Көз моншағың мөлдіреп қарай берші

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Көз моншағың мөлдіреп қарай берші
Мұң аққандай аспаннан әр күн таңнан —
Жылатқандай мен сені жаңбыр тамған.
Маған арнап жолданған әуез күтем
Самал арбап, жел түрткен әрбір талдан.

Бойда барым — тұнған шер, тұнған шемен,
Ойламағын келді деп бұл дәл сенен.
Әзірге ұнап, жанарды жаулағанмен,
Қазір бірақ қорқамын бір нәрседен:

Мас еткенің қылықпен жанға дем бе —
Паш етпедім атыңды таңғы әлемге…
Менікіндей жүрекпен күмәнданам,
Сенікіндей шын сезім бар ма менде?

Жарайды енді!
Келеміз жарасымға
Арай белді алтын көл жағасында.
Нұрлы көктем өтсінші өзіңменен
Түнгі леп пен таңғы шық арасында.

Шын айтуды неге жұрт санайды ерсі:
Мұңайтуды уақытша санай көрші.
Өзге аңсарым жоқ менің сен тұрғанда,
Көз моншағың мөлдіреп қарай берші.
Бөлісу:

64 пікір

Aya
Мен сізді ақын деп танымай жүрсем, тек ұйқастырады деп)))
Бойда барым — тұнған шер, тұнған шемен,
Ойламағын келді деп бұл дәл сенен.
Мына жолдардан өзіңізді жақсы көрсетіпсіз, жақсы дегенде жақсы қасиетіңіз емес андай мінезіңізді дәл бергенсіз деп отырмын)
MERmukhanov
тек ұйқастыратын — ол Әкуің сенің, 2 әріп жазса сен қолдай түсетін. кейде тіпті әріп жазбай-ақ…
AKY
Әнааң ғараа, тіпті қайтед мынау өзінше звездагы ұстап)))
Жазғанбыз біз де кезінде махаббат өлеңдерін о несс тегі
ken
«түсімде сен батырым» деген жолдары бар ма))
Aya
Бірақ енді бұл өлең жолдарынан шын ғашықтықты, ес-түссіз махаббаты көре алмадым. Иә, тек ана жолда айтылып кеткен аңсарлық қана бар екен. Бұл әлгі қазір өзім оқып жатқан «Госпожа Боваридағы» мұңлық Эмманың ашынасы Родольф мырзаның сүйіспеншілігіндей ғана дүние. Ол деген жеме-жемге келгенде өлеңдегі «мөлдір көз» үшін жанын пида ете алмайды деген сөз. Ал бұл мен үшін жаман)) Бірақ өлең өлең, өмір басқа ғой.
MERmukhanov
 иә, мен де байқадым.
AKY
Үйбәй-үйбәй)))))))))))))))))))))
AKY
Қыздарға жазған пікірлеріңе қарап асексуал деп жүрсем сен
MERmukhanov
 кет и бар
көрінген қызға көрнекті кәмент жазсам,
салынған суретке сүйсіне кетсем,
әдемі әрге әуестене берсем,

индивидтігім, әділдігім, бірсүйерлігім мен иманым қайда қалар?
<br

деп жіберсем, ә?
ой пооооооййй, уахахахаха, күлкілі
AKY
Әне тағы қылаң берді сол бір қыр
sammita
титтей балада нең бар, апашкі
AKY
Құрысын, өзіммен қатарлас қой)
MERmukhanov
титтей????
бугага)))
MERmukhanov
Авам адастырған шығар сізді.
Енді қалай, ересек көрінем бе?
sammita
89 жылғы, АКУ-дан кішісің ғо
Соңғы түзету:
MERmukhanov
Как вы тонко указали на ее возраст
sammita
мүлт жібермей, дәлдеп келтіріп қалу керек, балам
AKY
Бәрібір сенен жаспын
AKY
Сьен дье қатырывоцың ғо))))
MERmukhanov
оффтоп өзара жастарыңды санағанша Аятайдай өлеңге қатысты пікір білдірмейсіңдер ме?
Соны да аноооооу Ойылдан келіп мен айтуым керек пе сендерге?
AKY
Аятайдай сөз бағалау қайдаааа бізге))))))))))))))
AKY
Маған еліктеп ава ауыстырып қойыпсың ғо
Өз інім ғой, үй, жәні!
MERmukhanov
апай щегол деп ойлап қап жатыр
лібә, әку, кәрі құсамаш сосын, інім деген біртүрлі естіледі екен))
AKY
Екі жас үлкендігімді бетіме басып жазып кетіпті ғой апайың))))))))
Anar70
 өлең ұнады.
MERmukhanov
Сізге ұнаса болды!  
Қараңыз эксперименталды өлең:
1 // 2 // 3
Мұң аққандай // аспаннан // әр күн таңнан —
Жылатқандай // мен сені // жаңбыр тамған.
Маған арнап // жолданған // әуез күтем
Самал арбап, // жел түрткен // әрбір талдан.

