Гүл алып

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Гүл алып
Гүл алып,
Келемін гүл алып.
Жай ғана. Білмеймін себебін.
Қарсы алсаң болды сен қуанып,
Мен сені шын жақсы көремін.

Сүйікті гүліңді кешірек
Сұрадым.
Қызықтым талғамға.
Көрсеттің нәзікті осы деп,
Гүл алып беруге барғанда.

Келуші ем сондықтан гүл ап та,
Кездесу сәттері туғанда.
Атауын білмеймін.
Бірақ та
Танимын гүл алып тұрғанда.

Сол гүлсіз, не байлық екенін,
Аптамыз өтпейтін біздің бір.
Біреуін, бесеуін, жетеуін,
Ал бірде сыйлағам жүз бір гүл.

Жаным-ау, неткен ең сұлу сен,
Тәнті боп берген әр гүл есте.
Махаббат не екенін ұғушы ем,
Ал гүл — ол жай ғана ілеспе.

Мың гүлден қос жүрек құралып,
Мен жүрдім бақыттан дәмелі.
Гүл алып, гүл алып, гүл алып,
Ол да сен секілді әдемі.

Қисынды бітердей бұл қызық,
Жоспарлап қойғанмын бір анық:
сыйлауды өзіңе бір жүзік.
Әрине, қасына гүл алып.

Болсаң да өзіндей хор қыздың,
Еш нәрсе бұйырмас, сірә, нық:
Өзіңнен хабарды шорт үздім,
Басқа жан жүрсін деп гүл алып.

Ажырау.
Жазылған бар міндет
бір сәтте өшкендей маңдайдан.
Тұп-тура сыйлардай тағдыр кеп
Қоштасу гүлін ап сарғайған.

Көз алмай көкпеңбек еріннен,
Даусымды бәсеңдеу шығарып,
«Мен сені сүймеймін» дедім мен,
Бердім де соңғы рет гүл алып.

Сен түгіл өзім де сезбегем,
Жараны жанымды қинайтын.
Боласың сен менен өзгемен
бақытты.
Ғажап гүл сыйлайтын…

***

… Жарты жыл дегбірді тауысқан,
Гүлдердей мен кеттім суалып…
Жазылмас дертіммен алысқан
Мекенге келдің сен гүл алып.

Білмеймін, естідің кімдерден,
Тағдыр ғой. Осыны қиыпты.
Көзімді алмадым гүлдерден,
Енді олар маған да сүйікті.

Қалпында гүліміз солмаған
Түседі бір жұлдыз шын ағып.
Келесің жиі енді сен маған
Бұл жолы екі тал гүл алып.
Әрі қарай

Көз моншағың мөлдіреп қарай берші

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Көз моншағың мөлдіреп қарай берші
Мұң аққандай аспаннан әр күн таңнан —
Жылатқандай мен сені жаңбыр тамған.
Маған арнап жолданған әуез күтем
Самал арбап, жел түрткен әрбір талдан.

Бойда барым — тұнған шер, тұнған шемен,
Ойламағын келді деп бұл дәл сенен.
Әзірге ұнап, жанарды жаулағанмен,
Қазір бірақ қорқамын бір нәрседен:

Мас еткенің қылықпен жанға дем бе —
Паш етпедім атыңды таңғы әлемге…
Менікіндей жүрекпен күмәнданам,
Сенікіндей шын сезім бар ма менде?
Әрі қарай

Мұқағалиға хат...

Әлемдік махаббат, отан шығармалырының дәрежесімен санасатындай өшпес өлең, поэмалардың авторы, қазақ поэзиясына өшпес із қалдырған шығармалар иесі, ақиық ақын Мұқағали аға сәлеметсізбе? Ең алдымен хәл-жағдайыңызды, тұрмыс-тіршілігіңізді сұрар едім. Бірақ, Алла мұндай мүмкіншілікті менің маңдайыма жазбапты.
Сіз туылғанда қазақ әдебиеті бір сатыға көтеріліп, аспан әлемінде жарық сәуле шашқан жұлдыз пайда болды. Бойыңыздағы қазақтың, Нарынқол жерінің ақындық қасиеті дарығанына қуанғанда шығарсыз. Осы күнде сіздің шығармаларыңызды оқып, өсіп- өніп жүргенім бар. Сіздің өлеңдеріңізді оқи отырып, ақындық қасиетіңізді Пикассо, Леонардо Да Винчи қолындағы қылқаламдай елестетемін. Өлеңдеріңізді оқып отырып әлемдік суретшілер түсірген бояулардың, шығармалардың кескін- келбетін көріп отырғандай әсерде боламын.
Мұқағали аға сіз туылғанда пайда болған жұлдыз әлі күнге дейін жарығын шашуда. Ол жарық біреулерге ем, біреулерге отанға деген сүйіспеншілік, басқасына махаббат, ғашықтық сезім таратуда. Өз заманыңызда лайық бола алмасаңызда қазірде сіздің мәртебеңізді биік, ақиық ақын деп тануда.
Мұқағали аға, сіздің жұлдызыңыз мәңгі биік болып қалады…
Блог - beka95: Мұқағалиға хат...
Әрі қарай

Бұрымды қыз

Марқұм Биғазы Тұтқабеков ағамыздың сөзіне жазылған Тілеулес Құрманғалиевтің «Бұрымды қыз» әнін тыңдай отырыңыздар.
Менің ойымша керемет ән! Сыңсымайды да, беталды жыламайды да, сағынышты дәл жеткізе білген. Орындаушы-Тілеулес ағамыздың өзі.
бурымды кыз

Бұл өлеңді "Қазақ радиосының" қыздарынан алып берген Ербол Азанбекке мың алғыс.
Әрі қарай

Айбек Бекбосын - Кім кінәлі

Айбек Бекбосынның орындауындағы мұңды әнді ұсынамын.

