ, қазақ ата?
-Бізде, подъезде, үстімізде қазақ әжесі, үлкен адамдардан. Жалғыз тұрады.
Есбол қарияны есік алдынан байқап көрді, бірақ кездістіре алмағаны.

Біршама уақыт өтті..., студенттік өмір артта қалды:

Күндер өтті, Есбол Мақпалдан хат алды:

«Арманым менің. Сол бір кез балалық шақ еді. Жаздың шілде айында ауыл сыртында қара жолда жалғыз қалғаным. Қара жол болғанда -сұр топырақ, мүжіле-мүжіле майда құм болған. Аяғымдағы аяқ киім қажаған соң шешіп тастадым. Тоңазып барам, бірақ аяқ астындағы құм болған топырақ жып –жылы.
Тура алдымда шығыстан толық ай шықты. Бетіме ай сәулесі түседі, арттымда көлеңкем ұзын болып, біраз жүрген соң жер шетіне жетіп, айға жақындап қалғанымды сездім…
Айналамда жұлдыздар. Қасымда болсам не істер едің?»

Есболдың жауабы:

«Қол созып қасыма тартар едім. Шырт-шырт, сыр-сыр еткен шегіртке дауысы бәсеңдей берді. Шымыр еткен, дене бұлшық еттері, тіркенгендей.
Естілет деміміз қатайған анық бір-біріміздің. Жүрек, дем алуға мұрша бер, сыр ашылмас асыққанға. Төсіме төседім арқаңды, қолым алды құшаққа.
Асықпа жан, қайда біздің жұлдыз, қарап едік аспанға. Әне жарық бәрінен! Жарқ етті жарық жұлдыз. Куә болам серттеріңе, берген сәулем астында.
Естілет көктен дауыс. Салқын жел соқты, қайрылды шашын самайңынан, әкеліп нәрді тәнді еткен. Көтеріп еигімді, айналып келіп алдымда, естіп соққан жүректі. Абай бол деп алақанмен, үстінен басып жұбаттың.
Қиял -арман, өкініш...».

Мақпалдың балалық махаббаты талай рет оны жамандықтан сақтап қалды. Өзінің беріктігіне қарай күйеуіде сондай болды. Бақытты өмір сүрді.

Эпилог

Қанша жылдар?! Мыңдаған жылдар, ғашықтар ашқан сыр. Ғашық тілер, пәктігіңе күмән келтірмей…
Әрине адам жасамас мың жыл, бірақ жүр арамызда қария, жас жігіт немесе қадірлі әже, жас қыз мың жылдық даналықты бізге жеткізген. Әкелген емес ғасыр өткен жылдардың даналығын, өткеннің даналығы жалғаспаса ұрпағына. Қол үзбе, сенде де бар ұрпақ
Бөлісу:

17 пікір

asaubota
күрделі екен
bake
келесі жолы күрделі, түсініксіздеу деген жазба жазар алдында қысқаша мазмұнын жазып, түсініксіз жерлеріне түсініктеме жазып, оқимын дегенге негіз жасап қоямын
konvict
Меңгере алмадым. Көп әріп болса да оқып едім, өкініп қалдым
bake
Өкінбеңіз, әңгіме түсініксіздіеу болатыны себебі де бар, фэнтезии стиліне еліктеп жазғаным, біріншіден материалды емес «түсініксіз» кейіпкер бар. Екіншіден екі жас Есбол мен Мақпалдың арасындағы қарым-қатынас сипаталады. Материалды емес және материалды дүние өзара Есболдың көрген түсімен, елестері арқылы жалғасады. Түсңніксіз кейіпкерге келіп тоқталайық. Қайдан белгәсіз пайда болған қария. Қария Есболатпен сұхбатқа түсет. Есік алдында тұрған ескі машина өмірде бар, шал болса о дүниеден кете алмай тірі мен өлінің арасында машина маңайында махабаттын іздеп кеткен ұлын тосып жүр. Осы машинамен ұлы сүйетін қызды іздеп кетеді бірақ өзі із-түссіз жоғалады, машинаны иең даладан тауып көп қабатты үй алдына әкелінеді. Қария ұлын күтіп қайғыдан көз жұмады. Сол жерден сүйгенін жоғалтқан немесе байқамаған жас ер адам өтсе оларға елес болып көрініп ескерту жасайды. Егер қызық деп тапсаңыз тағы да байқалынбай қалған тұстары жайлы айтып берейін.
sammita
шамдана кетпей оқырманды түсінуге тырысатыныңыз жақсы екен
bake
әңгіме оқырмансыз ашылмаған сыр, оқырман сырын ашсын деп жазамын
Rafaello
Күшті! Еш түсініктеме керек емес. Әңгіменің аурасын бұзба
ken
Есбол мен Есболат екеуі бір адам ба?
bake
екеуі бір адам. Көңіл бөліп оқығаныңызға алғысымды білдірем, өмірде прототип болған жігіттің аты Елдос. Мақпал мен Елдос өмірде бар адамдар. ШҚО, Бозанбай аулында екеуі мектеп бітірген. Мақпалдың естелігі негізінде жазылып кеткен әңгіме, періште кейіпіндегі ата- көрші ата пәтеріме көрші болып тұрған. Есболды түсінде сипатталған жер ШҚО мен бұрынғы Семей облысының шекарасындағы Айыртау мен Мың шұңқыр жердің атауларының арасындағы алқап. Әңгімедегі машина дүниеде шын бар, менің подъезімнің алдында иесіз қоқысқа шығарып тастағанға дейін тұрған «Запорожец» машинасы
ken
түсініктемеңе рахмет.
дәл осы сияқты Петька мен Чапаев та, ақтар әскері де өмірде болған адамдар ғой.)))))
bake
Бұл бар жоғы қиялмен өмірдің өмірдің симбиозы, Петька мен Чапаев анектод кейіпкерлері, адамды болса арман өмірде жетектелейді, анектод болса бір рет езуін жимитқанға жеткізеді, жанрды шатастырып отырсың ау деймін. Қандай болсада пікір білдірдің, еңбегіңе +1
Gastarbaiter
Сюрреалистік сюжеттер, мистика, керемет. Тек сыр құпияңды қатты жасыра берме, әйтпесе мақсатың сол екен деуге болады.
AyaulymToleubek
негізі одұрыстап оқыған адамға түсінікті. бірақ кейбір сөздер дұрыс қолданылмады ма екен? сондай бірдемесі бар. жалпы жаман емес
berkut
өзі түсінбеген шығармаға «түсініксіз» деп полеттің тұқылын бышшшш еткізіп баса салатын халық тек қазақ қана шығар?
bake
мәселені аша түсу үшін сәл тақырыптан алыстау мысал келтірейін. Бірде телевизорда жүгірме жолда (бегущая строка) келесі хабарландыру жүріп барады: «Жүк тасмалдылығы 10-12 тонна өзінен -өзі жүкті аударатын машина керек тел: ХХ-ХХ-ХХ». Тура дәлме-дәл аударып жіберген «самосвал» деген сөзді, кейбір қолданыстағы сөздер орыс тілінен, араб т.б. тілден енгені анық.
Жаңа ойға көшейін. Ортақ тіл жалпы білім беретін мектептің әдебиет сабағымен аяқталатын секілді. Қазір осыны оқи сала біреуі асыға олай емес деп жазуы мүмкін. «Керекинфо»-ның негізгі қолданушылары гуманитарлық профилі (гимназия, тіл факультатеті т.б.) білімді адамдар, сіздерді сөз қылып отырған жоқпын.
1) Барлық қолданушылардың тіл меңгеру деңгейі бірдей емес. Көбінде индукция әдісімен ой қорытқанға асық тұрады.
2)Қазақстан үлкендігі соншалықты шығысы мен оңүстігі тілін бері қойып әдет ғұрыптарына келіспей жататын кездері бар. Қазіргі кезде тіл меңгеру деңгейі жергілікті ортаға, яғни көріп білгеніне тығыз байланысты. Тілім бай болсын деп әдеби, техникалық немесе арнаулы мазмұнды кітапты оқып жүргені шамалы. Бірдеңе десең "қазақша әдебиет жоқ" деп шыға келеді. Киоскіде жатқан газетті, кітапханада тізілген кітаптарды көрмейді ғой.
3) Тексте бір әріпте қате кетсе «ха-ха» дей отыра пікірін жаза береді, ойша қатені түзетіп оқи бермейді, өзінің базалық сауаттылығын дұрыс мағынада қолданбайды. Яғни оларға сауаттылық керек сауатылықты қолдану үшін емес, сауаттылық бар екендігін көрсету үшін. Осындай түсінуге қиын құбылыстар болып қалады))
bake
«Самосвал» сөзінің аудармасы туралы мысал келтіріп айтайын дегенім. Тура мағынада сөзді аударғандай астарлы ойды тура дәлме-дәл ұғады, бетіне шығарып өңдегенге ерінеді