Бүкіл өлеңде жолдардың 1 және 3 бөліктерінің орнын ауыстырса, мағынасы сол, бірақ басқаша ұйқасты өлең шығад
AKY
мақтаншақ АБ!
MERmukhanov
АБ — деген Асқар Базарбай!

Әрине, мақтанщақ!
Бірақ ол бәрібір шығад.
Сен — мектебіңнен шыққан жалғыз Асқар Базарбайсың!)))
Anar70
Қарадым, бірақ, мен өзімше эксперимент жасап көрдім))))))

Роза Әлқожаның орындауындағы «Бағаламадың» әніне салып айтып та көрдім

Аспаннан // мұң аққандай // әр күн таңнан —
Мен сені // жылатқандай // жаңбыр тамған.
Жолданған // маған арнап // әуез күтем
Жел түрткен //самал арбап // әрбір талдан.
Соңғы түзету:
MERmukhanov
ммм, мен мұндай қара өлеңдерді (11-12 буындық) үнемі айтыстағы мақамыма салам
Аманжол, Сараның мақамы )
та та та, тата-тата, тата-тата деген
abzalsariyev
Жарайды енді!
Келеміз жарасымға
Арай белді алтын көл жағасында.
Нұрлы көктем өтсінші өзіңменен
Түнгі леп пен таңғы шық арасында…
Қалай өргенсің и, базар жоқ!
nurshat-alimkyzy
әдемі. сезімге сенімді болыңыз, жанарына ғана емес, жанына да құлай ғашық болғайсыз.
Abilakim
Олжас Қасым, Табиғат кезеңдерінен кейін Керекинфода кезіктірген ақыным сен болып отырсың. Керемет!
sammita
Әбіләкім келді дегенше,
Ақын келді дегейсің©
Abilakim
Сіздің құрметіңізге соңғы өлең жолдарымды ұсынамын!
Сен кетсең…
Сен кетсең- таң атпай қояды
Сен кетсең-күн батпай қояды
Сен кетсең-шәйнек қайнамай қояды
Сен кетсең-балалар ойнамай қояды
Сен кетсең-кимдер жуылмай қалады
Сен кетсең-пеш етті қуырмай қалады
MERmukhanov
Мына өлең менікі емес… деп санап, мен өзім типі объективті сынасам, қалай болар еді?.. Мен қалай көрер ем:
Мерейдің Мерейге сыны

Біріншіден, саған сын жазғаныма мәз бол. небір құсық көріп жүрм, так шо, мәз бол. құрмет деп ұқ талдағанымды.
ұйқас құрылымы — базара нет. Экперименталдығы дегенде, өзіңе экспериментал ғо, былай бұған дейін талай ақын жазған. Мұндай өлең аса қиын, бірақ көрнекті боп шығады. 4 шумағың «заезженный» ұйқастармен берілген сияқты, алайда парадоксальді — ең көркем шумағың да осы боп көрініп тұр.

Өлең атауы зор. Лап-лап! Бірақ өзіңнің айтуың бойынша, атын қойған сен емес екен. Онда еңбегің жоқ… Хм, негізі, қойып берген қыздың да еңбегі жоқ, себебі, соңғы жолды атау қыла салу менің қолымнан да келеді.

Мұң аққандай аспаннан әр күн таңнан —
Жылатқандай мен сені жаңбыр тамған.
2 бірдей шығыс септігіне орай қағытқым келіп еді… Бірақ мағыналық жағынан 2 түрлі рөл атқарып тұр, сол себепті аса кінәрат таба алмадым. Ұйқасуы лайк!
«Жылатқандай мен сені жаңбыр тамған.» — оооо, уаау!
Бірақ, шынымен, мен түсінбедім, ол қыз сен үшін жылап үлгерген бе? Причем сорасын ағызып? қыртасың. ну, лан, өлеңге бәрі жарасады.
Маған арнап жолданған әуез күтем
Самал арбап, жел түрткен әрбір талдан.
— жап жақсы. Бірақ тал деген сөз өзіме қызық көрінеді, білмим енді.

Бойда барым — тұнған шер, тұнған шемен,
Ойламағын келді деп бұл дәл сенен.
Әзірге ұнап, жанарды жаулағанмен,
Қазір бірақ қорқамын бір нәрседен:

ай, ит-ай! Шынымен, тас жүрек ит екенсің! Бірақ табиғилығыңа рыспек!
Бір ойды артық-кемсіз бір шумаққа сыйдырыпсың да...
Қорықпа алда!
Мас еткенің қылықпен жанға дем бе —
Паш етпедім атыңды таңғы әлемге…
Менікіндей жүрекпен күмәнданам,
Сенікіндей шын сезім бар ма менде?
негізі, пезнес боп тұрған жігіттің сөзі. че за понт?  көркем бірақ енді… бірақ екі ой вроде тоғысып тұр, типі салдары сияқты. Бірақ бәрібір әдемірек байланытсыруға болар еді.