Мөлдіреген қара көздер қараушы еді жасқана,
Сол көздердің тұнықтығын қимаушы едім басқаға.

Кім кінәлі, айтшы маған, аяулым,
Екеумізді екі айырған, кім, кім, кім.
Кім кінәлі, жалыныш жоқ жүрекке,
Кім кінәлі айтшы маған, кім, кім, кім.
Әрі қарай

"Эротикалық жыр жақұттары" қауымдастығы "Сүйісу"

Сайт оқырмандарын ақтөбелік ақын Индира Керейдің жазған эротикалық тақырыптағы өлеңдерімен таныстыруды жалғастыруды жүн көріп отырмын. Аса қадірменді биік талғамдарыңызға келесі бір жақұтты жыр жолдарын ұсынамын.

Сүйістік біз...

Сезінгесін құмарды.

Тәтті әлемнің тұнығына сүнгідік!

Қысылу мен

жатырқау да жоғалды,

Ай мақұлдап…

Тұрды әзәзіл-Түн күліп…

Сүйістік біз…

Құмар текке жата ма?

Сүйісуге дайын қыз бен сай ұлы…

Мен несіне қысыламын, о тоба!

Бұл алғашкы сүйісу ме, тәйірі…

Сүюді аңсап ентігеді қос ерін,

Шөліркеген сезімге олар…

Бұл — анық!!!

Жұлдыз жайып Айға мамық төсегін,

Арым тұрды жанарынан Түн ағып…

Ескертеді Түн саусағын мың кезеп,

Арғы жағы…

Ол құпия әнгіме!

Сүйістік біз…

Сездің бе екен сол мезет,

Құшағында балқып кеткем мәңгіге

Индира Керей
Әрі қарай

"Эротикалық жыр жақұттары" қауымдастығы

Ақтөбе кентінің тұрғыны Индира Керейді естуімше Ақтөбенің әлгі жері қарақты тұрғындарының барлығы таниды. Жалпы Гастарбайтердің муахалаларын анда-санда өз газеттерінде жариялағаны болмаса(сілтеме беріп көрсетіп), нәзік жүрегіде бар. Ол — өлең шығарады. Оның кейбір туындылары — нағыз эротика! Эротика болғанда- махаббат майданындағы от сезiм мен жан толқытқан әрекеттердi сипаттайды. Эротика — айқаласқан тайталас сәттегi сезiм селiнiң сыпайы толғағы, ол порнография, яғни былапыт, дөрекi тiлмен көсiлтетiн күнәһар емес, нағыз пәк тiлмен ашық айтылатын сыпайыгер, ләззәтшiл, рахатшыл мезеттердiң суретi. Аса биік талғамды назарбтарыңызға келесі жыр жақұттарын ұсынып отырмын. Ал алып қойыңдар!

Түн. Қараңғы…
Жұлдыздар жымыңдап аспанда.
Кұштарлық бойды алып барады,
сен маған кұшағыңды ашқанда…
Бiлесің, мен қарсы болмадым,
ойым да ләззатқа бөлендi.
Балқытты ашқарақ қолдарың,
тынымсыз аралап денемдi…
Әлсіреп жетерміз ақ таңға,
жек көрiп күн берер жарықты.
Ләззатқа өртеніп жатқанда,
Бюстгальтер адыра қалыпты…
Айтпашы дәнеме, жөнiңдi.
Соңына жеткенше болшы әлдi!
Қызулы, қайратты қолыңды,
қос анар қасқайып қарсы алды…
Денемдi күйдiрді ыстық сыз,
екеуге куәгер бұл қала!
Әп сәтте қалыпқа түстік біз,
анадан туғандай үр жаңа!
Талықсып, балқимын, түрленем,
Денемді қытықтап суйгенде.
Көктегі қақталдым күнге мен,
Кіндікке ерінің тигенде.
Гүл атып құштарлық көктемi,
Ләззаттың жемiсін бередi!
Үркуге себеп жоқ, өйткені,
үстіме тау кұлап келедi…
Оңаша өзіңмен қалғанмен,
толқыды әйтеуір бұл жүрек.
Сендегі қайратты қанжармен,
тастадың армансыз тілгілеп…
Қайтейiк тән деген тентекті?
Біздерге ол сірә қорғаныс…
Тереңге шын батып, әкетті:
толқындай тербелген қозғалыс…
Сүйе түс! Бал шырын тамады,
теңер ем мен оны бұлаққа!
Шабыстың бiтетiн шағы әнi,
Жағымды үн естілді құлаққа…
… Құмарды кандырып өртеп ек,
ұлы айқас бітті енді қан майдан…
Кеудеңде жатырмын еркелеп,
Сүйгізіп өзіне маңдайдан.


Индира Керей
Әрі қарай

М.Ю. Лермонтовқа арнау


Жастық шақта әркім де өлең шығарады дейді ғой, мен көбіне орысша өлең жазатынмын. Қазақшадан көрі, орысша сыр шерткен оңай еді мен үшін. Көбіне Лермонтов пен Есениннің әсерінде өлеңдер шығаратынмын.
Сондай әсерлердің бірінде, Лермонтовқа арнап
Әрі қарай