Жарайды енді!
Келеміз жарасымға
Арай белді алтын көл жағасында.
Нұрлы көктем өтсінші өзіңменен
Түнгі леп пен таңғы шық арасында.
уоооот, атты!!! токо арай белді алтын көл деген қалай? қасында бел жатыр ма? отсров емес шығар енді.
Түнгі леп пен таңғы шық арасында.
мынаған бітірвалдым...


Шын айтуды неге жұрт санайды ерсі:
Мұңайтуды уақытша санай көрші.
Өзге аңсарым жоқ менің сен тұрғанда,
Көз моншағың мөлдіреп қарай берші.

шынымды атайын, осының алдындағы шумақтан кейін мына 2 тармаққа қарным ашып қалд. Жоқ "Өзге аңсарым жоқ менің сен тұрғанда,
Көз моншағың мөлдіреп қарай берші." — әңгіме жоқ Көз моншағыңңң… қандай күщтііі сөз!
оның алдындағы екі тармақ, сукі, романтиканың бәрін бұзжверд, не суреттеу, не қызға қаратпа сөз жоқ  жоқ, допустимо, просто әдемі аяқтай ма, жұп жұмыр қыла ма деп ем… кидать етіп кеттің...

формасына әңгіме жоқ, 11 буын — 4-3-4 везде — мінсіз, бро!
В целом, романтиктер қолдана алмайтын көркем сөздер мен циник көзқарасты, жалпылама тіркестерді тіркеген қоймалжың бопты. ұқсамайды енді әқіндәрдің әдеттегі қызға арналған әдемі өлеңіне. Как бы сонысымен ерекше бірақ. Бірақ, махаббат жайлы жазбащ алда, лақтырып кетесің!((
AKY
Не деген өз-өзіңе зацикленный адам едің.
MERmukhanov
иә, ал сен маған зацикленный
өзіңді өзің сынау менее болезненно, жұрт жляйД)
қаласаң, сенің бір өлеңіңді талдап берейін. т
Соңғы түзету:
AKY
Өзіңе цикл жасай бермеш)))
MERmukhanov
неге? жасайын да.  конкурента не хошешщщ?
AKY
о, боже, қайдан келген мнимость бұл?
MERmukhanov
туғанда алтын табақтағы араққа құлатып алыпты.
AKY
Өзіңді-өзің сынап отыр демес ем бұл жерде
Ал менің әлгі нелерім сынауға да, мақтауға да зәру емес. Тіпті назар аудармасаң да, елемесең де болады.
MERmukhanov
лібә, сиырдан сериозни((((
кетч бар
Abilakim
Сиырға АКУ жайлы айтсаңда, АКУға сиыр жайлы айтпа…
sammita
Марконың жануар асырап қарық қылмағанын оқығанда, күлдім есіме АКУ түсіп
Anar70
))))) дем ала алмай қалдық)))))
Nodar
Онша емес. Онша емес өлең
MERmukhanov
кеңірек айтып жіберш соны
Nodar
Сол барлық дерлік жас қазақ ақындарынан байқалатын жасандылық. Әр шумақты талдап отыра алмаймын, жалпы оқығанда дым эмоция тудырмайды. Жалпы типі сүю туралы, қызға арналу ғо. Бірақ анық ештеңені ұқпайсың. Былайша, өлең талаптарына түгелдей сай, сырты да, ішкі мағына да. Алайда көңілге қонбайды, жаттаймын десең де жатталмайтын өлең. Сорри, ....set magic amico veritas(((
MERmukhanov
жасандылық қо, аха))
келісіп тұрм)
Соңғы түзету:
sammita
дұрыс емес! дәл осы жерде өңешіңді созып айқайлап, дәлелдеп соғысуың керек, сосын… сосын "өңшең қараңғылар" деп сайтты бұқтап кетіп қалуың керек сценарий бойынша
Соңғы түзету:
MamaAya
соны айтам ау)))))))))))))
MERmukhanov
Қойыңдарш… Менің діттегенім де сол — махаббатың бәрі тұнық емес, ес түссіз ғашық болу — әр адамның мінезінің ерекшелігі емес.
Жоғарғы басын төменгі басынан артық қолданатындар қауымынан да кісілер шығармашылықта бар ғой.
Саф. таза махаббат келу жолы әртүрлі, цинизм, сенімсіздік, махаббатты мойындамау, — мұның бәрі де жыр болуға лайық.
жалпы өлең әртүрлі болу керек. Сондықтан, айтқаны, сезімі дұрыс.

Әрине, сонсоң автордың менмендігі, қисықтығы да сезілетін шығар, куда без этого…
Соңғы түзету:
rakisheva
Ол шынымен махаббаттан емес, жәй ойына келген сөздерден құрала салған өлең болғаннан соң солай шығар…
MamaAya
Әркімге әрқалай шығар, енді поэзияны керемет саралап қоям дей де алмаймын. Бірақ бұл жігіттің жарияланымындағы өлеңдер мен үшін ерекше, өзгешелеу. Сені сүйеум тек қана, Басқа ешкім жоқ менде!-емес. Өзінше Менмені жоғары, сонысымен қызықтыратын ақын дер едім. Мұным мақтау да емес, жақтасу да емес, тек өз пікірім.